Перзенттік парыз

Перзенттік парыз
1 қазан - Халықаралық қарттар күні мерекесі қарсаңында аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков ауданымыздағы Ұлы Отан соғысының ардагері Мария Лавреньтевна Бурулеваны құттықтауға арнайы атбасын бұрды.
Жыл өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары сиреп барады. Сондықтан бейбіт күнде Ұлы Жеңісті жақындатқан жеңіс сарбаздарын сыйлап, құрметтеу, оларға қамқорлық жасау басты борышымыз!
Жауынгер ардагермен емен-жақын отырып әңгімелескен аудан әкімі Нұрбол Әбдімәжитұлы: «Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін шайқастардағы теңдессіз ерліктеріңіз бен табандылықтарыңыз ғасырлар бойы жасай береді. Өйткені, Сіздер кейінгі ұрпақтың жарқын болашағын қорғап қалу арқылы өздеріңіздің азаматтық және ұлт алдындағы перзенттік парыздарыңызды абыроймен орындап шықтыңыздар. Сіздердің қайыспас қайсарлықтарыңыз бен Отанға шынайы берілген патриоттық сезімдеріңіз қазақстандық жас ұрпақтар үшін әркез үлкен өнеге болмақ"- деді.
Мереке қарсаңында көңілі көтеріліп, жарқын әңгімелескен ардагер аудан басшысының ыстық ықыласы үшін ризашылығын білдірді.
Талас аудан әкімдігі
02.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

Талғар төрінде халықаралық турнир
Салтанат Бакеева - 23.10.2025 52
АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 129
Министрлікте өткен кеңес
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 22.10.2025 61
АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 129
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 352
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 348

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19015
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18880
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34040
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32597
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36402