Орталық Азияда бірыңғай медиа кеңістігін құруды көздейтін форум өтті

Орталық Азияда бірыңғай  медиа кеңістігін құруды  көздейтін форум өтті

Бұқаралық коммуникациялар қарқынды дамыған қазіргі заманда медиа саласында тәжірибе алмасу, яғни өңірдегі мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық аясын кеңейте түсу айрықша маңызды. Осыған орай Астана қаласында екі күнге созылған  Орталық Азия медиа форумы өтті.

 Аталмыш іс-шарада ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқыды. Хатта Президент Орталық Азия елдері үшін бірыңғай медиа кеңістігін құруды көздейтіндігін айтты. «Орталық Азия мемлекеттер басшыларының IV консультативтік кездесуінде біздің елдеріміз туралы хабар тарататын ортақ телеарна ашуды немесе арнайы сайт құруды ұсынғанымды білесіздер. Бүгінгі форумда бұл мәселе де жеке талқыланбақ. Біз жаһандану дәуірінде өңірлік ақпараттық кеңістікпен шектеліп қалмауымыз керек, бірлескен медиаөнімдер жасап, ортақ құндылықтарды халықаралық деңгейде дәріптеу аса маңызды. Сол арқылы Орталық Азия елдерінің жасампаз идеялары мен жарқын істерін жер жүзіне танытамыз», – деді, Қ.Тоқаев. 

Бірегей ынтымақтастық алаңына айналған форумға мемлекет және қоғам қайраткерлері, экс-президенттер, Пулитцер сыйлығының иегерлері, әлемдік саясаткерлер, халықаралық және жергілікті журналистер, халықаралық ұйымдардың жетекшілері мен беделді медиа сарапшылар қатысты. 

Шараның мақсаты – өңірлік бірегейлік, жаңа медианы дамытып, жасанды интеллект технологияларын медиада қолдану, ақпараттық қауіпсіздік, медиа саласындағы білім беру сынды өзекті мәселелердің шешімін табу. 

Аймақтағы танымал журналистердің, сарапшылар мен медиа менеджерлердің басын қосқан форум – мамандардың кәсіби пайымдарын бірлесе талқылауға мүмкіндік беретін бірегей пікірталас алаңы. Панельдік сессиясында Түркияның он бірінші президенті Абдолла Гүл мен Монғолияның үшінші президенті Намбарын Енхбаяр өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, танымал әнші Димаш Құдайберген БҰҰ резолюциясы бекіткен 21 қыркүйектегі «Халықаралық бейбітшілік күні» мен әлемдік «Peace one day» жобасының авторы Джереми Гиллимен бірге бейбітшілік идеясы бойынша арнайы сессия өткізді. 

Сонымен қатар іс-шараға Түркі мемлекеттері ұйымы, Ислам Ынтымақтастығы ұйымы, Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы, ТҮРКСОЙ, АЫӨСШК, БҰҰ, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, UNFPA, ЕҚЫҰ Қазақстандағы өкілдіктері қатысты. Бірінші Орталық Азия медиа форумын ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырды. 

Балжан АЛЖАНОВА
22.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 44
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 146
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 40
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 48
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 45
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 141
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 146
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 333
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 326
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 949

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9024
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8420
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11648
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9404
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10630