Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде этномедиация жүйесін дамытудың негізі қаланып, қазіргі уақытта күн тәртібінде этномедиаторларды дайындау жүйесін құру және қызметтік міндеттеріне байланысты осы салада жұмыс істейтін адамдарды тиісті дағдыларға үйрету міндеті тұр.
Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау және нығайту, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың басымды бағыты. Сондықтан осы салада жаңа әдіс-тәсілдер мен тың серпін беретін игілікті істер заман талабына сай қалыптастырылуда. Яғни, тиімді іс-шаралар мен жүйелі жұмыстар жоспарланып атқарылып келеді.
Осы мақсатта «Алматы облысы ішкі саясат басқарамасы» ММ «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен бұл бағытта нақты жұмыстар жүргізіліп, 3 күндік оқыту бағдарламасы әзірленіп, этномедиаторлар мен қоғамдық медиаторларды келіссөз жүргізушілер ретінде даярлау бойынша облыстық «Этносаралық қақтығыстарды реттеудегі медиативтік тәсілді оқыту» семинар-тренинг өтті.
Семинар-тренингті бизнес-тренер, кәсиби медитор, ҚХА Медиация кенесінің мүшесі, т.ғ.к. Қазақ ұлттық университетінің доценті, «Парасат» медиация және құқық орталығының директоры Гүлмайдан Оразбаева және «Парасат» медиация және құқық орталығының тренер медиаторыМұхтар Адаев жүргізуде.
Іс шараға «Қоғамдық келісім» КММ және филиалдарының қызметкерлері, Алматы облыстықжәне аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімдерінің басшылары мен кызметкерлері, білім мекемелерінің қызметкерлері, ауылдық округ әкімдерімен мамандары, «Жастар ресурстық орталығы» КММ және полицияқызметкерлері, «Аналар кенесінің» төрағалары, қоғамдық медиаторлар және этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Тәжік-ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Болашақ бағдары» ҚБ төрағасы қатысуда.
2011 жылы 28 қаңтарда «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды және 2011 жылы 5 тамызда қолданысқа енгізілгені қарапайым халықтың хал-ахуалына үлкен көмек болғаны рас.
Медиация - бірнеше мағынаға ие. Арада, ортада тұру, әділ, бейтарап, делдалдық ету мағыналарын білдіреді. Өзара қолайлы шешімге келу мақсатында медиаторлардың көмегімен тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын дауды (жанжалды) реттеу рәсімін медиация деп атайды. Медиатор – делдал, бітімгер. Дауды шешу үшін делдал-бітімгерлерге жүгіну соңғы уақытта ойлап табылған құбылыс емес, мұның тарихи және мәдени түп-тамыры тереңде жатыр.
Медиация заманауи бағытта XX ғасырдың екінші жартысында дами бастады, ең алдымен англо-саксондық құқық орнаған елдерде – АҚШ, Австралия, Ұлыбритания, содан соң Еуропаға да тарады. Алғашқыда медиация отбасылық қарым-қатынас саласында дауларды шешуде қолданыла бастады. Кейіннен медиация жергілікті қоғамдастықтардағы даулардан бастап коммерциялық және көпшілік саласындағы күрделі әрі көп тарапты жанжалдарды қоса алғанда кең ауқымды дау-жандалдарды шешуде өзін танытты.
Бұл Заң азаматтар мен заңды тұлғаларды дауды бітім жолмен шешуге ынталандырып, даулар мен қылмыстық істердің тез арада шешімін табуына жол ашатындығын, екі тарапта Заңның басты артықшылығы ретінде танып отыр.
Алматы облысында 105 ұлт өкілі тұрады, 35 этно мәдени орталықтар жұмыс істейді. Өмір болған соң әр түрлі жағдайлар болатыны жасырын емес. Медиаторлардың көмегіне жүгініп, іс насырға шаппай жабылып, ауқымды істер атқарылуда.
Бүгінгі басқосуда, міне, осы мәселелер кеңінен қозғалды. Медиациялық келісімдер жасаған кезде сот-татуластырушы, яғни, бітімгер-медиатор екі тарапқа қойылған талаптардың шегінен шығу құқығын, жауапкердің қарсы шарттар қоюға мүмкіндігі бар екенін түсіндіріп, соңында өзара тиімді шарттар бойынша келісімге келтіреді. Сөйтіп, екі тарап бір-біріне риза және бірде-бір қарсылыққа шағым бермейді.
Және де дауды қысқа мерзімде шешуде өтімді тәсіл ретінде және соттан тыс медиацияны дамыту үшін бетке ұстар жоба ретінде танылғанын семинарға қатысушылар өз жұмыстарын баяндау барсында көрсетті.
Бұл жоба шеңберінде шарттық міндеттемелер орындалып, материалдық және моральдық залалды, шығынды өндірумен, еңбек қатынастарымен, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, тұрғын үй мәселелеріне және т.б. даулар ушықпай реттеліп жатқандығын бітімгер-медиаторлар қуана жеткізді.
Қазақ даласында болған билер де татуласу рәсімдерін өткізудің айқын мысалы болып табылады, себебі ең басты мақсат дауласқан тараптарды татуластыру және залалдың орнын толтыру болған.
Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан халыққа медиативтік көмек көрсету бойынша Қонаев қаласында 1 медиация кабинеті, ал аудандарда 18 медиативтік алаң жұмыс істейді. Облыс көлемінде медиацияға қатысты этносаралық дауларды реттеудегі ресми және бейресми дипломатиялық әдістерді талдау, олардың қолданылу ерекшеліктерін, артықшылықтары мен кемшіліктерін саралау мақсатында 52 түрлі форматты кездесулер, жиындар мен түсіндіру шаралары ұйымдастырылып, өткізілуде.
Сондықтан болашақта, семинар-тренингтен дәріс алған мамандардың атқарар істері молынан болады деген сенімдеміз.