Жіті ішек жұқпасы және оның алдын алу

Жіті  ішек  жұқпасы  және  оның  алдын  алу

 

Жіті ішек жұқпасы (ЖІЖ) – бұл асқазан-ішек жолдарын зақымдайтын әртүрлі бактериялар (сальмонелла, дизентерия, эшерихиоз) мен вирустар (ротавирус, норовирус) тудыратын жұқпалы аурулар тобы. Ауру әсіресе жаз және күз айларында жиі кездеседі.

Ауру қалай жуғады?

Жұқпа  ағзаға  ауыз  арқылы  (фекальды-оралды жолмен) түседі:

Су арқылы: Қайнатылмаған немесе ластанған суды ішкенде, ашық су айдындарына шомылғанда су жұтып қойғанда;

Тағам арқылы: Тез бұзылатын өнімдерді (сүт, ет, торт, салаттар) дұрыс сақтамағанда, жеміс-жидекті жумай жегенде;

 Тұрмыстық қарым-қатынас арқылы: лас қол, таза емес ыдыс, ойыншықтар мен есік тұтқалары арқылы.

Негізгі белгілері:  іштің  түйіліп  ауыруы, жүйелі құсу және жүрек айну; жиі өтуі (сұйық іш өту).

Егер сізде немесе балаңызда ішек жұқпасының белгілері пайда болса, өз   бетінше емделуге болмайды (әсіресе дәрігерсіз антибиотиктер қабылдамаңыз). Бірден дәрігерге  немесе жедел жәрдемге жүгініңіз.

 

 

Наурызбай ауданының

снитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының басшысы

В.Конеева

 

Наурпызбай ауданының

санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының

эпидемиологиялық бақылау

бөлімінің бас маманы

З.Куренкеева

 

 

 

 

22.10.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 28785
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 28315
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 45610
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 41257
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 45928