Отанбек Алмабеков: Химия саласында виртуалды зертхана жасап жатырмыз

Отанбек Алмабеков:  Химия саласында виртуалды  зертхана жасап жатырмыз

Бүгін біз ғұмырын ғылымға арнаған, Қазақстанның химия саласында өлшеусіз еңбек етіп, том-том еңбек жазған, білім ордаларында ондаған жылдар бойы ғалымдарды тәрбиелеп, Отанына адал ұл болған Отанбек Әмірбекұлы Алмабековпен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынбақпыз. 80-нің сеңгіріне шыққан ғалым өміріндегі түрлі қиындыққа қарамастан салы суға кетпей, ғылым үшін ерінбей еңбек етті. Мүйізі қарағайдай ғалым, ақындардан бата алып, химия саласында өзінің даңғыл жолын салып, болашаққа өшпес мұра қалдырды. Болашақ химия саласының мамандарын дайындауда жанұясымен бірге атсалысты. Әлі күнге дейін, жасы 80-ге келсе де виртуалды зертхана жасап, студенттерге барынша химия саласының қыр-сырын үйретіп жүр. Электронды кітаптар, видеодәрістер, виртуалды зертхана, ғылыми еңбектер мен Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі студенттерге оқулықтар дайындап, осы саладағы нағыз майталман атанып отыр. Редакция атынан ғалым Отанбек Әмірбекұлы Алмабековты 80 жас мерейтойымен құттықтаймыз! Том-том еңбектері қазақ ғылымының жас мамандарына азық болып, отандық химия саласының өркендеуіне жол ашсын! 

 

Докторлық диссертациямды Мәскеуде қорғадым

– Қарап тұрсам, сіз соғыс жылдары дүниеге келіпсіз. Қиын жылдарда басыңыздан кешіргеніңіз анық. Ғылым жолына қалай түскеніңізді айтып өтсеңіз...

– Мен 1942 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз деген ауданда дүниеге келгенмін. Қарасаз – атақты ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған ауылы. Кіндік қаным тамған Хантәңірінен Айқайтасқа дейінгі жердің сұлулығына көз сүрінеді. Әкемді көрген жоқпын. 1941 жылы әкем өзі сұранып соғысқа кеткен. Содан қайтып оралмады. Кейін іздестіріп білсек, 1944 жылы 10 қазанда Венгрияның Дебрецен қаласының маңындағы қиянкесті ұрыста ерлікпен қаза тауыпты. Ол кісі екі мәрте Қызыл ту орденімен марапатталыпты. Шешем 17 жасында жесір қалып, одан кейін күйеуге шықпады. Мені өсіремін, оқытамын деп өмірін арнады. Әкем өзі соғысқа аттанарда: «Мен Отан қорғауға кетіп барамын. Ұл туса атын Отан деп қойыңдар», – деген екен. Әкемнің аманатын орындап, менің атымды Отанбек қойған.  Мен сол Нарынқолда 10 сыныпты күміс медальмен бітірдім. Ол кезде де бармақ басты, көз қысты деген секілді дүниелер болып жататын. «Молодежь» деген сөзде «ь» қоймай кетіп едім, комиссия маған алтын медаль бермей қойды. Бір ғана қателік сол сөзден шықты. Менің орныма директордың баласы алтын медаль алды. Солай болу керек болған секілді. 17 жасымда анам мені Воронеж технологиялық университетіне оқуға жіберді. Елдің бәрі шешеме жалғыз баланы неге алысқа жібердің деп жатты. Бірақ шешем менің білім алуым үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Сөйтіп сол жақта оқу бітіріп шықтым. Кейінірек композитор, академик Ахмет Жұбановтың ұлы, ҚР Ғылым Академиясының химия институтының бастығы Болат Жұбановтың қабылдауында болдым.  Ол кісі жағдайыммен танысқан соң            Е.Шайхутдиновты шақырып алып, мені қазіргі ҚазҰУ-дың химия, химиялық технология және экология кафедрасына орналасуыма көмектесуін сұрады. Солай мен Б.А.Жұбановтың арқасында қызметке орналастым. Ол кісі маған ұлағатты ұстаз, қамқор әке болды. 

Мәскеудегі Ломоносов университеті сырбойылық түлектер үшін грант бөлетін  болды - Қазақстан жаңалықтары | STAN.KZ

– Сіз осы салада докторлық диссертацияңызды Мәскеуде қорғаған алғашқы қазақсыз. Сол туралы айтып берсеңіз?

– Докторлық диссертациямды Мәскеуде қорғағаным рас. Химия саласында алғаш рет Мәскеуде ғылым докторы атағын алған менмін. Ол кезде бұл шаруа екінің бірінің қолынан келе бермейтін. Мәскеудегі Ломоносов атындағы технологиялық Университетте «Жоғары температурада полимерлерді алу жолдары» тақырыбында докторлық диссертациямды қорғадым. 13 ғылыми кеңес мүшесі болды. МГУ мен Менделеевтен келген еврей ғалымдар еді. Маған деген көзқарастары басында дұрыс болмады. «Мынау қазақ кім?» дегендей қарады. Мүмкін жап-жас жігіт келгеніне шамданған шығар. Шама келгенше айттым. Мен саған бір қызық айтып берейін. Шешем осындай маңызды істе «бабаңның аруағы қолдап жүреді, соған жүгін» деп айтатын. Сол есіме түсіп, іштей күбірлеп, Райымбек бабамнан медет сұрадым. Бұны көрген төраға «не деп күбірлеп тұрсың?» деді. Мен: «Бабаларымды шақырдым», – дедім. Қарсыласым маған 11 ескертпе жасады. Негізі 4 ескерту ғана жасауы керек. Содан кейін В.С.Кереевке: «Бұлай болмайды ғой, неге 11 ескертпе жасадыңыз?» – дедім. «Қалай болмайды, докторлық қорғап жатырсың ғой», – деп кейіді. Амал жоқ, солардың шартына көнуге мәжбүр болдым. Ескертпе жасағаннан кейін, соның бәріне жауап алуы керек. Мен соның бәрін айтып беруім қажет. Шама келгенше бәрін айтып бердім. Бір жерінде сәл ғана қателестім. Бірақ қалғанының бәрін нақты түсіндірдім. Содан кейін ескертпеге жауап алған қарсыласым келе жатып, жап-жазық айнадай еденде сүрініп жығылды. Айнадай еденде тырнағына ағаш кіріп кетті. Қан бұрқырап ақты. Айнала түгел қан болды. Киіміне дейін қызыл ала болып кетті. Әйелімнің құрбысы Мәскеуде тұратын. Біз соның үйінде жатқанбыз. Абырой болғанда сол құрбысы келіп көмектесіп, қанын тоқтатып берді. Сосын мен: «Виталий Павлович, көрдіңіз бе? Ол кісі өзін дұрыс ұстамады. Мені жоқ жерден құлатқысы келді. Ал мен бабаларымды шақырдым. Не болғанын көрдіңіз бе?» – дедім. Ана жердегі кеңес мүшелерінің көзі шарасынан шығып кете жаздады (күлді).  Менің диссертациямды бәрі құптап, мені қолдады. Бір жарым айдан кейін докторлық берді. Профессор деген атақты да сол Мәскеуден алдым. 

 

Мұқағали Мақатаевтың батасын алдым

– Академик Б.А.Жұбановпен кездескеннен кейінгі еңбек жолыңыз қалай болды?

– Болат Ахметұлы Жұбанов маған көп көмектесті. Ұстазым болды. Сол кісінің арқасында, жоғарыда айтып өткендей, Мәскеуде докторлық диссертациямды қорғадым. Зертхана ашып берді. Кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісіне дейін көтерілдім. Кейін маған «АТУ-ға кел» деп қолқа салды. Болат Ахметұлымен кездесіп, осы туралы ақылдастым. Ол кісі де қолдады. «Зертханада меңгеруші болдың, одан кейін не істейсің? Ары қарай өсуің қиындайды», – деді. Оның үстіне зертханада реагенттер де аз. Маған эксперименттерімді сонда өткізіп тұруға, студенттерімді алып келуге рұқсат берді. Ғылым Академиясының Химия институтында 1965-1990 жылдар аралығында қызмет істедім. 1970 жылы химия ғылымының кандитаты атандым. 1991 жылы АТУ-ға ауыстым. Сабақ беріп, кейін кафедраның меңгерушісі, декан болдым. 2003 жылы ректор, академик Құралбек Сәдібайұлы Құлажановпен бірге Химиялық технологиялар мамандығын аштық. Содан кейін химия технологиясы, органикалық химия, қатты отын өндіру, мұнай процестерін өңдеу технологиясы туралы қазақ және орыс тілдерінде дәріс оқыдым. Былтырдан бері көзім дұрыс көрмей, нашарлап кетті. Сол үшін ректордан сұранып, жұмыстан кеттім. 

– Менің білуімше, Мұқағали Мақатаев сізге лебізін білдіріп, Воронежге оқуға барарда ақ жол тілепті. Сол туралы айтып берсеңіз?

– Иә, шешем екеуіміз көшеде келе жатқанда алдымыздан Мұқағали Мақатаев шықты. Ол кісі менің шешемді таниды екен. Бір ауылдың тұрғындарымыз ғой. Менің Воронежге кететінімді біліп, маған ақ жол тіледі. 

– Айналайын інім, алысқа, Воронежге білім іздеп, ізгі ниетпен жол жүріп барады екенсің. Анаңның, еліңнің, Отаныңның сенімін ақтап, білім ал. Сабағыңды жақсы оқы. Әкеңді танитын едім, өте жақсы адам болатын, – деп шығарып салғаны әлі есімде. Ол кезде бәрінің жағдайы мәз емес еді. Бірақ ол кісі өз қалтасынан 50 сом ақша берді. Бұл сол кезде үлкен ақша болатын. Мұқағали секілді алып ақынның батасы да маған жол ашқан сияқты. Өмірімде осындай ұлы адам кездестіргеніме қуанамын. Мұқағали туған жерде дүниеге келгенімді мақтан етемін. 25-26 кітап жазып, ғалым, профессор атанып жүрсем де, Мұқағалидың рухын жоғары қоямын. Себебі абыз ақынның өсиеті халқымен бірге жасайды. 

 

Менің байлығым – ғылыми кітаптарым

– Жұбайыңыз да химия саласының маманы, ғалым екен. Екеуіңізді тағдыр қосқан десек те болатын шығар. Жұбайыңыз туралы айтып берсеңіз. Екі ғалым адам қалай жолықты?      

– ҚазҰУ-да жүргенімде маған жұбайым туралы адамдар айтып жүрді. Осындай сұлу, аққұба, аққу мойын қыз осы университетте оқып жүр деді. Жақсылап танысу үшін оған сабақ бер деді. Өзім де жаспын. Оны мақтағаннан кейін сабақ беруді қайдам, қарадым да отырдым (күлді). Сабақ сұрадым. Бәріне жауап береді. Тіпті менен жақсы біледі кей нәрселерді. Билетті суырып алып, кез келген сұрақ қойсам, бәрін тақылдатып айтып тұрады. Солай таныстық. Отау құрғанымызға, міне, 50 жыл болды. Бұл кісі ешқашан төрт деген баға алып көрмеген. Мектептен бері кілең бес деген баға ғана алады. Мектепті алтын медальға бітірсе, университетте үздік диплом алған. 1976 жылы химия ғылымдарының кандидаты атанды. Менен бұрын доктор алуы мүмкін еді, бірақ мен онымен отау құрып, үйге отырғызып қойдым (күлді). Жұбайым Қазақ медицина университетінде сабақ береді. 50 жыл бойы сол оқу орнында қызмет етіп келеді. Ғылымға, білімге берілгені сонша, бұл кісі сабақ үшін ішкен асын жерге қояды. Тура және ауыспалы мағынасында да солай. Жанкешті жұмыс істейді. Бұл кісі сабақты ойласа, бәріміз үйде аш қаламыз (күлді). Ғылым үшін осындай жанкешті жұмыс істейтін адамдар некен-саяқ. Қанша  химия бар, соның бәрінен сабақ береді. Менен де озып кетті. Полимер, мұнай секілді сабақтарда кеңес беріп тұрамын. Екеуіміз бірігіп 5-6 кітап жаздық. Сол кітаптар қазір барлық химия мамандықтарында оқулық ретінде қолданылады. 

 

6000 мақала, 26 кітап жазған

Фреймворк или библиотека? А в чем, собственно, разница?– Ғалым ретінде талай жыл ел ғылымы үшін аянбай еңбек еттіңіз. Өндіріп жұмыс істедіңіз. Талай ғылыми еңбек жаздыңыз. Солар туралы айтып берсеңіз. 80-ге келгенше аянбай тер төккеніңізді бағалап, мемлекет тарапынан марапат берілді ме?

– Бағана еңбек жолымды айттым. 17 жасымнан оқуға түсіп, соны бітіріп келгеннен бастап білім мен ғылымға өмірімді арнадым. Шетелдерде баяндама да оқыдық. Кандидаттық, докторлық қорғап, профессор атандым. Қазақстанда химия мамандықтарын ашып, студенттерді оқытып, ағартушылық қызмет атқардық. Еліміздегі ғылымның болашағы үшін еңбек еттік. Зертханашыдан бастап, профессор, деканға дейінгі сатылардың бәрінен өттім. Қазірге дейін 3 доктор, 25 ғылым кандидатын дайындап шықтым. Шәкірттерім өсіп, ғалым болып жатыр. Бұл мен үшін мақтаныш. КБТУ, Политех, ҚызҰУ, ҚазҰУ, АТУ, ҚарМУ т.б. мұнай мамандығы бар Университеттің барлығында Мемлекеттік емтихан комиссиясының төрағасы болдым. 2011 жылы республика аумағында жылдың үздік оқытушысы болдым. 6000 ғылыми мақала жаздым. Үйдегі жеңгеңмен бірге 5-6 кітап, жалпы оқулығы бар, оқу құралдары бар 25-26 кітап жазыппын. Мұнай өңдеу туралы кітабым қазір бүкіл Қазақстанда оқылады. Ол кітап «Мұнай өңдеу процестерін жетілдіру» деп аталады. Оны осы мұнай саласындағы мамандықтарда оқитын студенттердің бәрі оқып жатыр. КБТУ, Қ.Сәтпаев атындағы технологиялық Университет, Ақтау, Атыраудағы ЖОО-ларда осы кітапты оқытып жатыр.  Жұмыс үстелінде тұратын кітапқа айналды. Министрлік тегін шығарып берген кітаптарым бар. Олар да оқулық ретінде қолданылып жүр.  Мәскеуден де кітап шығардым. Оны Ресей және Қазақстандағы студенттер оқып жүр. Ол баспадан анау-мынау кітаптар шыға бермейді. Соған қарап еңбегім еленіп жатыр деп ойлаймын. Академик Б.А.Жұбановпен бірігіп жазған кітаптарым да бар. «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Бейорганикалық химия практикумы» сияқты оқу-әдістемелік құралдары бар. 

Осындай еңбегіміз бар. Енді Алғыс хат, ардагер деген секілді марапаттар бар. Бірақ орден, медаль, атақ алмадым. Оған кейде таныс керек деп жатады. Мен ол үшін қайғырмаймын. Міне, менің байлығым осы (кітаптарын нұсқады). Бастысы студенттерім жақсы білім алса болды. Атақты айғайлатып алып, сені ешкім есінде сақтамаса, оның несі жақсы? Одан да атым осындай кітап беттерінде қалғаны жақсы емес пе? Бұл кітаптар менің мұрам. Ғылым жолындағы еңбегімнің нәтижесі. Былтырдан бастап көзім дұрыс көрмегеннен соң жұмыстан сұрандым. Демалыс алдым. Бірақ ректор қайта шақырды. «Маман аз, студенттерге білім беру керек, кеңесші бол» деп айтты. Жұбайым екеуіміз қазір электронды кітаптар жазып, шығарып жатырмыз. Содан кейін виртуалды зертханаға кірістік. Виртуалды зертханада сынамалармен әртүрлі элементтердің реакциясын көріп, виртуалды түрде эксперименттер жасауға болады. Солайша студенттер өз көзімен зертханалық жұмыстарды көре алады. Әйтпесе қазір зертханаларда реагенттер аз. Оларды студенттердің бәріне бірдей көрсету қиындап кетті. Виртуалды зертхана арқылы олар оқығанын зертханалық жұмыс арқылы нақтылай алады. 

– Отбасыңызда сіздің жолыңызды қуып, ғалым болған адам бар ма? 

– Жұбайым Әлия Қыдырханқызы Құсайынова химия ғылымдарының кандидаты, доцент. Бағана айтып өткенімдей Қазақ медициналық Университетінде сабақ береді. Үлкен қызым да біз секілді университетте сабақ береді. Жоғары дәрежелі дәрігер. Біз екі рет коронавируспен ауырдық. Сол қыздың арқасында аман қалдық. Екінші қызым – банк қызметкері. Немерелерімнің барлығы дерлік үздік оқыған, алтын медаль алған. Химия саласында болмаса да, басқа салада өздерін үздіктердің қатарында көрсетіп жүр. Біздің отбасымыздағы бәрі дерлік үздік оқығандар. Екі немерем Қытайда оқыды. Диана деген немерем – дизайнер болса, Ақбота – ағылшын тілі маманы. Қазір Мәскеуде аудармашы ісі бойынша оқып жатыр.  Әр салада қазір бақытын тауып, жандарына жақын жұмыс істеп жүр.

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан – Абзал СҮЛЕЙМЕН
03.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 131
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 15
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 64
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 60
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 44
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 464
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 432
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 455
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 447
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 446
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 462
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 451
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 646

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9688
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9066
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12301
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10071
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11280