Көктемгі су тасқынының алдын алу шараларын жергілікті атқарушы орган қазірден бастап қолға алды. Бүгінде облыс орталығында су тасқынына қарсы дайындық шаралары басталды. Қазір қала аумағында су арналары мен суағарларды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жамбыл облысында көктемгі су тасқынына жыл сайын ерекше дайындық жүргізіледі. Әсіресе су қоймаларының еріген суды қаншалықты қабылдай алуы аса маңызды.
Көктем келісімен малы көкке шығып, көсегесі көгере бастаған халықтың көңілінде бір қауіп қатар жүреді – ауыл-аймақтың айналасын су басып, ол тасқын су кейде адамның әлі малы мен жанына қауіп төндіреді.
Су кіру қаупі бар аймақтарда 20,3 шақырым дренаждар қазылып, арықтар тазаланған. 22 көпірді жөндеуге 100,0 млн. теңге қарастырылған. Елді мекендерде 16 электросиреналар, яғни, құлақтандыру жүйелері жұмыс істеп тұр. Колледждің базасында 208 адамға арналған эвакуация пункті бар.
Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары ауладағы қарды тазалауды, су өткізу құрылыстары мен арықтарды жеке аумақтағы қар мен қоқыстардан тазартуды қамтамасыз етуге шақырды.
Бүгінгі таңда барлық өңірлерде елді мекендер бойынша рейдтер, халықпен жиындар өткізіліп, су тасқыны кезеңіндегі іс-қимыл қағидалары бар жадынамалар таратылуда. Су тасқындары кезінде елді мекендегі тұрғындарды құлақтандыру және ақпараттандыруды жұмыстарын ұйымдастыру үшін барлы қолжетімді әдістер қолданылуда.