NEET жастар проблемасын жаңаша шешу керек

NEET жастар проблемасын жаңаша шешу керек

20 қаңтарда «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің қолдауымен «NEET санатындағы жастар: әлеуметтану мәселелері мен оларды шешу жолдары» тақырыбына арналған «Jastar: ózekti másele» сараптама алаңының отырысын өткізді. Талқылауға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, республикалық жастар ұйымдарының басшылары, сарапшылар мен ғылыми қоғамдастықтың, сондай-ақ ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Қоғамды дүр сілкіндірген «Қаңтар қасіретінен» кейін еліміздегі жастар мәселесінің өзектілігі артып отыр. Жастардың жұмыссыздығы, жалақы, мамандық бойынша жұмысқа орналасу мәселесі, діни сауаттылығы, бос уақытында немен айналысатыны, білім деңгейі, мәдениеті қазіргі қоғам дамуына бейімделу үрдісі елдегі тұрақтылық мәселесіне тікелей әсер ететіні белгілі. 

Ресми статистикаға сәйкес былтыр елімізде жастар арасындағы   жұмыссыздық деңгейі 3,7% құрады. Яғни 14-29 жас аралығындағы 3,7 млн жастарымыздың 250 мыңға жуығы жұмыссыз және құлықсыз NEET жастар санатында.

Демек NEET санатындағы жастардың мәселелері мен қажеттіліктеріне қатысты жаңа инновациялық тәсілдер қажет. Өйткені мұндай жастардың көбеюі қоғам дамуына кері әсер ететіні сөзсіз. Осы орайда Вера Ким: – «Қаңтар оқиғасына байланысты мәселелерді айналып өтуге болмайды. Атап айтқанда, қаңтар оқиғасы қазіргі кезде жастар арасында шұғыл шешімді қажет ететін проблемалар бар екенін айқын көрсетті. Бұл мәселеде мемлекеттік органдар, мемлекеттік құрылымдар, сондай-ақ бағдарламалардың белгілі бір түрлері кей жағдайда шапшаң болмай жататынын түсінеміз. Осыған байланысты барынша икемді болып, жастар мәселесін шешу жолында тиісті қажеттіліктерге сәйкес, аталған бағдарламалардың қаншалықты қажетті әрі тиімді екенін пысықтау керек», – деді 

Жастар саясатын жүзеге асыру бағытында былтыр күзде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген ұлттық 10 нақты жобаның ішінен «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасының жұмыс істеу қарқынын арттыру маңызды болып отыр. 2021-2025 жылдар аралығында нәтиже беруге тиіс жоба үш бірдей министрлікке (Ақпарат және қоғамдық даму, Мәдениет және спорт, Білім және ғылым министрліктері) жүктелді. 119 миллиард теңге бөлінген жобаның басты міндеті – әсіресе NEET жастар санатын қолдау шараларына ерекше назар аударып, осы санаттағы жастардың үлесін 5%-ға дейін төмендетуге басымдық береді. Қазір әлемдік еңбек ұйымы да дамушы елдерде бұл санаттағы жастар санын азайтуды көздейді. Статистика мәліметіне сүйенсек, еліміздегі 250 мың ынтасыз, құлықсыз, жұмыссыз жастардың 52 мыңы үй шаруасындағылар және жас аналар. 33 мың денсаулық  жағдайына байланысты жұмыс істемейтіндер. Сонымен қатар дамуы тежелген ірілі-ұсақты қалалардағы жастардың мүмкіндігінің шектелуі де NEET жастар санатының артуына себеп екені белгілі. Сондықтан мемлекеттің жастар саясатын жетілдіруге бей-жай қарауға болмайды. Аз ғана айлық, жоғары жүктеме де адамның жұмысқа деген ынта-жігерін әлсіретеді. Бүгінге дейін жұмыс істеп келген «Дипломмен – ауылға!», «Серпін», «Баршаға бірдей тегін техникалық және кәсіптік білім беру», «Жас кәсіпкер» бағдарламаларынан айтарлықтай нәтиже болған жоқ.  Насихат аз, сыбайластық қолбайлау екені жасырын емес. 

Мәселен Жапонияда Sort skills (дұрыс дағдыларды) дамыту тәжірибесі бар. Олар жастардың NEET санатын зерттеп, оларға арналған өз-өзін дамыту бағдарламаларын жасайды. Сонымен бірге дамыған елдерде студенттерді жұмыс істеуге университет қабырғасынан бейімдеу бар. Тағылымдамадан өтуге барған жерінде жұмысқа алу, қосымша ақы төлеу  қарастырылған. NEET жастар көрсеткіші аз елдердің ең басты қағидасы – баланың білім алуына кішкентайынан инвестиция салу, оларды балабақша, мектепке дейінгі білім беру орталығында тиісті біліммен «қарулану», сапалы білім беретін мектепке баруын қадағалау, университетке түскенде де үздіксіз дамуына қажетті деңгейде мән беру, яғни баланың туғаннан бастап, тұлға болып қалыптасуына бар мүмкіндікті жасауға негізделген жүйе құру.

ҚР ақпарат және қоғамдық даму экс министрі Аида Балаева: – «2025 жылға қарай жастардың мемлекеттік қолдау шараларына қанағаттану деңгейі 80%-ға дейін артады», – деген болатын. Демек, «Балам деген ел болмаса, елім деген бала болмайды» деген қағиданы ескерсек, жастарды мемлекеттік қолдау шараларының маңызы зор екен түсінеміз. Өйткені NEET жастардың пайда болу себебін объективті, субъективті және жеке тұлғалық тұрғыдан қарастырсақ, ең басты әсер ететін фактор – өскен ортасы, отбасы, қоғам, достар. Сондықтан салауатты, саналы, салиқалы ортаны қалыптастыру алдымен мемлекеттің құзырындағы іс екенін ұмытпаған жөн. 

Айтпақшы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастар арасындағы жұмыссыздықты жою, алдағы 5 жылда Қазақстанда беделді деген халықаралық 5 ЖОО филиалын ашу, мамандық таңдауда нақты қажетті мамандықтарға басымдық беру, халық тығыз орналасқан өңірлердің жастарына гранттар бөлу, әскери борышын өтеуге ынталандыру, «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» жобаларына қатысу мерзімін ұзарту, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында тиісті грантты 400 АЕК-ке дейін ұлғайту бойынша Үкіметке бірқатар тапсырмалар берді. 

NEET санатындағы жастар деп кімдерді айтамыз дегенге келетін болсақ, ғылымда NEET термині ағылшын тіліндегі «Not in Empoloyment. Education or Trai­ning» ұғымының бас әріптерінен құралған. Қазақ тіліне аударсақ, «не жұмыс істемейтін, не оқымайтын, не өзге де істермен айналыспайтын адам» дегенді білдіреді (massaget.kz).

 

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
27.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 58
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 31
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 59
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 23
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 168
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 172
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 388
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 353
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 970

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9048
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8444
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11671
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9435
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10652