Мүгедектердің құқығын қолдаудың ұлттық жоспары

Мүгедектердің құқығын қолдаудың ұлттық жоспары

Мүгедек адамдардың құқығын қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау Үкімет  қызметіндегі маңызды міндеттердің бірі болып саналады. Қазақстанда бүгінде 705 мыңнан аса мүгедек жандар бар.  430 мың адам еңбекке қабілетті, 181 мыңы зейнеткерлік жаста және 94 мыңы балалар екен. Елімізде мүгедек адамдардың құқығын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөнінде 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспар іске асырылуда.

Ұлттық жоспар 7 бағыттан тұратын 64 іс-шараны қамтиды. Ол мүгедектік профилактикасы мен алдын алу, білім алуға қолжетімділік, кедергісіз орта, жұмыспен қамту, тиімді оңалту, әлеуметтік қызметтер және қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері. Мүгедектердің құқықтарын әлеуметтік қорғау жүйесінің басты мүддесі мүгедектерді қоғаммен жақын  араластырып, байланыстыру болып табылады. Жалпы алғанда әрбір мүгедек жан қоғамдағы өз орнын, өз құқығын біліп жүргені дұрыс. Бірақ, өкінішке орай, көбісі оны білмей жатады.

Қоғамдағы инклюзия ұғымы 

Әлеуметтік топтарды бір жерге       шоғырландыру үшін инклюзиялық қоғамды дамыту – қажетті тақырыптың бірі. Қоғамда қашанда кемсітушілікке жол берілмеуі керек. Осы кезде  халықтың ойын жеткізетін, билік пен халық арасындағы байланысты жүзеге асыратын бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі орасан. Журналистер халықтың мұң-мұқтажын жоқтаса, бір жағынан проблемаларды шешіп береді. Мүгедек балалары бар  аналар қоғамда аяушылық, кемсітушілік  болмаса екен дейді.  Баланың басынан сипап, жылы сөзін айтса, осының өзі жеткілікті екен. Ана да, бала да сезімтал келеді. Сондай-ақ бұл мүгедек бала, ал мына бала дені сау деп қарау  кімге болсын ауыр тиеді екен. Аналар менде осындай бала бар деп айтуға ұялып, іштей қиналады. Сөйтіп баланы далаға шығарғысы келмейді, өзі де далаға сирек шығады. Негізі қоғам алдымен өзін-өзі  тәрбиелеп, жарымжан жандарды қабылдауы керек. 

Дамыған елдерде мүгедек деген сөз жоқ екен. Инклюзив ұғымын  қоғам жалпыхалықтық комфорт деп түсінгені дұрыс. Әр адам бір-бірін құрметтеп, комфортта өмір сүрсе,  проблема азаяр ма еді? Ең тиімді әдіс – инклюзивті білім беру. Бұл  – әртүрлі қажеттіліктер мен қабілеттерді, оқушылар мен қауымдастықтарды оқытудың сипаттамаларын  ескере отырып, сапалы білім беру мен кемсітушілікті жоюға бағытталған жалпы білім беру.

 

Инклюзияның түрлері 

Уақытша (нүктелік) инклюзия – бала құрдастарына тек мерекелерде, аз уақытта ойындарда немесе серуенде қосылады. 

Ішінара инклюзия – баланы жарты күн немесе толық емес аптаға  қосу, мәселен, бала дыбыстан жоғары топта болған кезде, жеке жұмыс барысында оқу материалына бағынбай, бірақ басқа балалармен бірге үлгілі іс-әрекет, дене шынықтыру, музыка және т. б. бойынша сабақтарға қатыса алады. 

Толық инклюзия – ЕБҚ бар баланың жас тобына толық күн режимінде өз бетінше немесе сүйемелдеуімен келуі. Бала барлық сабақтарды құрдастарымен оқиды. Бұл жағдайда әртүрлі деңгейдегі      тапсырмалар, қосымша ойындар мен жаттығулар беріледі. Міне, осы инклюзивті білім арқылы мүгедек балалар өзінің ортасында еш қымсынбай-қысылмай, құрдастарымен бірге ойнап-күліп жүріп оқуына, білім алуына мүмкіндік алады екен.

ШАРГҮЛ ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
02.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 174
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 169
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 679
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 799
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 713

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8868
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8263
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11491
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9247
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10474