Дәстүрлі БАҚ білім мен мәдениеттің көзі

Дәстүрлі БАҚ білім мен мәдениеттің көзі

Қазақ баспасөзі құралдары,соның ішінде газет пен журналдың мәселесі бүгінгі күні өзекті. Яғни, интернет сайттарының көптеп ашылуына және әлеуметтік желілердің кең дамуына байланысты баспа өнімдерінің екінші орынға ысырылып қалғаны жасырын емес. Әрине, бұл жақсы үрдіс емес.  Қолына газет-журнал мен кітап ұстамаған ұрпақтың болашағы бұлыңғыр. Мұндай жастардан кейін ойға жүйрік, сөзге шешен, білімге құштар зиялы қауым қалыптасады деу қиын. Сондықтан, бұл мәселе БАҚ өкілдерінің жанайқайымен ғана шешілмейді. Бұл билік өкілдерімен, соның ішінде ішкі саясат пен ұлттық идеологияға жауапты тұлғалармен қоян қолтық жұмыс істеу арқылы ғана шешімін табары анық.

 

Жақында «Qazaqstan dauiri» ЖШС-нің бас директоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Мешітбайқызы  Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановпен кездесті. Аталған серітестік құрамына 30 жылдық тарихы бар «Qazaqstan dauiri» халықаралық қоғамдық-саяси газеті, 20 жылдық тарихы бар «Мөлдір бұлақ» республикалық балалар журналы және «ЕлАна» әлеуметтік, қоғамдық-танымдық сайты кіреді. Бұл баспасөз құралдарының қай-қайсысы болсын отандық ақпараттық нарықта салмағы бар, оқыман жүрегінен ойып отырып орын алған. Кездесу барысында қазақ баспасөзінің бүгінгі жай-күйі жайлы және кейінгі ұрпақты кітап, газет оқуға тәрбиелеу мәселелері талқыланды. 

«Qazaqstan dauiri» ЖШС-нің бас директоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Мешітбайқызының айтуынша, газет пен журналған өз еркімен жазылушылардың қатары сиреген. Бұған “Мәжбүрлеп газетке  жаздыруға болмайды” деген жалған ұрандар себеп болғанын айтады. 

-Мен осыдан бір-екі жыл бұрын Ақсу қаласына қарасты Евгеньевк ауылына іс-сапармен бардым. Сол кездегі Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Балтабай Мәданиұлы өзі бас болып бірнеше келелі кездесу өтті. Сонда кейбір ұстаздардан қолына газет-журнал мен кітап ұстамаған мұғалім мен оқушының болашағы жоқ деген пікір естідік. Мұндай олқылықты газет-журналға жаздыруды алып тастағаннан кейін яғни “Ешкімді күштеп жаздыруға болмайды” деген желеуден кейін байқап отырған көрінеді. Себебі, содан кейін мұғалімдер қолдарына газет алмай кетті десек т болады. Жалпы, біздің басылым барлық облыстармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Ертіс-Баян өңірімен де қарым-қатынасымыз жақсы. Мен бұған дейін Павлодар облысының көптеген аудандарын аралап, оқырмандрмен кездестім. Жалпы солтүстік облыстарда тіл мәселесі өткір тұр. Сондықтан, бұл жерде мерзімді басылымдардың атқарар рөлі жоғары. Өкінішке қарай, қазір қазақ баспасөзінің жағдайы төмен. Себебі, кітап, газет оқитын жастардың қатары сиреп келеді. Болашақта бұл мәселені ауқымды деңгейде көтеріп, мемлекет басшысының алдына арнайы ұсыныстармен баруды жоспарлап отырмыз,-деді Сәуле Мешітбайқызы. 

 

Облыс басшысы Асайын Байханов та өз кезегінде қазақ баспасөзінің, соның ішінде дәстүрлі мерзімді басылымдардың болашағына алаңдайтынын білдірді. Сондықтан, алдағы уақытта ақпарат құралдарын зерттеп, зерделей отырып, оқырманға керекті деген бұқаралық ақпарат құралдармен бірлесіп жұмыс жасауға дайын екенін жеткізді. 

 

-Қазір интернеттің дамуына және смартфон телефондардың трендке айналуына байланысты газет оқу үрдісі төмендеп кетті. Яғни мерзімді басылымдар ғаламтормен бәсекелес бола алмай жатыр.  Дегенмен газет пен кітаптың орыны әрдайым жоғары,-деді Асайын Қуандықұлы

Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы
13.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 17
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 53
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 155
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 159
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 366
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 342
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 959

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9036
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8432
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11660
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9415
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10641