«Мен елімнің патриотымын»

«Мен елімнің патриотымын»

Ашық тәрбие сағаты

Алматы қаласы

                                                                 А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған                                                                                                       

   РҚМММИ 10 «А» сынып жетекшісі Қазақбаева Ақлима  Дотақызы   

 

Сабақтың тақырыбы: «Мен елімнің патриотымын»

Мақсаты:

1. Өз елінің патриоты болуға міндетті екенін білу

2. Елінің ұлтын, тілін, тарихын,  білу

3. Дінін, ділін құрметтеп, өз елі үшін қызмет ететін тұлға екенін білу

Сабақтың көрнекілігі: ««Мен елімнің патриотымын»

 атты қабырға газеті, лозунгі, Қазақстан Республикасының рәміздері, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, плакаттар, буклет, үнтаспа, суреттер, т.б.

Сабақ түрі:  Әдеби-көркем монтаж.

Әдісі:   Топпен жұмыс.      

1-топ: Елінің ұлтын, тілін, Қазақстанның этнос құндылығын білу

 2-топ: Қазақстанда қандай салт дәстүрлер жоғалып бара жатқанын білу

3-топ:Қазақстанның табиғи құндылығын білу өз елі үшін қызмет ететін тұлға екенін білу

Мұғалім: Бүгінгі өтетін ашық сабағымыздың тақырыбы: 16-желтоқсан Қазақстанның тәуелсіздік күніне арналған «Мен елімнің патриотымын»

Сондықтан тәуелсіздігімізге арналған ашық сабағымызды еліміздің мемлекеттік әнұранымен бастайық.

Мұғалім:  Тәуелсіздік, еркіндік – ежелден ел тілегі. Тәуелсіздік халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күресінің тарихи нәтижесі. Әр адам өз елінің патриоты болуға міндетті. Патриот - бұл өз елін сүйетін, елінің ұлтын, тілін, тарихын, ежелден келе жатқан ата-баба салт-дәстүрлерін, дінің, ділін құрметтеп, өз елі үшін қызмет ететін тұлға. Сондықтан, әрбір қазақпын деген азамат, өз елінің патриоты болуға тиіс. Патриотизм ең алдымен адамның отбасына деген сүйіспеншілігінен басталады. Қазақта «Отан отбасынан басталады» деп бекер айтпаған ғой. Біздің еліміздегі әрбір азамат өзі өсіп-өніп, өмір сүріп,қызмет етіп жатқан өз еліне құрметпен қарауға тиісті.

1-топ: Елінің ұлтын, тілін, Қазақстанның этнос құндылығын білу

1-оқушы.  Патриотизм деген ұғымды біз кішкентай кезімізден бері естіп, бойымызға сіңіріп келеміз. Әдетте, бұл үғымды ең алғаш рет балаларға өз ата-аналары түсіндіреді. Одан кейін, бала мектепте мұғалімдерінен білім мен тәлім-тәрбие алып, патриот сезімін одан әрі сезініп, нағыз патриоттың қандай болатының үйренеді. Міне, адам бойындағы патриотизм оның бала-күнінен бастау алады. Кішкентай кезінен отаның сүйіп өскен бала, болашақта да өз елі үшін қызмет етері анық. Сондықтан, әрбір адам өз баласын, келешек  ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеуі керек деп ойлаймын

Бұл сезімді сезіне ала ма?.

2-оқушы.  1.Алайда, қазіргі жасөспірімдер бұл сезімді сезіне алмайды. Өздерінің қазақ екенінен ұялып, бөтен тілдермен сөйлейді. Бұл қазақ тіліне деген құрметсіздік деп білемін. Әрбір қазақ  қазақ тілінде жетік сөйлесе, қазақ тілі қазіргі таңда жақсы деңгейге жетер еді. Менің ойымша, бұл мүлдем дұрыс емес. Біз бұлай өз ұлтымыз бен тіліміздің жоғалуына жол бермеуіміз қажет. Сол себептен, қазақ тілінің елімізде күшейтілуі, дамуы керек деп ойлаймын. Әрбір адам қазақ елінің патриоты болуға тиісті.

3-оқушы. 2.Мен өз елімнің патриотымын. Осы бір өмірде қазақ болып туғанымды мақтан тұтамын. Мен өз елімнің тілің, тарихы мен салт-дәстүрлерін сүйемін және құрметтеймін.

Мен байырғы қазақ хандарын, батырларын мақтан тұтамын.

Әйгілі Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ұйытқы болуымен Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақұлы Жәнібек, Баян батыр, Көкжал Барақ секілді көптеген батырлар қазақ халқын қазақтың ханы – Абылай ханның ақ туының астына біріктіріп, жоңғар шапқыншылығынан толық азат етті.

4-оқушы. 1930-1932 жылдардағы ашаршылықта 2 млн. 100 мың қазақ қырылды. Ән: «Қара бауыр қасқалдақ»

Елім менің – Қазақстан!

Тәуелсіздік бар жар салған,

Кетті-ау ата-бабамыз

Бейбітшілікті аңсаған.

5-оқушы.

Қазақ деген халық барда жалғанда,

Құрметтей бер, қадірлей бер қашанда!

Елің үшін барар болсаң бәріне,

Қазақсыңғой, бол ел үшін жан пида!

Сен қазақсың,сүйе біл қазақ еліңді,

Сүйе біл қазақ тілін менен дініңді

Қазақпын деп келсең мына өмірге,

Қазақ болып туғанына өкінбе

2-топ Қазақстанда қандай салт дәстүрлер жоғалып бара жатқанын білу

Менің мақсатым  отанымызда қолданыстан шығып  қалған салт дәстүрлермен  жақынырақ  танысқым келді, жоғалып  бара жатқан салт  дәстүрлерді   қайта  жаңа  қолданысқа енгізгенін  қалаймын. Әр  мектепке  ертедегі  қазақтар  қолданып  келген  дәстүрлерді 

үйрететін  пән  ашылса  деймін, сонда  келешекте  тәрбиеге бай салт-дәстүрлер  мәдениетінің  нәрімен адамгершілік асыл қасиеттер үлгісін санаға сіңіруіне жағдай жасалар еді.

6-оқушы.

1.Қымызмұрындық – бие байлап, алғашқы қымыз ішу тойы. Құлын байлап, бие сауылып оның сүті қорланып ашытылған соң екі-үш күн бойы жиналған қымызға ақсақалдар мен көрші-көлемдер «қымызмұрындыққа» шақырылған. Яғни алғашқы қымыз адамдарға салтанатпен ұсынылып, «көпке бұйырсын» деген тілекпен беріледі. Ақсақалдар үй иесіне рахмет айтып, батасын береді.

7-оқушы 2.Ерулік беру — дәстүрлі халықтық жоралғының жарқын үлгісі. Жаңадан көшіп келген, жапсарлас қонған отбасына бұрыннан отырған көршілері қонақасы береді, дәм-тұз татырып, ықылас-пейіл білдіреді. Ерулік беру арқылы ауыл тұрғындары жаңа көршілерінөздеріне етене жақындастыруды, бөтенсітпеуді де көздейді. Ерулік қысқы соғымның сүбелі мүшелерінен (қазы-қартажал-жая, т.б.) пісіріледі немесе қой сойылып шақырылады.

8-оқушы 3.Мойнына бұршақ салу- Ертеде баласы жоқ адамдар мойнына көгеннің бұршағын салып Құдайдан перзент сұрап жалбарынған, жылаған. Мойынға бұршақты бала тілегенде ғана салады.

9-оқушы.. 5.Асату-Көпшілік аузы дуалы, елге сыйлы ақсақалдар өз қолымен табақтың түбінде қалған асты өзінің балаларына берген. Бұрыңғы кезде балалар қонақ шақырған үйді айналшықтап жүрген, өйткені оларды кез келген уақытта асқа шақырып қалуы мүмкін. Әйгілі жазушы Сәбит Мұқанов өзінің шығармаларында бұл дәстүрлі насихаттаған болатын

Мұғалім:  Ұлы батырымыз Бауыржан Момышұлы айтқандай, «халықтың ізгі дәстүрі – біздің ең асыл мұрамыз» десе, батыс ойшылы В.Г Белинский: «Әдет-ғұрып замандар бойы сыннан өтеді. Жан – жақты ел тарихын білетін, Отанын сүйетін, заман талабына сай оқушылар мен жастарды тәрбиелеу бүгінгі күн талабы! Тәрбие  біздің қасиетті  салттарымызға

Орындаушылар: Қанат Нұр ,Шманов Райымбек,Пазылбеков Өтесін

Құрманғазының күйі «Адай»

3-топ:Қазақстанның табиғи құндылығын білу өз елі үшін қызмет ететін тұлға екенін білу

10-оқушы.  Табиғат – адамзат өмір сүріп жатқан орта, ортақ үй, ортақ мекен. Адам мен табиғат – егіз ұғым. «Ағаш жапырағымен, жер топырағымен көрікті» дейді халқымыз. Табиғат көркейіп, желегі жасыл тартса, адамның да тынысы кеңейіп, көңілі көтерілері анық.Сондықтан  қазақтың   асыл  мұраларын  көзіміздің  қарашығындай  сақтап  келешек ұрпаққа  жалғастырып отыруымыз  қажет. Еліміз  салт-дәстүрге бай  болсын дегім  келеді.11-оқушы. Қазақстанда адамзаттың тікелей салдарынан тарихи дәуірінде жолбарыс, құлан ,тургалық бұғы ,жабайы түйе және Прижевальск жылқысы жоғалып кетті

12-оқушы Т абиғи ресурстар туралы айтатын болсақ ,Сарқылатын табиғи ресурстар өсімдіктер мен жануарлар дүниесі және кейбір минералды заттар жатады.Бірақ қалпына келмейтін ресурстар оларды адамдар пайдалану барысында ұзақ уақыт кетеді.Қалпына келмейтін өз жеріміздегі табиғи ресурстарға газ ,мұнай, көмір, жертезекпен т.с жатады.осы табиғи құндылықтарымызды сақтап қалуымыз қажет.

13-оқушы Сарқылмайтын табиғи ресурстар- табиғатта пайдалану кезінде сана мен сапасы өзгермейтін немесе аздап ғана өзгеретін табиғи өзгерістер мен физикалық құбылыстар мен денелер .Мұндай ресурстарға күн энергиясы, жел энергиясы қозғалыстағы су энергиясыжатады.Осы сарқылмайтын ресурстарды дамытып болашаққа жеткізуді арман етуіміз қажет.

Мұғалім:Экологиялық тәрбие беру ісіне жеткілікті назар аудару қажет.» (ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйек Қазақстан халқына Жолдауынан, https://www.akorda.kz)

Экология және биологиялық әркелкілікті қорғау  «Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму – еліміз үшін алдыңғы кезекте тұрған мәселе. Бүкіл өркениетті әлем жұртшылығы осы мәселемен айналысуда. Бізге де мұндай жаппай үрдістен шет қалуға болмайды.  Үкіметке экологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі шараларды нақты жүзеге асыруға кірісуді тапсырамын. Биологиялық әркелкілікті сақтау және тиімді пайдалану жөніндегі ұзақ мерзімді жоспарларды бекіткен жөн. u Мектептер мен жоғары оқу орындарында өскелең ұрпаққа Экологиялық тәрбие беру ісіне жеткілікті назар аудару қажет.» (ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйек Қазақстан халқына Жолдауынан, https://www.akorda.kz)

14-оқушы: Иә, Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

    Айта бергім келеді, айта бергім! – деп ақын Жұбан Молдағалиев атамыз жырлағандай, Тәуелсіздігімізді жариялағаннан кейінгі аз уақытта еліміз көптеген жетістіктерге жетті.

15-оқушы. Қазақстан – сан ғасырлық тарихы бар,

                                     Қазақстан – бұл азат ел, танысыңдар.

                                     Көк байрақты, елтаңбалы, әнұранды,

                                     Қазақ елі – егеменді, сан ұлты бар.

 

Ән: «Қазағым менің»

Сөзі: Н.Назарбаев. Әні: Б.Тілеуханов.

Қорытынды сөз: В.Г Белинский: «Әдет-ғұрып замандар бойы сыннан өтеді. Жан – жақты ел тарихын білетін, Отанын сүйетін, заман талабына сай оқушылар мен жастарды тәрбиелеу бүгінгі күн талабы!

Тәрбие  біздің қасиетті  салттарымызға байланысты.

Тәуелсіздік үшін мың өліп, мың тірілген қазақ елі, құдай қаласа, гүлденіп мәңгі жасай бермек. Тәуелсіздігімізді алтынымыздай ардақтап, асылымыздай бағалайық, қымбатымыздай құрметтей білейік.

            Елтаңбамыз ажарлы, әнұранымыз әуенді, асқақ бола берсін!

            Еліміздің, елдігіміздің белгісі – көгілдір туымыз, қасиетті көк байрағымыз көкте қалықтап, желбірей берсін!

Сабағымыздың мәнді, мағыналы болып өтуіне бар білімі мен күш-жігерін салған оқушылар, сіздерге рахмет!

Көңіл қойып тыңдаған қонақтарымыз – аяулы ұстаздар, алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін, ілтипат-ниеттеріңіз үшін сіздерге зор алғысымды білдіргім келеді! Осымен сабағымызды әдеттегідей музыкалық қоштасумен аяқтаймыз.

 

Қазақбаева Ақлима Дотақызы
13.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 237
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 374
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 371
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 603
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 545

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9248
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8644
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11871
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9642
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10853