Өзіңді-өзің жаттай сыйла!

Өзіңді-өзің жаттай  сыйла!

Қоғамдағы барлық азаматтардың өзара құрмет және теңдік құндылықтарын жалғастыру және бекіту барлық дамыған елдерде бар қағидат. Мемлекет дамуының идеологиялық негізі болып табылатын зайырлылық –  осы! Біздің еліміздің жағдайында бірден-бір ыңғайлы, әмбебап әрі тарихи тұрғыдан қалыптасқан мемлекеттік сипаты. Сондықтан оның насихатталуы мен нығаюы қоғам тұрақтылығына сөзсіз игі әсер етеді. Осыдан туындайтын  ақпараттық-ағарту жұмыстарының басты мақсаты – қоғам мүшелеріне зайырлылық және дін мәселелері жөнінде сараланған, дұрыс, жүйелі, негізді көзқарастар қалыптастыру болуға тиіс. Дұрыс ақпаратпен қаруланған қоғам жүрер жолынан адаспайды, өмірлік бағыт-бағдарын өзі таңдайды. Халқымыздың заңды құрметтеуі, адам құқығын ардақтауы сонау ерте заманнан-ақ қалыптасқан. Ғасырлар бойы келе жатқан әдет-ғұрпына, салт-санасына, үлкенге құрмет кішіге ілтипат, отбасында, қоғам ортасында мәдениетті сөйлеу қарым-қатынасына айрықша баға берген. Ел басқару ісіне де жіті мән беріп, қазақтың билері, ақсақалды қариялардың айтқан қасиетті сөздері, нақылдары, өсиеттері ел арасына кеңінен тарап, Конституция баптарындай бағыт беріп отырған. Біздің Ата Заңымыздың бірінші бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі», – деп нақты жазылған. Осы себепті қоғамдағы барлық азаматтардың өзара құрмет және теңдік құндылықтарын жалғастыруға құқы бар. 

Еліміздің ең үлкен байлығы – адам мен адам өмірі болғандықтан, әрбір адам өзінің, отбасының, ата-анасы мен бала-шағасының өміріне, денсаулығына зор жанашырлықпен, ерекше жауапкершілікпен қарауы керек. Өйткені ұлт денсаулығы – мемлекет қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі.  Дәл осы тұста бәрімізге халқымыздың әрдайым үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор болатын абзал қасиеттері септігін тигізеріне сенуіміз керек. «Адамның күні адаммен» дейді атамыз қазақ.                                

Адамның өзіне деген сенімі – үлкен күш. Бұл бойымызға қажыр, денемізге қуат, жүрегімізге сенім ұялатады. Біз қазір көмекке аса мұқтаж қарияларды, ардагерлерімізді, көпбалалы аналарды, әл-ауқаты төмендерді, жұмысқа жарамсыз жандарды ерекше қамқорлыққа алуымыз керек. Халқымыздың бойындағы ұрпақтан-ұрпаққа үзілмей жеткен ең ізгі қасиеттер бізді осыған үндейді.  Дәл қазір бүкіл адамзат жолайрықта тұр. Әлемдік геосаясатты, экономиканы, экологияны, қоғам өмірінің сан алуан саласын қамтып, тізбектеле келген, бұрын-соңды болмаған проблемалар әлем мемлекеттерінің қарым-қатынасын да өзгерте бастады. Үнді халқының ұлы гуманист қайраткері Махатма Ганди: «Әлемді өзгерту үшін әуелі өзіміз өзгеруіміз керек», – деген екен. «Бірлік жоқ жерде тірлік жоқ», – деген екен әйгілі данышпан Төле би. Береке-бірліктің алмайтын қамалы, бағындырмайтын биігі болмайды. Біз үшін ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсап күткен, 30 жылға жуық уақыт бұрын қолымыз жеткен азаттықты мәңгі баянды етуден асқан мұрат жоқ. Қазақстан – халқымыз тату-тәтті және келісімде өмір сүріп жатқан ортақ шаңырағымыз. Алуандығымыз – бәсекелі және жаһандық әлемдегі біздің баға жетпес байлығымыз бен артықшылығымыз. Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген барлық табысымыздың қайнары – ең алдымен халқымыздың береке-бірлігі. «Қазақстанда «этникалық азшылық» және «диаспора» деген ұғымдар жоқ, барлығының құқықтары мен міндеттері бірдей. Бұл – Елбасы саясатының маңызды жетістіктерінің бірі. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы бағытты әрі қарай жалғастыруда. Келісім мен бірлік – мемлекеттің тұрақты дамуы және барлық азаматтың өмірін жақсарту үшін қажетті біздің қоғамдағы басты құндылықтар. Қоғамда барлық азаматтардың өзара құрмет және теңдік құндылықтары сөз болғанда мына жайт еске түседі. Қазақтың тарихи ұлттық толеранттылығы өзінің басты сипатымен ерекшеленеді. Қазақтың ұлттық толеранттылығы тұйық емес, ашық, қонақжай, адамдарды жақындастырады, яғни адамдарды ажыратпайды. Қарым-қатынасқа дайын екендігін көрсетеді. Бұл қазақтардың жер аударылған халықтарды қалай қарсы алғандығынан айқын көрінеді. Қазақстанда тұратын 130 этникалық топтарының 60-тан астамы күштеп жер аудару үдерісіне ұшырағандар. Адамзат тарихында депортациялау саяси тұрғыда кеңінен қолданылған. Ал депортацияланған халықтар барлық жағдайда дерлік жергілікті халық тарапынан жат элемент ретінде қабылданады. Қазақстандағы мәжбүрлікпен қоңыс аударылған халықтар қазақ халқының жоғарыда айтылған қасиеттеріне сәйкес шетқақпай көрген жоқ, керісінше, өз орталарына жақын тартылып, екінші Отанын табуына мейлінше оңтайлы жағдай жасады.  Көнеден қазақтарда қонақжайлылық дәстүр жақсы сақталғаны белгілі. «Қонақ келсе, құт келер» деп қазақ бекер айтпаған. Абайдың жиырма бесінші қара сөзінде «Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі соныменен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды. Дінге де жақсы – білгендік». Сонымен қатар, Абай жағымсыз қылықтың ішінен, әсіресе, немқұрайлылықты бөліп айтқан, өйткені немқұрайлылық бар жерде «құдай жоқ, халық жоқ, істер ісі жоқ, абыройы жоқ».  

Жер шарының қандай бөлігін қарамасаң да, барлық елдер этносаралық және конфессияаралық келісім үлгісін ұзақ іздеп жүргені анық. Сондықтан Қазақстан Республикасының тәжірибесі жалпы әлемдік және жалпыға бірдей маңызға ие. 

 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
16.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 81
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 603
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 720
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 632
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 642

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8779
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8179
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11408
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9162
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10393