Облыстың даму қарқыны көңіл қуантады

Облыстың даму қарқыны көңіл қуантады

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев жақында Астана қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметі орталығында республикалық БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму барысымен және алдағы жоспарларымен таныстырғаны белгілі. Облыс басшысы атап көрсеткендей, биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің өсуі байқалады. Өңірдің қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 105,3% деңгейді көрсетеді.

 

Негізгі облыстың даму көрсеткіші құрылыс, өнеркәсіп, ішкі сауда айналымы, ауылшаруашылығы саласы бойынша және инвестиция тартуда 100 пайыздан жоғары нәтижеге ие. Қазіргі күнде 237 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2 мың отбасы баспаналы болған жайы бар.

Нақты дерекпен айтар болсақ, бүгінгі күнге дейін мемлекеттік бюджетке 294, 9 млрд теңге салық пен басқа да міндетті төлемдер түскен. Оның 197 млрд теңгесі республикалық бюджетке, 97,8 млрд теңгесі жергілікті бюджетке тиесілі. Бұл облыс экономикасының өсу қарқыны 126,5%-ға жеткендігін көрсетеді.

Биыл облыс бюджетінің көлемі 480,8 млрд теңгеге жеткендігін ескерсек, бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда    120%-ға артқандығын айқындайды.

«Жасыратыны жоқ, соңғы 25 жыл ішінде өңірдің инфрақұрылымы тұралап қалғанын білесіздер. Тозған дүниені әлі жаңартумен келеміз» деді облыс әкімі баяндама барысында.

Қуантарлығы сол, қазіргі күнде облыс орталығы – Семей қаласының бюджеті 114,7 млрд теңгені құрайды. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда  7,7%-ға артық (106,5 млрд теңге) екендігін ескерсек, қаланың әлеуметтік ахуалы оңала бастағанын білдіреді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2023-2027 жылдарға арналған Кешенді жоспары Үкіметтің қаулысымен бекітілген болатын. Оның жалпы инвестициялық сомасы 1,9 трлн теңгеге межеленіп, орындалу жоспары 102 іс-шараға негізделген. Биыл 286,1 млрд теңгеге 74 іс-шараны іске асыру басталып, 7-і толықтай аяқталды. Қалған жобалар, жоспарға сәйкес 2025-2027 жылдар аралығында іске асатын болады», деді Нұрлан Тельманұлы.

Облыста инвестиция тарту арқылы экономиканы оңалтудың түрлі қадамдары жақсарып келеді. Айталық, жалпы көлемі 560,5 млрд   теңгені құрайтын «Айдарлы» мыс кен орнында тау-кен байыту комбинатын салу осы мақсаттағы ірі инвестициялық жобалардың бірі. Жобалық қуаттылығы – жылына 50 млн тонна кен өндіруге мүмкіндігі бар. Сол негізде 1 мың жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар маусым айында Үкіметте 1,5 млрд долларға ірі мыс балқыту зауытын (KAZ Minerals Smelting ЖШС) салуға келісімге қол қойылғаны өңірде өндіріс орындарының жұмыс қарқыны өркендей бастағанын аңғартса керек.  Жобалық қуаты – жылына 300 мың тонна мыс шығаруға мүмкіндігі артып, 1 мың жұмыс орны құрылады.

Мердігері «NFS Kazakhstan» ЖШС болып нақтыланған зауыт Ақтоғай кентінің маңында салынбақ. Бұл әлемдегі ең ірі мыс кеніштерінің бірін және қазіргі заманғы мыс балқыту өндірісін біріктіретін кластер болады. Кәсіпорын іске қосылса, құрамында мыс бар шикізат пен катодты мыс өңдеуге нарықтың ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.

Айта кету керек, катодты мысқа электр энергетикасында, машина жасауда және басқа да өнеркәсіптік салаларда қажеттілік бар. Амандық болса, жаңа зауыт тазартылған алтын, күміс және күкірт қышқылын шығаруды жоспарлап отыр. Аталған нысанды пайдалануға беру 2028 жылдың соңына дейін жоспарланған.

Агроөнеркәсіптік кешенде 7,3 млрд теңгеге 17 инвестициялық жоба іске асты. Жыл аяғына дейін тағы 1 жоба іске қосылатын болады.

Нұрлан Тельманұлы Президент назарға алған ауылшаруашылық мақсатында пайдаланбаған жерлерді қайтару ісінің орындалу барысынан да хабардар етті. Облыс бойынша жалпы ауданы 644,1 мың гектар болатын 114 жер учаскесі анықталып, қазіргі күнде оның 112,5 мың гектары қайтарылған. Яғни, бұл мақсаттағы жоспар толық орындалды деуге болады.

«Ең маңызды мәселе – жылумен жабдықтау. Облыс бойынша 18,5 млрд теңгеге 28 жоба кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр.

Биыл республикалық және облыстық бюджеттен 9,2 млрд теңге бөлініп, 27,5 км жылу желісі мен 17 жылу көзі жөнделді. Нәтижесінде, жылу желілерінің тозу көрсеткіші 64%-дан 59%-ға дейін төмендеді. Бұдан басқа, былтырдан бері, жеке инвесторлар есебінен 7 жылу көзі мен 3 жылу желісін қайта құру мен салуға жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде.

Биыл осы үрдіс жалғасып, бюджеттен тыс қаржы есебінен 32 жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Осылайша, алдымызда жалпы жиыны 42 жобаны іске асыру міндеті тұр» деп атап өтті өңір басшысы.

Облыс әкімінің айтуынша, Семей қаласының оң жағалауында 146,99 Гкал жылу энергиясының тапшылығы бар. Бұл мәселені шешу үшін Президент тапсырмасымен жаңа жылу электр орталығын салу тапсырмасын орындау жүктелген. Сол негізде облыстық әкімдік «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы мен жобалаушыны қатыстыра отырып, жедел жұмыс тобын құруға қол жеткізді. Құрылыс алаңы (сол жағалау, Степной кентінің ауданы) мен күл үйіндісін жинақтау орны анықталды.

Қазір «Самұрық-Энерго» техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу үстінде. Сондай-ақ, «Самұрық Энерго» АҚ-s қуаты 294 МВт «Семей ГЭС» құрылысының алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесін және қуаты 1050 МВт ұлғайта отырып, «Шүлбі ГЭС-ін» қайта құрудың екінші кезегін әзірлеу бойынша жұмысты аяқтағаны қуантады.

Жалпы, Абай облысы бойынша, жоспарланған жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылып жатыр. Басқа да салалар бойынша, нақтыланған істер жайынан алдағы уақытта да хабардар ететін боламыз.

 

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы
08.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 18
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 564
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 679
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 590
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 601

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8736
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8137
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11366
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9118
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10349