КЕҢЕСТЕ КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

КЕҢЕСТЕ КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Өткен жылдан бастап Шу қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына, ондағы түйткілді мәселелерді уақыт оздырмай шешу мақсатында жылдық бюджетін үш есеге дейін арттырған болатын. Қаланы көркейту бағытындағы жұмыстар ағымдағы жылы да белсенді түрде жүргізілетін болады.
Бүгінгі аппараттық кеңесте қалаға бөлінген қаржының қай бағытқа жұмсалғаны, қалыптасқан мәселелердің қаншалықты шешімін тапқаны кеңінен талқыланды. Бұл бойынша қала әкімі арнайы баяндап, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталды. Өз кезегінде қала әкіміне шешімін күткен түйткілдер бойынша тиісті тапсырмалар жүктелді.
Одан бөлек, кеңес барысында аудандағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөніндегі іс-шаралар туралы бөлім басшысы баяндама жасады. Бұл ретте де табиғаттың тосын мінезіне әзір болу, материалдық-техникалық базаны нығайту сынды мәселелер бойынша тапсырма беріліп, өзге де мәселелер кеңінен талқыланды.
Шу ауданы әкімдігі
24.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5261
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5421
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20385
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19020
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22484