Омикрон қаншалықты қатерлі?

Омикрон қаншалықты қатерлі?

Үрейлі штамм

Қараша айының ортасында Оңтүстік Африка елінде коронавирустың аса қатерлі штамының анықталғаны мәлім болды. Жедел таралып жатқан ақпараттарда, өзгеріске ұшыраған бұл түрдің ең алдымен Египет пен Түркияда байқалғаны айтылады. Алайда Оңтүстік Африка ғалымдары бұған алғашқы сатыда ғылыми тұжырымдама жасап, ДДҰ-ға мәлімдеген. Бұл жаңа штамм туралы ақпарат тарала салысымен жұқпалы аурудан запы болған мемлекеттер бірден сақтық шараларына көшіп, ішнара елдерге әуе тасымалына тыйым сала бастады. Жаңа штамм туралы болжам жасап үлгерген «көріпкел блогерлер» вирустың мутацияға ұшыраған бұл түрінің Дельтадан 500 есеге жылдам таралатындығын әрі 32 түрлі мутацияға түсе алатындығын, одан да сорақысы бұл түрдегі вирусқа ешқандай вакцина көмектесе алмайтындығын  да «алдын ала айтып» жіберді. Арада бірер апта өткенде барып Оңтүстік Африка ғалымдарының алғашқы зерттеу нәтижелері шыға бастады. Олардың болжамы бойынша бұл жаңа штамм Дельтаға қарағанда үш есе жылдам таралуы мүмкін екен. 

 

Ресми анықтама

2021 жылдың 24 қарашасында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына «SARS-CoV-2 жаңа B.1.1.529 нұсқасы» туралы хабарланды. Бұл жаңа нұсқа алғаш рет 2021 жылдың 11 қарашасында Ботсванада және 2021 жылдың 14 қарашасында Оңтүстік Африкада жиналған үлгілерде табылды. 2021 жылдың 26 қарашасында ДДҰ «B.1.1.529 Omicron»-ды «Omicron» деген атауға тұрақтандырды және оны қатерлі штамм ретінде тіркеді. 2021 жылдың 1 желтоқсанында Америка Құрама Штаттарында алғаш рет омикронмен ауырған науқас анықталды. Ақпараттарға қарағанда бұл адам бір апта бұрын Оңтүстік Африкадан ұшып келген екен. Коронавирустың бұл жаңа түрі қазірге дейін АҚШ, Жапония қатарлы 40-тан астам елде таралып, 16000-нан астам адамның жаңа штаммен ауырып жатқаны айтылып жатыр.

 

Құзырлы мекемелер не дейді?

ДДҰ желтоқсанның 3 күні омикронның таралғыштығы мен вакцина салдырған адамдарға жасайтын әсері туралы зерттеліп жатқандығын айтты. Олардың мәліметіне қарағанда қазірге дейін ауырғандардың арасында өлім жағдайы тіркелмеген екен. Америка Құрама Штаттарының ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (Centers for Disease Control and Prevention, қысқаша CDC ) желтоқсанның 5 күні «www.cdc.gov» сайтында «Сіз білуге тиісті мутацияланған Омикрон» атты ақпаратты жариялады. Онда омикрон туралы қазірге дейін анықталған деректер мен сақтық шаралары айтылған. «CDC орталығы омикрон туралы ДДҰ-мен және өзге де серіктестермен бірлесе жұмыс істейді. Біз оны бақылауды жалғастыра береміз. Пандемия басталғалы COVID-19 тудыратын вирустарды бақылау және денсаулық сақтау тәжірибесі туралы ақпарат беру үшін геномдық бақылауды жалғастырып келеміз. Біз қазірше омикронның таралу жағдайы мен адам денсаулығына қаншалықты әсер ететіндігін, оған қарсы вакциналар мен дәрілердің қаншалықты тиімді екенін әлі білмейміз. Омикрон вирусын жұқтырған кез келген адам вирусты басқаларға таратады деп болжанып отыр. Омикрон жұрт назарын аударып жатқанымен АҚШ әлі де Дельтаның әлегінен құтылған жоқ. Омикрон инфекциялары, әсіресе кешенді вакциналаудан өткен адамдарға жұғымталдығы аурудың жағдайы мен өлім қаупі туралы кесім айту үшін әлі де зерттеулер жасау керек» деп мәлімдеді АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығы. 

 

Вакцинаның тиімділігі

Әлемді алаңдатып отырған жаңа түрдегі вирусқа қарсы вакцина немесе өзгеде дәрі-дәрмектер туралы ешкім де жаңалық аша қойған жоқ. Алайда қолданыста жүрген екпелердің белгілі деңгейде көмегі болатындығын ғалымдар жоққа шығармайды. Жоғарыда аталған ресми ақпаратта, вакцина салдырудың ең тиімді қорғаныс екендігі баса дәріптелген. «Вакциналар адамдарды COVID-19 инфекциясынан қорғауға, таралуын бәсеңдетуге және жаңа мутациялардың ықтималдығын азайтуға арналған денсаулық сақтаудың ең жақсы шарасы болып қала береді. Қазіргі уақытта ғалымдар омикронды, соның ішінде кешенді вакциналаудан өткен адамдарды инфекциядан, ауруханаға жатқызудан және өлім қаупін азайту жолдарын зерттеп жатыр. CDC орталығы  5 жастан асқан әрбір адамға кешенді вакциналау шаралары арқылы өздерін COVID-19-дан қорғауды ұсынады. CDC жасы 18-ге толған және одан асқан әрбір адамға вакцинаның екі компонентін алғаннан кейін (J&J/Janssen, Pfizer-BioNTech, Moderna вакциналарын атаған) кемінде алты айдан соң күшейткіш екпелерді  салдыруды ұсынады. Бетперделер барлық нұсқалардан қорғауды қамтамасыз етеді. CDC вакцинация мәртебесіне қарамастан ауыр немесе жоғары қоғамдастық инфекциясы бар аймақтарда қоғамдық жабық орталарда бетперде тағуды ұсынады» делінген аталған сайттағы ақпаратта. 

Ғалымдар қатерлі штаммнан қорғанудың жолы оқшаулану, вакцина салдыру және үнемі бетпердемен жүру керек дегенді алға тартып отыр.

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
09.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 45
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 149
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 41
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 49
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 46
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 144
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 149
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 335
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 328
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 952

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9027
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8423
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11651
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9407
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10633