Өзара құрмет – сыйластық кепілі

Өзара құрмет –  сыйластық кепілі

Қазақ – ежелден көпшіл халық. Ешкімді кеудесінен итеріп, кемсітуге жол бермейді. Қайта бауырына басып, барын алдына қояды. Сыйласады, сырласады. Ғасырлар бойы қазақтардың тарихи мекенінде әралуан мәдениеттің, дін мен дәстүрлерді ұстанған көптеген халықтардың тағдыры тоғысты. Нәтижесінде 140 этнос пен 40 конфессия өкілдері қазақтармен қоян-қолтық бейбіт өмір сүретіндей айрықша жағдай қалыптасты. Сонымен қатар, түрлі этностардың ұзақ уақыт қатар өмір сүруі қоғамда төзімділіктің орнықты дәстүрлерін қалыптастырды. Тәуелсіздікке ие болған алғашқы күннен бастап қазақстандық қоғамды ұйыстыру, барлық этностық топтардың тең құқықты өмір сүруін қамтамасыз ету мемлекеттің ұлттық саясатының іргелі бағыттарына айналды. Өтпелі кезеңнің күрделі жағдайында мемлекеттің мақсатты және дәйекті саясатының арқасында Қазақстанда этносаралық негіздегі қақтығыс, тұрақсыздық пен қоғамдағы жіктелу бола қойған жоқ. Этностық емес, азаматтық қауымдастық құруға бағытталған бастапқы таңдау келісім мен тұрақтылықтың іргетасы болып қаланды. Этностық ерекшелігіне қарамастан елдегі барлық азаматтардың мүдделерін тоғыстыру ең дұрыс жол екендігін уақыт көрсетіп берді. Қазіргі таңда Қазақстанда әлемдік қоғамдастық тарапынан жоғары бағаға ие болған этносаралық келісімнің өзіндік үлгісі қалыптасты.

Қазақстандық қоғамның ел бірлігінің негізі қазақстандықтардың басым көпшілігінің жанына жақын және қоғамды бірегей тұтастыққа ұйыстырушы құндылықтар ортақтығы болып табылады.

Біздің ортақ тарихымыз қазақстандықтардың барлық ұрпағын біріктіруші бастау алар көзі және лайықты мақтаныш нысанасы болып табылады. Тәуелсіздікке ие болғаннан кейінгі кезеңде өз тағдырыңа еркін таңдау жасау, жаңа мемлекет құруға қатысты екеніңді сезіну, елдің және оның азаматтарының болашақ ұрпағының тағдырына бірлесе жауап беру Қазақстан халқының ортақ құндылықтарына айналды. Еліміздің ең үлкен байлығы – адам мен адам өмірі болғандықтан, әрбір адам өзінің, отбасының, ата-анасы мен бала-шағасының өміріне, денсаулығына зор жанашырлықпен, ерекше жауапкершілікпен қарауы керек. Өйткені ұлт денсаулығы – мемлекет қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі.  Дәл осы тұста бәрімізге халқымыздың әрдайым үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор болатын абзал қасиеттері септігін тигізеріне сенуіміз керек. «Адамның күні адаммен» дейді атамыз қазақ.                                

Адамның өзіне деген сенімі – үлкен күш. Бұл бойымызға қажыр, денемізге қуат, жүрегімізге сенім ұялатады. Біз қазір көмекке аса мұқтаж қарияларды, ардагерлерімізді, көпбалалы аналарды, әл-ауқаты төмендерді, жұмысқа жарамсыз жандарды ерекше қамқорлыққа алуымыз керек. Халқымыздың бойындағы ұрпақтан-ұрпаққа үзілмей жеткен ең ізгі қасиеттер бізді осыған үндейді.  Дәл қазір бүкіл адамзат жолайрықта тұр. Әлемдік геосаясатты, экономиканы, экологияны, қоғам өмірінің сан алуан саласын қамтып, тізбектеле келген, бұрын-соңды болмаған проблемалар әлем мемлекеттерінің қарым-қатынасын да өзгерте бастады. Үнді халқының ұлы гуманист қайраткері Махатма Ганди: «Әлемді өзгерту үшін әуелі өзіміз өзгеруіміз керек», – деген екен. «Бірлік жоқ жерде тірлік жоқ», – деген екен әйгілі данышпан Төле би. Береке-бірліктің алмайтын қамалы, бағындырмайтын биігі болмайды. Біз үшін ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсап күткен, 30 жылға жуық уақыт бұрын қолымыз жеткен азаттықты мәңгі баянды етуден асқан мұрат жоқ. Қазақстан – халқымыз тату-тәтті және келісімде өмір сүріп жатқан ортақ шаңырағымыз. Алуандығымыз – бәсекелі және жаһандық әлемдегі біздің баға жетпес байлығымыз бен артықшылығымыз. Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген барлық табысымыздың қайнары – ең алдымен халқымыздың береке-бірлігі. «Қазақстанда «этникалық азшылық» және «диаспора» деген ұғымдар жоқ, барлығының құқықтары мен міндеттері бірдей.

 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
13.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 127
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 126
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 642
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 760
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 673
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 685

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8820
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8219
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11446
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9201
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10429