МЖӘ-ның берері мол

МЖӘ-ның   берері мол

Мемлекеттік-жекеменшік меншік әріптестік саласы жалпы қоғамда бар тәжірибе. Қазақстанда бұл сала құқықтық тұрғыдан баға беріліп, арнайы заңдармен реттелген дүние. Бұл сөзімізге дәлел ретінде «ҚР Үкіметі 2011 жылғы 29 маусымда 2011-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту жөніндегі бағдарламасы» мен 2015 жылы қазанда қабылданған «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы заңын» айта кету керек. Аталмыш заңның 3-бабында Мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің міндеттері анық көрсетілген:

«Қазақстан Республикасының орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің тиімді өзара іс-қимылы үшін жағдайлар жасау;

Инфрақұрылымды және халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерін дамыту үшін мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің ресурстарын біріктіру арқылы мемлекет экономикасына инвестициялар тарту;

Халықтың, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалардың мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі деңгейін және сапасын арттыру;

Қазақстан Республикасындағы жалпы инновациялық белсенділікті арттыру, оның ішінде жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамытуға жәрдемдесу», –  делінген. Бұл жалпы мақсатты шағын мақаламызда әдейі келтіре кеттік. Қазір бұл жобалар экономикалық саладан бөлек әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру, денсаулық сақтау саласын ілгерілету, білім беру жүйесін жетілдіру жағына да қолданылып жатыр. Зерттеушілердің пікіріне сенсек,  мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру аясында білім саласы бойынша жасалған шарттардың саны көбейіпті. Әрі мұндай шарттардың басым бөлігі Астана қаласында жасалған. 

Осы орайда Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылы 31 желтоқсан күні «Астана қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңесте» сөйлеген сөзі мен бірқатар маңызды нұсқаулары еске түсіп отыр. Мемлекет басшысы елордамыздағы мектептердің жайына айрықша тоқталған еді. Өкінішке қарай, қазірге дейін айтылып келе жатқан мәліметтердің біразы қағаз жүзінде қалған сыңайлы. «2022 жылы 16 мектеп пайдалануға беріледі» деген мәліметтің күдікті екені белгілі болды. Бұған дәлел «Астанада білім ошақтарының құрылысы баяу жүріп жатыр. Былтыр небәрі 3 мектеп салынды. 8 мектеп дер кезінде пайдалануға берілмеді. Соның кесірінен бала саны артық және үш ауысыммен оқытатын мектептер көбейді. Кей сыныптарда 30-дан астам бала оқиды. Бұл, әрине, білім сапасына кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектептерде орын жетіспейді. Әкімдік Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, мұның бәрін шешуге баса мән беруі керек. Жалпы, мектеп салу мәселесі – стратегиялық міндет. Оны орындау үшін мемлекет қана емес, қалталы азаматтар да белсене атсалысуы керек. Мен бұл мәселені осыған дейін де талай рет айттым. Бірақ ниеті бар азаматтарды және нақты іс-әрекетті әзірге көріп отырған жоқпыз. Жалпы, жеке қаржыға мектеп салудың жолдарын ойластырған жөн», – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Мемлекет басшысының жекеменшік әріптестік мәселесін қарастыру жағын нұсқағаны айдан анық.

Мұндай әріптестік аясында Астанада сәтті шешілген мәселелердің қатарында балабақша жетіспеушілігінің күрт азайғандығын айта кеткен жөн. Дегенмен кейбір азаматтардың алаңдаушылық танытуына да бейжай қарауға болмас. Себебі кейбір энергетика саласын қамтамасыз етіп отырған мекемелер мұндай әріптестікті жеке мүдделеріне барынша пайдалануға көшкендігі айтылып жатыр. Ішінара аймақтарда орын алған апаттық жағдайлар әріптестіктің жалпы барысына қатаң бақылау жүргізу қажеттілігін алға тартқандай.

Жалпы мемлекетіміздің, халқымыздың игілігі үшін оң әсер ететін мұндай жобалар алдағы уақытта өз жемісін көптеп береді деген сенімдеміз.

 

ЕРҚАЗЫ СЕЙТҚАЛИ
16.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 123
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 50
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 118
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 123
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 314
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 308
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 931

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9004
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8399
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11625
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9382
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10609