КӨКБӨРІНІҢ ҰЛУЫ (Түрік әлемі және Тұран концепциясы)

КӨКБӨРІНІҢ ҰЛУЫ (Түрік әлемі және Тұран концепциясы)

 

Түрік әлемі түркі тілдес халықтардың тарихи-мәдени, этникалық және геосаяси бірлестігін білдіреді. Түркі әлемі – тұтас арман мен үміттің,   өшпес сезім, өміршең тағдыр, өз сертіне адал өмірдің сипаты. Жейһун дарияның асау ағысындай батыл бұла күш пен буырқанған намыстың қайнары. Ғұндар (б.з.д. IV ғ.) Еуразиядағы алғашқы көшпенді империя.

Көне Түрік қағанаты (552-744 жж.) Алғашқы түркі мемлекеті. Орхон жазбалары осы кезеңге тиесілі. Алайда, Түркі әлемінің тарихы мен тағдырының ауыспалы ауыр кезеңдері бүгінгі таңдағы көлеңкелі көрінісінің айғағы.

  Қытайдағы ұйғырлар, Ресейдегі татарлар, башқұрттар, хакастар, тувалар, Саха (Якут) халықтары, Молдова мен Румыниядағы гагауздар, Балқандағы түрік диаспоралары түркі мәдени кеңістігінің құрамына кіретіндігі баршамызға аян. Түркия және Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Әзербайжан елдерінің тәуелсіз қадамына  Аллаға шүкіршілік етеміз. Ұлы тарих – ұл жүрегіне шырақ жағып, ұран оттың алауын үрлейді де тұрады. Жайылған алып орманның жапырағындай сарғайған сағыныштың елесі, мамырлаған қазбауыр бұлттай үлпілдеп төбеңнен ауып бара жатады. Жаһанға дүбір салып, жанпида ғұмыр кешкен ұлы мәдениеттің ізіне қараңыз, құсжолындай қаймақтанып, аспан мен астасып жатыр.

 Ұлы Тұран     Орталық Азия мен Еуразия далаларын мекендеген көшпенді тайпалардың, соның ішінде түркілердің, мифтік және мәдени кеңістігі ретінде қарастырылады. Түркі тілдерінің туыстығы мен өзара түсіністігі санамыздың сандығына жасырған ескі дәптердің парағындай сыр шертіп қоя береді. Біздің бірлігіміздің, бақ пен берекеміздің кілті де сол. Тарихи сана – ортақ жадымыздың тіні және үзілмеген баяны, біріміздің, сонымен қоса, баршамыздың, тұтас түркі әлемінің  тілсіз  үндескен  қан тамырының зәредей лүпілі.   

 

Біз Түркі әлеміміз!.. Өлімнің құрсағынан өмірдің сәулесін іздеп қайта бүр жарған, ақ шағылға біткен сексеуілміз. Жанартауға біткен жалынның өзегіндегі өмірміз. Біздің рухымыздың, санамыздың, жадымыздың тілі, кеудеміздегі жаңғырықтардың тоғысар тұсы – «Тұран» бірлестігі.

Бұрқасын боран, сыбызғы самал, сырлы саз, жел жемсеген ақ семсер, үкілі үміттің алтын бесігі – «Ұлы Тұран!». Қансонардағы бөрі сүрлеу, мөрлі табанның қарлы параққа қадап басқан ізі – Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк болып өз жадыңның кеңістігінен жорыққа аттанып бара жатады. Мен – Кіммін?!..«Тұран» тақырыбына қарай қадам басқан сайын, өзіме қарай жүріп келемін.., назарымды сәл бұрсам болғаны өз болмысымнан адаса бастаймын. Қазіргі таңда бұл ұғым мәдени-тарихи ынтымақтастық пен түркі интеграциясының символы ретінде жаңғыруда. «Тұран» идеясы түбі бір түркі жұрттарының тарихи тамыры мен болашақтағы мәдени тұтастығының темірқазығына, рухани сабақтастығына айналып келеді. Уақыттың қанды өзегінен қаймықпай, түгел түркіге бақыттың кілтін іздеген, бөрілі байрақ ту көтерген  баһадүр бабалардың ұрпағымыз!

 

КӨКБӨРІ БЕЙНЕСІНІҢ ТАНЫМДЫҚ СЫРЫ

Бөрілі байрақ демекші:

Көкбөрі символының түркілік және әлемдік философиясындағы орны бөлек.

Көкбөрі – түркі мифологиясындағы киелі тотем. Қасқырлар – аса ұйымшыл және иерархиялық жүйеге негізделген заңдылықтарды қатаң ұстанатын ұжымдық салтқа тәуелді. Бір тұтас мүдде, бірақ жауапкершіліктің өз деңгейіндегі дәрежелік бөлісіне қарай қатаң тәртіпке бағынады. Ұялас қауымның  темірдей ішкі және сыртқы  тәртібі – қауіпсіздік пен үйлесімнің алғы шарты. Ұялас үйірдің бөлтіріктеріне деген тәрбиесі ұжымдық мәнге ие. Ұрпақ тәрбиесі – ортақ жауапкершілік. Және әлсіздерін бірінші тамақтандырады, демек ұрпақ пен қоғамдық қажеттілікті бәрінен жоғары қоя біледі – шынайы көсемдерге тән парыз бен лауазымдық міндеттің құрбандары. Сатқындыққа бармайды, ұялас әулеттің намысына кір жұқтырмайды. Қасқырлардың ғұрыптық қағидалары – көшпенділердің далалық шұғыл шешімдерімен, өмірдің даңғылындағы еркіндікпен еншілес, үндес.

Көкбөрі – түркілердің арғы тегі, қорғаушысы, жол көрсетушісі ретінде тарихи жадымызға, санамызға сіңген ақиқатқа бергісіз аңыз. Тұранға ортақ – үнсіз ұранымыз! Көкбөрі – Түркілердің рухани әлеміндегі еркіндіктің, батырлықтың, даналық пен ұлт бірлігінің символына айналғаны соншалық,  мінез бен ақыл – айла және  әрекетті бейнелейтін тұрақты сөз тіркестеріне де еніп кеткен, халықтық  ереже секілді ұлттың жадында қалыптасып қалған (мысалы: «Жігіттің көкжалы», «Бөрі мінезді ер», «Азаматтың арланы», «Қасқыр құрсақ» т.с.с.).

Көк түс – аспан, Көкбөрі!..  Әріден қозғасақ, түркі мәдениетінің ғаламдық жұлдыздар шоғырына ұласқан жаһаннамалық кестелі картасы дерсің, дәл солай. Қараңыз, оның жойқын жорық, сүрлеу соқпағынан тыс қалған құрлық  бар ма?            

    Жоқ сияқты!.. Көкбөрінің  ұлуы – дала рухының шыңғырған шындығы, күнін күткен ақиқаттың үні. Ислам мен Тәңірлік танымның синтезінен өріс алған ұлттық салт пен дәстүріміздің құрамдас бөлігі. Яссауи бабамыздың сәулеттік мазарындағы  киелі қазанның құймасындай берік, біріккен тұжырым мен рухани түйіннің байламы.

 Көкбөрінің ұлуы –  ұжымдық  қуат пен күштің дабылы! Сенің тарих тақтасындағы өз келбетіңді іздеген жұдырықтай жүрегіңнің  аңсары мен арманы. Қорқыт Атаның қобызына паналаған дыбысы, ынта мен ықылас зары. Ол не деп тұр?.. Өз болмысының қорғаны, қауіпсіздік шекарасының сардары, некесіне адал, ұрпаққа тәлімшіл, тегіне ізетшіл, қағидалы қадамның, жауапкершілік пен тәртіптің мектебімін деп тұр. «Менен дәріс ал!» деп тұр. Ол не деп тұр?!.. Көкбөрінің ұлуы  – Хақтың бұйрығымен қаныңа жазылған мінез бен мейірімнің,  саналы қорғаныс пен сақтықтың, қырағылық пен төзімнің қамалымын деп тұр. Ерлік пен ептіліктің, қайсарлық пен қаһармандықтың, тектілікке тән адалдық пен әділдіктің иесі едің ғой кешігесің, жадыңнан өзіңді ізде, түркі әлемі деп тұр.

  Оғыз бен қыпшақтардың тіршілік салтымен сабақтасып жатқан жауынгерлік рухы, табандылық пен сергектіктің бейнесі екендігін де ұмытпа деп тұр. 

Ғылыми контексте: Көкбөрі символикасы ежелгі Римдегі Капитолий қасқырымен, Еуропа халықтарындағы тотемдік аңдармен ұқсас сипатта. Бірақ түркі дүниетанымында бұл ұлттың бастау бұлағын айқындайтын киелі архаикалық коды екендігі айтылады. Түрік әлемі мен Тұран идеясы   қазіргі және болашақ ұрпаққа ортақ тағдыр мен жауапкершілікті  аманаттайтын, еске салатын, дәуір талабынан туған концепция деп түсінгеніміз дұрыс шығар, әрине. Түркі мәдениеті адамзат өркениетінің іргетастарының бірі ретінде бағаланады, тамаша, рухымыздың байрағы!  

Көкбөрі – бұл асқақ рух, ал Маңғыстау сол рухтың үш жүз алпыс әулие жайлаған киелі мекені.

 

 МАҢҒЫСТАУ – ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ ҰРАНОТЫ

 

Маңғыстау елінің жүрек тамырында ыстық қан бар, бүлкілі айқын.

Маңғыстау ежелгі Жібек жолының бойындағы сан алуан мәдени құндылықтардың күміс сандығы. Тарихи-мәдени байланыстардың тоқсан толғау, мың қайырма ырғағынан жаңылмаған көкмойнағының  дүбірі төрткүл дүниеге естілген, көсіліп жатқан өлке бұл! Абыздар мен әулие – пірлердің тоғысқан мерейлі мекені, мейірім мен ұлттың уыз салтының әлди бесігі де осы дала.  Аспанда жеті қақпа бар дейді, рас болса, соның біреуі осы Маңғыстаудың көгінде шығар.

Көшпелі мәдениеттің көзден таса болса да, көңілдің қоламтасында шоғы маздаған аса көрнекті орталықтарының бірі.

Тамғалы тас, Бекет ата, Шопан ата, Қараман ата кесенелері түркі ислам синтезінің куәсі.

Көне некропольдер (мысалы, Шерқала, Қызылқала маңы) сәулет, символика, руна жазулары арқылы өзіңді іздеп тапқың келсе, дәл осы мекенге кел, түркілік дүниетанымның айнасына үңіліп, бір жоғыңды тап, мың сұрағыңа жауап ал. Себебі адым сайын бір әулие,  рухтың періштелері рухани қызмет жасауға дайын.

 

 Бүгінде Маңғыстауда «Адай Ата – Отпан тау» этномәдени орталығы бар. Түпкі мақсаты Түркі әлемін біріктіріп, тарихи тамырластығымызды қайта жаңғырту. Мен осы «Адай Ата – Отпан тау» этномәдени орталығын салу идеясының авторы және ұйымдастырушысы  ретіндегі перзенттік асыл арманымның жүзеге асуына, халқыммен бірге қызмет жасай беретін боламын одан асқан бақыт жоқ. («Адай Ата – Отпан тау» этномәдени орталығы  2007 жылы ашылды.) Ұраноттың жарығы мен жылуын әрбір Түркі тілдес бауырларымыз сезінетін болсын. Түгел түркіге ортақ намыстың алауын өз жүректеріне тамызық қылсын. Бүкіл Түркі әлемі, «Амал» мерекесінің аясында өтетін бұл жиынның қолдаушысы болыңыздар!

 Осы орайда, ақын ретінде поэзия тілімен  түгел Түркі әлемін бірлікке шақырғым келеді!

 

ӘР ҚАЗАҚ – МЕНІҢ ЖАЛҒЫЗЫМ!

ҚАЗАҚСТАН ЖАЛҒЫЗ ҰЛЫ ҚАЗАҚТЫҢ!

  (АВТОР)

 

ТҰРАН ТОЛҒАУЫ

Сөзі: Сабыр Адай

Сазы: Орал-Қосай Байсеңгір

Орындаған: Оспан Құлсымақ

 

Әлди бесік – әлем ортақ, адамдармыз арманшыл,

Сенің өзің, менің сөзім – бабалардан қалған сыр.

Жер менен көк, ғалам шексіз, аспан анау күрсінген,

Өткінші өмір, бәрі жұмбақ, бәрі алдамшы, жалғаншыл.

 

Адамдармыз, бір жүрекпіз, неге жатпыз, салқынбыз?

Жапырағы біз секілді, жылап кетті алтын күз.

Қорымдарда қойтастар тұр қолын жайып, күбірлеп,

Дүниенің білмейсің деп, іздейсің деп нарқын, Сіз.

 

Таулар құлап, жұлдыз ақты, теңіз өліп сарқылған,

Асау жүрек, бұла сезім, ол да өлді тарпынған.

Әжім басқан, көзін жастан айырмаған егде қыр,

Сенесің бе, ей, адамзат, сенің зауал, зарпыңнан!

 

Ұлытауым, Түркістаным, Алтын Орда – байрағым!

Көкбөрілер көрінбейді, кетті екен, қайда, кім?..

Атажұртта мен отырмын алау жағып Тұранға,

Бас қосатын күн болар ма, алты алаш, айбарым!

 

 

«АДАЙ АТА – ОТПАН ТАУ» ТАРИХИ ТАНЫМДЫҚ ЭТНО-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ КОНЦЕПЦИЯСЫ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ РУХАНИЯТТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

І. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ: Қазақ халқының ұлттық бірлігі мен рухани тұтастығын нығайту үшін ұлттық салт-дәстүр мен халықтық идеология негізінде этно-мәдени іс-шараларды дамыту, рухани құндылықтарды жаңғырту және жаһандану жағдайында ұлттық болмысты сақтау.

ІІ. НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕР:

1.      «Амал» мерекесін жалпыұлттық деңгейде дәріптеу арқылы ұлттық бірлік пен тұтастықты қамтамасыз ету; (Ұлттық мереке аясында қазақ халқының ішкі бірлігі мен рухани байланысын күшейту)

2.      Қазақ халқының ататек шежіресі, «қара шаңырақ», «қара қазан», «көрісу», «ұран от» ұғымдарын танымдық-ағартушылық іс-шаралар арқылы жастар санасына сіңіру; (Ұлттық дәстүрлер мен тарихи түсініктерді жас буынға насихаттау арқылы ұлттық сана-сезімді қалыптастыру)

3.      «Адай Ата – Отпан тау» этно-мәдени орталығының материалдық-техникалық базасын жетілдіру, туристік әлеуетін арттыру; (Орталықтың танымалдылығын арттыру арқылы ішкі және сыртқы туризмді дамыту)

4.      Ұлттық салт-дәстүрді заманауи өмірмен үйлестіре отырып, қоғамның рухани тұтастығын нығайтуға бағытталған тұрақты шараларды ұйымдастыру; (Дәстүрлер мен заманауи өмір арасындағы үйлесімділікті табу арқылы қоғамдық тұтастықты сақтау)

5.      Ақсақалдар мен зиялы қауым өкілдерінің бейресми кездесулерін жыл сайын өткізіп, ұрпақтар арасындағы рухани сабақтастықты қамтамасыз ету. (Ұрпақтар сабақтастығын сақтау мақсатында ақсақалдар мен жастар арасындағы қарым-қатынасты нығайту)

ІІІ. БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ ІС-ШАРАЛАРЫ:

1.      Жыл сайын Отпан тауда «Амал» мерекесін республикалық және халықаралық деңгейде ұйымдастыру: (Ұлттық мерекенің ауқымын кеңейту арқылы халықаралық деңгейге көтеру)

       Барлық өңірлерден және түркі елдерінен өкілдер шақыру;

       Ұран от жағу дәстүрін жалпыұлттық деңгейде жүзеге асыру;

2.      Жастар мен жасөспірімдерге арналған танымдық-тарихи экскурсиялар мен туристік бағдарламаларды тұрақты жүргізу; (Жастардың ұлттық тарих пен мәдениетке деген қызығушылығын арттыру мақсатында)

3.      Этно-мәдени фестивальдер мен форумдарды өткізу: (Ұлттық өнер мен мәдениетті кеңінен насихаттау, халықтық салт-дәстүрлерді жаңғырту)

       Ұлттық өнер, қолөнер, спорттық ойындарды насихаттау;

       «Қара шаңырақ» дәстүрлі дастарқан рәсімдерін ұйымдастыру;

4.      Ақсақалдар мен зиялы қауымның жыл сайынғы бейресми кездесулері: (Тәжірибе мен рухани құндылықтарды сақтап, қоғамға тарату үшін зиялы қауым мен жастардың тұрақты байланысын орнату)

       Ұлттық мүдде, рухани құндылықтар және қоғамдық мәселелер бойынша пікір алмасу;

5.      Рухани-ағартушылық жобаларды іске асыру: (Ұлттық мәдениетті ақпараттық құралдар арқылы насихаттау және жалпыұлттық деңгейде тарату)

       Ұлттық тарих пен дәстүрді насихаттайтын фильмдер, кітаптар мен ақпараттық материалдар әзірлеу;

ІV. ЭТНО-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:

1.      «Адай Ата» сәулеттік кесенесі –  қазақ халқының рулық шежіресіне сәйкес, Маңғыстаудағы «Адай Ата – Отпан тау» этномәдени орталығында тұрғызылған үш жүздің қарашаңырағының киесі. Атамекен ұғымының темірқазығы.

2.      «Қара шаңырақ сарайы» – ұлттық бірлік пен ынтымақтың символы; (Қазақтың үш жүзінің бірлігі мен ынтымағын дәріптейтін негізгі орталық)

3.      «Ақсарай» – ақылдастар алқасы мен тарихи-танымдық мұражай; (Ұлттық тарих пен құндылықтарды сақтау, дәріптеу және насихаттау орталығы)

4.      «Анаға тағзым» – аналарды ұлықтайтын символдық кешен; (Ананың қоғамдағы рухани және тәрбиелік орнын насихаттайтын ескерткіш)

5.      «Көкбөрі» символы – түркілік дәуірден жалғасқан рухани қуат белгісі; (Ұлттық болмыс пен рухани күшті бейнелейтін тарихи символ)

6.      «Ту-төбе» – мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендікті дәріптейтін орталық; (Мемлекеттік рәміздер мен егемендіктің мәнін терең ұғындыруға бағытталған алаң)

7.      «Алаш батыры» ескерткіші мен «таңбалы тақтатас» – ұлттық батырлар мен рулық бірліктің символы; (Қазақ халқының бірлігі мен батырлық рухын дәріптейтін символдық ескерткіш. Бұл мәдени нысандар жоспарда бар, дегенмен әлі салынған жоқ.)

8.      «Бата төбе» алаңы – батаның рухани маңызын ұлықтайтын орталық. (Ұлттық тәрбиеде батаның құндылығын насихаттайтын арнайы алаң)

V. КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР:

1.      Ұлттық бірлік пен рухани тұтастықтың нығаюы;

2.      Этно-мәдени орталықтың танымалдылығы мен туристік тартымдылығының артуы;

3.      Жастардың ұлттық дәстүр мен тарихқа қызығушылығының артуы;

4.      Ұлттық идеология мен рухани құндылықтардың қоғам санасына кеңінен таралуы;

5.      Қазақ халқының жаһандану үдерісінде ұлттық болмысын сақтауға бағытталған іс-шаралардың тұрақты жүзеге асуы. (Авторлық ойларымды концепцияға енгіздім. «Қарапайым қағидалар» атты еңбегімнің бағдарламалық нұсқасы. /Алматы қаласы, «Атамекен», 2013 ж.)

 

Сабыр АДАЙ,

ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

 Ақтау қаласы, 2025 жыл

 

 

BOZKURT’UN ULUMASI
(Türk Dünyası ve Turan Konsepti)

 

Türk Dünyası, Türk dilli halkların tarihî, kültürel, etnik ve jeopolitik birliğini ifade eder. Türk dünya büyük bir hayalin ve umudun, sönmeyen bir hissin, yaşanmış bir kaderin ve kendi yeminine sadık bir hayat tarzının ifadesidir. Ceyhun nehrinin coşkun akışı gibi cesur bir güç, kabaran bir onur kaynağıdır.Hunlar (M.Ö. 4. yüzyıl) Avrasya’daki ilk göçebe imparatorluktur. Göktürk Kağanlığı (552-744) ilk Türk devletidir. Orhun Yazıtları bu döneme aittir. Ancak Türk Dünyası’nın tarihi ve kaderi zorlu geçitlerden geçmiş, bugün ise bazı gölgeli tablolarla karşı karşıyadır.

     Çin’deki Uygurlar, Rusya’daki Tatarlar, Başkurtlar, Hakaslar, Tuvalar, Saha (Yakut) halkları, Moldova ve Romanya’daki Gagavuzlar, Balkanlar’daki Türk diasporaları Türk kültürel coğrafyasının birer parçası olduğu hepimizce malumdur. Türkiye, Kazakistan, Özbekistan, Kırgızistan, Türkmenistan ve Azerbaycan gibi bağımsız Türk devletlerinin varlığına  da Allah’a hamdolsun. Büyük tarih, ogullarimizin kalpte meşale yakar, özümüzün ateşini körükler. Serpilmiş dev bir ormanın sararan yaprakları gibi özlem belirir ufukta; bahar bulutu gibi usulca geçip gider başımızın üzerinden. Dünyaya yankı salan, fedakâr bir hayat yaşayan büyük bir medeniyetin izlerine bakın; gökyüzüyle bütünleşmiş bir Samanyolu gibi uzanır.

    Büyük Turan – Orta Asya ve Avrasya bozkırlarında yaşamış göçebe boyların, özellikle Türklerin mitolojik ve kültürel alanı olarak değerlendirilir. Türk dillerinin akrabalığı ve birbirine olan yakınlığı – zihin sandığımızda gizli eski bir defterin sayfası gibi sırrını fısıldar. Bu da bizim birliğimizin, bereket ve huzurumuzun anahtarıdır. 

    Tarih bilinci – ortak hafızamızın ipliği, kesilmemiş öyküsü, hepimizin ve tüm Türk Dünyası’nın sessizce  baglanan kan damarınin atisi. Biz – Türk Dünyasıyız! Ölümün kıskacından hayat ışığını arayıp yeniden filizlenmiş, ak kumlara kök salmış bir saksaul. Yanardağın içindeki alev өзегі gibi bir yaşamız. Ruhumuzun, bilincimizin, hafızamızın dili; içimizdeki yankıların birleştiği yer – «Turan» birliğidir. Boran gibi fırtına, ney gibi meltem, nağme dolu ezgi, rüzgârın yorduğu ak kılıç ve ümitlerle bezenmiş altın beşik – “Büyük Turan”dır! Kar üstüne mühür gibi basılmış bir kurdun izinde, Bilge Kağan, Kül Tigin, Tonyukuk olup hafızanın derinliklerinden sefere çıkarsın.
Ben – Kimim?!
«Turan» yoluna adım attıkça, aslında kendime doğru yürümekteyim... Azıcık yönümü değiştirsem, öz benliğimden uzaklaştığımı hissediyorum. Bugün «Turan» kavramı, kültürel-tarihî iş birliğinin ve Türk birliğinin bir sembolü olarak yeniden can buluyor. «Turan» ideali – ortak köklerin ve gelecekteki kültürel bütünlüğün merkez direğine, manevi bir sürekliliğe dönüşmektedir.
Zamanın kanlı
құрсауынан kusatma,  korkmadan, bütün Türk’e mutluluğun anahtarını aramış, Bozkurtlu bayrağını dalgalandırmış kahraman ataların torunlarıyız biz!

 

 

GÖKBÖRÜ SEMBOLÜNÜN ANLAMSAL DERİNLİĞİ

«Börili bayrak» sözünden yola çıkarsak: Gökbörü sembolünün Türk ve dünya felsefesindeki yeri apayrıdır. Gökbörü – Türk mitolojisinde kutsal bir totemdir.  Kurtlar; son derece örgütlü, hiyerarşik yapıya dayanan sıkı kuralları olan kolektif bir düzene bağlıdır. Ortak bir amaç uğruna yaşarlar, ancak sorumluluk paylaşımı net bir düzene tabidir. Kurt sürüsünün iç ve dış düzeni – güvenlik ve uyumun temel şartıdır.Yavru kurtlara verilen eğitim de toplumsal bir anlam taşır. Nesil yetiştirme – ortak sorumluluktur.Zayıfları önce doyururlar, yani nesli ve toplumun ihtiyaçlarını her şeyin önünde tutarlar – gerçek liderlere has bir görev ve fedakârlıktır bu. İhanet etmezler, sürülerinin onurunu korurlar. Kurtların bu töresel kuralları, göçebelerin çetin yaşam kararları ve özgürlük ruhuyla tamamen örtüşür.

   Gökbörü – Türklerin atası, koruyucusu ve yol göstericisi olarak tarihi hafızamızda ve bilincimizde gerçek kadar güçlü bir efsaneye dönüşmüştür.

 Turan’a ait – sessiz  haykırışımızdır!

Gökbörü – Türklerin ruh dünyasında özgürlüğün, cesaretin, bilgeliğin ve millet birliğinin sembolü hâline gelmiş, karakteri ve zekâyı, davranışı anlatan deyimlere yerleşmiş, halk hafızasında adeta bir kural gibi kalıplaşmıştır (örneğin: «Yiğidin Borusu (Bozkurt)», «Boru (Bozkurt) tabiatlı er», «Bozkurt gibi adam», «Kurt» vb.)

Gök rengi – gökyüzü, Gökbörü!

Uzağa bakarsak, Türk kültürünün evrensel yıldızlar kümesine ulaşan kadim dokusunu görürüz – adeta bir kozmik harita gibi. Bakın, onun şanlı yürüyüşünden etkilenmeyen bir kıta var mı?
Yok gibi!.. Gökbörünün uluması – bozkır ruhunun haykıran gerçeği, beklenen hakikatin sesi.
İslam ile Tengriciliğin sentezinden doğmuş olan milli gelenek ve göreneklerimizin ayrılmaz parçasıdır. Yesevî atamızın türbesindeki kutsal kazan gibi sağlam ve birleşmiş bir düşüncenin ve manevî düğümün özüdür.

Gökbörünün uluması – toplu kuvvet ve kudretin çağrısıdır!
Senin Tarih sahnesindeki kimliğini arayan  yüreğinin özlemi ve hayalidir.
Korkut Ata’nın kopuzuna sığınan bir ses, içten gelen bir arayış ve özlem.
Ne diyor o ses?!

«Ben kendi varlığımın koruyucusuyum, sınırlarımın bekçisiyim, aileme sadığım, evlatlarıma öğretmenim, atalarıma saygılıyım; ilkeli duruşun, sorumluluk ve disiplinin okuluyum!» diyor.
«Benden ders al!» diyor.
Ne diyor o ses?! Gökbörünün uluması – Hakk’ın emriyle kanına yazılmış karakterin ve merhametin, bilinçli savunmanın ve uyanıklığın, dikkat ve sabrın kalesiyim diyor.
Kahramanlık ve çevikliğin, cesaret ve yiğitliğin, asalete yaraşır sadakat ve adaletin sahibiydin sen – geç kalıyorsun, kendini hafızandan ara, Türk dünyası seni bekliyor, diyor.

Oğuzlar ve Kıpçakların yaşam tarzıyla bütünleşmiş savaşçı ruhu, dirayet ve uyanıklık sembolü olduğunu da unutma, diyor.

Bilimsel bağlamda:  Gökbörü sembolizmi, Antik Roma’daki Capitol Kurtu’yla ve Avrupa milletlerinin totem hayvanlarıyla benzer özellikler taşır. Ancak Türk düşünce sisteminde bu – milletin köklerini belirleyen kutsal bir arkaik koddur. Türk Dünyası ve Turan fikri – günümüz ve gelecek nesillere ortak kader ve sorumluluğu emanet eden, hatırlatan, çağın ihtiyacından doğmuş bir konsepttir desek yeridir. Türk kültürü – insanlık medeniyetinin temellerinden biri olarak değer görmelidir, bu bizim yuce ruhumuzun bayrağıdır!

Gökbörü – bu yüce ruhun kendisidir  ve Mangistau – bu ruhun 360 evliyasıyla kutsanmış yurdudur.

MANGISTAU – MİLLİ RUHUN ÇAĞRI NOKTASI!

Mangistau halkının yüreğinde sıcak bir kan akar, atışı belirgindir.
Mangistau
kadim İpek Yolu’nun üzerinde yer alan, sayısız kültürel değerleri barındıran gümüş bir sandıktır.Tarihi ve kültürel bağların türlü iniş çıkışlarına rağmen ahengini kaybetmeyen, atlarinin nal sesleri dört bir yana yankılanan asil bir coğrafyadır bu.

Bilgelerin ve evliyaların kesiştiği kutlu bir mekân; merhametin ve milletin öz geleneklerinin beşiğidir bu topraklar.
Gökte yedi kapı var derler, eğer doğruysa, onlardan biri de Mangistau semasında olmalı.

Göçebe kültürünün gözden ırak olsa da gönülde kor gibi yanan, en önemli merkezlerinden biridir burası.
Tamgalı Taş, Beket Ata, Şopan Ata, Karaman Ata türbeleri
Türk-İslam sentezinin canlı şahitleridir.
Kadim nekropoller (örneğin Şerqala, Kızılqala civarı)
mimari, semboller ve rünik yazılar aracılığıyla kendini bulmak istersen, işte tam da buraya gel; Türkî dünya görüşünün aynasına bak, kaybettiğini bul, bin soruna cevap al. Çünkü her adımda bir ermiş, maneviyatın  melekleri seni bekler.Bugün Mangistau’da «Aday Ata – Otpan Dağ» etnokültürel merkezi var. Asıl amacı Türk dünyasını birleştirmek, ortak tarihî köklerimizi yeniden canlandırmak. Bu merkezin fikir sahibi ve kurucusu olarak, yüreğimde taşıdığım bu kutsal hayalin gerçekleşmesine ve halkımla birlikte hizmet etmeye devam edeceğim bundan büyük bir mutluluk yoktur benim için. («Aday Ata – Otpan Dağ» etnokültürel merkezi 2007 yılında açılmıştır.) Bu çağrı noktasının ışığını (URAN OTI) ve sıcaklığını tüm Türk halkları hissetsin. Tüm Türk kardeşlerimiz, bu ortak onur meşalesini kendi yüreklerinde yaksın.
Bütün Türk dünyası,
«Amal» bayramı çerçevesinde gerçekleşecek olan bu buluşmayı desteklesin!

Bu vesileyle, bir şair olarak, şiirin diliyle tüm Türk dünyasını birlik ve beraberliğe davet etmek istiyorum!

HER KAZAK – BENİM Yalnizim ( varligim)

(Yazar)

TURAN

Ulu Dağım, Türkistan’ım, Altın Ordu – bayrağım!
Bozkurtlar yok, gorunmuyor, neredeyim  - ay canim
Otpan dagda bekliyorum alev yaktim Turana
Buluşur muyuz bir gün yine, Altı Alış – öz diyarım!

                                                      (Sabyr ADAY)   şiirin kısa versiyon

«ADAY ATA – OTPAN DAĞI» TARİHİ, BİLGİLENDİRİCİ ETNO-KÜLTÜREL MERKEZİN YAPISAL KONSEPTİ VE MİLLİ MANEVİ PROGRAMI

I. PROGRAMIN AMACI:
Kazak halkının milli birliğini ve manevi bütünlüğünü güçlendirmek amacıyla, ulusal gelenekler ve halk ideolojisi temelinde etno-kültürel etkinlikleri geliştirmek, manevi değerleri yeniden canlandırmak ve küreselleşme sürecinde ulusal kimliği korumak.

II. TEMEL GÖREVLER:

  1. «Amal» bayramını ulusal düzeyde yaygınlaştırarak milli birlik ve bütünlüğü sağlamak;
    (Bu milli bayram çerçevesinde halkın içsel bağlarını ve ruhsal birliğini kuvvetlendirmek)
  2. Kazak halkının soy kütüğü, «kara şanırak», «kara kazan», «görüşme/kavuşma (körisü)», «ateşle çağrı (uran ot)» gibi kavramları genç nesillere bilgilendirici ve eğitici etkinliklerle aktarmak;
    (Ulusal gelenek ve tarih bilincini aşılayarak milli farkındalık oluşturmak)
  3. «Aday Ata – Otpan Dağı» etno-kültürel merkezinin teknik altyapısını geliştirmek ve turizm potansiyelini artırmak;
    (Merkezin bilinirliğini artırarak iç ve dış turizmi geliştirmek)
  4. Gelenekleri modern hayatla uyumlu hâle getirerek toplumsal manevi bütünlüğü güçlendirmeye yönelik sürekli etkinlikler düzenlemek;
    (Gelenek ve modern yaşam arasındaki uyumu bularak toplumsal dengeyi korumak)
  5. Aksakallar ve aydınların yıllık gayriresmî buluşmalarını düzenleyerek kuşaklar arası manevi sürekliliği sağlamak.
    (Gençlerle aksakallar arasında bağ kurarak geleneksel bilgelik aktarımını sürdürmek)

III. TEMEL ETKİNLİKLER:

  1. Her yıl Otpan Dağı’nda «Amal» bayramını ulusal ve uluslararası düzeyde kutlamak:
    (Bayramı uluslararası bir kimliğe kavuşturmak)
    ● Tüm bölgelerden ve Türk dünyasından temsilciler davet etmek;
    ● «Uran ot» (çağrı ateşi) geleneğini ulusal düzeyde canlandırmak;
  2. Gençler ve çocuklar için sürekli tarihî-bilgilendirici geziler ve turistik programlar düzenlemek;
    (Genç neslin tarih ve kültüre olan ilgisini artırmak)
  3. Etno-kültürel festivaller ve forumlar düzenlemek:
    (Ulusal sanat ve gelenekleri yaymak, halk kültürünü canlandırmak)
    ● Geleneksel sanat, el sanatları ve spor oyunlarını tanıtmak;
    ● «Kara şanırak» geleneksel sofra törenleri düzenlemek;
  4. Aksakallar ve aydınlarla yıllık gayriresmî toplantılar düzenlemek:
    (Tecrübelerin ve manevi değerlerin toplumla paylaşımı için kalıcı bir platform oluşturmak)
    ● Milli çıkarlar, manevi değerler ve toplumsal meseleler üzerine görüş alışverişi yapmak;
  5. Manevî-eğitici projeleri hayata geçirmek:
    (Ulusal kültürü medya ve yayınlar aracılığıyla tanıtmak)
    ● Ulusal tarih ve gelenekleri anlatan filmler, kitaplar ve bilgilendirici materyaller hazırlamak;

IV. ETNO-KÜLTÜREL MERKEZİN YAPISI:

  1. «Aday Ata» mimari anıt kompleksi – Kazak halkının soy yapısını simgeleyen, Mangistau’daki «Aday Ata Otpan Dağı» merkezinde yer alan ve üç cüz’ün (bölgenin) kutsal birleşim noktasını temsil eden ulusal sembol.
    (Atayurt kavramının manevi kutbu)
  2. «Kara Şanırak Sarayı» – Milli birlik ve dayanışmanın simgesi;
    (Kazak üç cüz’ünün birlik ruhunu temsil eden ana merkez)
  3. «Aksaray» – Bilge kurulu toplantıları ve tarihî-bilgilendirici müze;
    (Ulusal tarih ve değerlerin korunması ve tanıtımı için)
  4. «Anaya Saygı» kompleksi – Annelere ithaf edilmiş sembolik yapı;
    (Annelik figürünün toplumdaki manevi ve eğitsel rolünü vurgulayan anıt)
  5. «Bozkurt» simgesi – Türkî çağlardan gelen manevi güç sembolü;
    (Ulusal kimlik ve ruhsal enerjiyi yansıtan tarihî işaret)
  6. «Bayrak Tepesi» – Bağımsızlık ve egemenliği simgeleyen alan;
    (Devlet sembollerinin ve özgürlük fikrinin derinlemesine anlatıldığı yer)
  7. «Alaş Batırı» anıtı ve «Damgalı Taş Levha» – Milli kahramanlık ve kabile birliğinin sembolü;
    (Kazak halkının birlik ve cesaret ruhunu yücelten gelecek projeler)
  8. «Bata Tepe» meydanı – Duanın manevi önemini vurgulayan alan;
    (Milli terbiyede duanın yerini yücelten özel alan)

V. BEKLENEN SONUÇLAR:

  1. Milli birlik ve manevi bütünlüğün güçlenmesi;
  2. Etno-kültürel merkezin tanınırlığının ve turistik çekiciliğinin artması;
  3. Gençlerin ulusal tarihe ve geleneklere ilgisinin artması;
  4. Ulusal ideoloji ve manevi değerlerin toplum bilincinde yaygınlaşması;
  5. Kazak halkının küreselleşme sürecinde ulusal kimliğini korumasına yönelik sürekli faaliyetlerin uygulanması.

(Bu konsept, yazarın «Karapayım Kagidalar» adlı eserindeki düşüncelerine dayanmaktadır. /Almatı, «Atameken», 2013)

 

Sabır ADAY
Şair, Kazakistan Devlet Sanatçısı
Aktau şehri, 2025

 

 

 

15.05.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 9226
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 9338
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 24362
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 23007
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 26488