Масылдық көзқарастан қайтсек арыламыз?

Масылдық көзқарастан қайтсек арыламыз?

«Абай атамыз үшінші қара сөзінде: «Һамма ғаламға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған: әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз қорқақ, мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз, надан келеді; әрбір ақылсыз надан арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, тыйымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады», – деп жазған. Еңбекпен келген дәм тәтті ғой қай кезде де.  «Сұрамсақ, өзі тойымсыз, тыйымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар» тым көбейген қоғамның күйін көзге елестету қиын.

Ең алдымен «әлеуметтік масылдық» пен «патернализм» терминдеріне анықтама берейік. «Әлеуметтік масылдық» терминінің осы күнге дейін нақты түсіндірмесі келтірілмеген. Бұл көбіне «Масылдар кімдер, әлеуметтік деген не?» деген сияқты сипаттарды қамтиды. Жалғыз анықтама Ю.А.Зубарева мен А.И.Шамардинаның «Менеджмент, маркетинг, экономика, кәсіпкерлікке қатысты терминдердің энциклопедиялық сөздігінде» бар. Әлеуметтік масылдық – тұрақты табыс көзі болатын қоғам есебінен толығымен қамтылу немесе көмек алу. Бұл жерде «толығымен» деген сөзге назар аудару керек. Бұл табыс табудың кез келген басқа жолынан (жұмыстан) бас тартуды меңзейді. 

Патернализм – билігі бар адамдар азаматтар үшін толық жауапкершілік алады да, баласын бақылаған әкедей болады. Адамдар өзіне тиімді нәрсені ала алады, бірақ олардың таңдау мүмкіндігі мен жауапкершілік сезімі болмайды. «Патернализм» ғылыми және сирек қолданылатын термин болса, «әлеуметтік масылдық» – көзге бірден түсетін лексикалық ұғым. Ол көпке түсінікті әрі жиі сынға ұшырап жатады, сонымен қатар жазғыру сарынында айтылады.

– Қазақстан – әлеуметтік мемлекет. Сондықтан қиын жағдайға тап болған азаматтарға жан-жақты көмек көрсету – басты міндеттердің бірі. Ал көмекке шынымен мұқтаж жандар, өкінішке қарай, әлеуметтік қолдау шараларынан тыс қалып жатыр. Әрине, біздің еліміздің мүмкіндіктері зор, бірақ оның да шегі бар. Ең бастысы, әлеуметтік жеңілдікке ие болсам деген орынсыз пиғыл адамды өз еңбегімен табыс табу қабілетінен айырады. Мұндай жағымсыз өмір салты ұрпақ тәрбиесіне қазірдің өзінде кері әсер ете бастады. Сондықтан бізге түбегейлі өзгеріс керек. Заң да, қоғам да, адамдардың сана-сезімі де өзгеруге тиіс, – деген Мемлекет басшысы тиісті азаматтарға арнайы тапсырма бергені де есімізде.

Бүгінгі таңда патерналистік құндылықтар Қазақстан үшін экономикалық жетістіктерге жетуіне тежеу болып отыр. Мемлекет басшысы атап өткендей, Жаңа Қазақстанды құру еліміздің алға ілгерілеуіне кедергі келтіретін кейбір құндылықтарды жоюды, соның ішінде патернализмді ауыздықтауды талап етеді. Өркендеу даңғылына тек қана «қамқоршы мемлекет және белсенділігі төмен азамат» сынды патерналистік схемадан бас тарту арқылы қадам басуға болады. Қазақстандық қоғамның бұқаралық санасында кәсіпкерлік қызметтің құндылықтарын, өз бетінше әрекет етудің және өз ісіңде адал жолмен жетістікке жетудің маңыздылығын мойындау ұғымы бекуі тиіс.

Шындығында, Абай айтқан «талап, еңбек, терең ой» қазіргі жастардың, тек жастардың ғана емес, ересектердің де санасынан шығып кеткен сияқты. «Қазіргі күрделі аумалы-төкпелі заманда халықтың әл-ауқатын көтеру, кедейшілікпен күрес – тек байлық-бақуаты бар, еңсесі тік, әлеуеті зор елдердің ғана қолынан келеді. Бүгінде Қазақстан халық тұрмысын жақсартуға бағытталған сан алуан әлеуметтік қамқорлық шараларын жүзеге асыруда. Бірақ ол барлық халықты қамтамасыз ете алмайды» деп бәрін биліктен күтетіндердің қарасы өте көп. Себеп неде?

Жалқаулық деуге де болады. Себебі біз айтып отырған масылдықтың басты себебі де сол еріншектікте. Бірақ халықтың кешегі тәуелсіздік алған уақытқа дейін 70 жыл кеңестік боданда болғанын да ұмытпайық. Бұл аз уақыт емес. Санамызды да жаулап алуға жететін уақыт. Және сол кездері халықтың пайдаланған дүниесі толықтай үкіметтің еншісіндегі заттар болатын. Тіпті жұмыс орнының өзін үкімет халыққа өзі ұсынатын кезең болды. Сол қалыптасып қалған үрдістен шыға алмай келе жатқанының көрінісі болар, бәлкім. Кім білсін?!

Одан бері де 30 жылды еңсердік. Қазір қоғам басқа, заман талабы басқа. Сондықтан біз де барынша бейімделіп, бәсекеге қабілеттілік танытпасақ, кімге өкпелейміз?!

Үкімет осы бағыттағы шараларды ретке келтіруді қолға алып отыр. Демек, бүгінгі күні патернализмнен ада болып, ел қатарлы өмір сүру үшін мемлекеттің қамқорлығы емес, қолдауы да жеткілікті. Ал мемлекет пен халық арасында әлеуметтік қатынастарды қалайша дұрыс жолға қоюға болады? Мемлекеттің қолдауы мен қамқорлығын қалайша ажыратамыз? Қазақстанда патерналистік көңіл күй қаншалықты күшті? Осы мәселе жөнінде сарапшылардың пікірі әртүрлі. Қалай болғанда да, түйін біреу – қазақстандықтарды масылдықтан түбегейлі ажырату керек, әйтсе де, мемлекеттік саясаттың әлеуметтік құрамдас бөлігін босаңсытып алуға болмайды. Өйткені қазір екеуі де өткір тұр. Бұл ретте Германияның Фридрих Эберт атындағы қоры таяуда еліміздің 14 пен 29 жас аралығындағы жастарының өмірлік құндылықтары мен не күтетіні туралы зерттеу жүргізгенін айта кеткен жөн. Орталық Азияның өзге елдерімен салыстыра зерделенген бұл зерттеуде біздің жас буынның патерналистік көңіл күйі өте жоғары болып шыққан. Олар бұрынғысынша мемлекеттен түрлі жәрдемақы, жеңілдіктер түрінде, тіпті несиелік рақымшылық сипатында көмек күтеді екен. Әсіресе мемлекет еңбекпен қамтып, қызметке орналастырады деп күтетіндердің қатары өте көп көрінеді. Ал зерттеуде қарастырылған жас санаты Қазақстан халқының жартысын құрайтын контингент екенін ескерсек, бұл жақсы ахуал емес.

 

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
21.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 35
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 79
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 35
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 40
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 35
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 73
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 79
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 273
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 269
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 890

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8967
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8361
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11587
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9345
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10571