Қатерлі күндерде

Қатерлі күндерде

Қазақ хандығының туы көтерілген күннен  бастап бабаларымыз тәуелсіздік жолында талай қан майданды бастан өткерді.  Әртінгі Керей мен Жәнібек хандардың заманында да,       бертінгі Абылай мен  Кенесары хандардың  кезеңінде де  солай болды. Әйтеуір, осыдан дәл отыз жыл бұрын қазақтың көзінен аққан қанды жасты Көк Тәңірі көрді де мейірімін төкті.     Сөйтіп, біз 1991 жылы қызыл империяға қарсы     мылтық кезенбей, қылыш сермемей     Тәуелсіздігімізбен қайта қауыштық!  

Жоғалтқан ұлы құндылығымыз табылып,  өшкен үмітіміз жанған соң шекарамызды шегендедік те арқамызды кеңге салған едік. Өйткені егемен елдігіміздің   ішкі, сыртқы жаулары болуы мүмкін емес деп пайымдадық.     Ол ойымыздың бекер екенін енді  біліп отырмыз.      

Батыс өңірде сұйытылған газ бағасын делдалдардың күрт көтеруі  жұртшылықты  алаңға шығарды.  Ашулы  ереуілшілердің  ащы үнін  естіген өзге өңірлердегі  бүлікшілер   жұртшылықты  бүліншілікке ұшыратты.  Өлтіру, өртеу, қирату, тонау...   

Егер Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дер кезінде қажетті батыл шешімдер  қабылдамаса ту биікте желбіреп тұрған көк туымыз тұғырынан жұлынып түсуі мүмкін  еді... Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне тікелей жауапты бірінші басшыны дереу  қамауға алып, оның міндетін атқаруды басқа басшыға тапсыруы,   Қазақстанның қауіпсіздік кеңесі төрағасы қызметін өзіне жүктеп, үкіметті таратып жіберуі оның  саяси ерік-жігерінің өте күштілігінің   айғағы емес пе! Әрі көреген саясаткер, әрі  жігерлі қайраткер ғана  осындай сындарлы шақтан ел-жұртын сүріндірмей алып шыға алады!  

Дегенмен  маған  түсініксіз жайттар аз емес. Кезінде елбасының шинелінен шығып, таққа мінген, кейін онымен келісе алмай шетелге кеткен шенеуніктер дәл қазіргі күрделі кезеңде әлеуметтік желілерден жылтыңдап сөйлеп жұртшылыққа жөн сілтеуі қалай?.. Солардың бірі өзінің жақтастарын әкімдіктердің алдына барып, наразылық акциясын өткізуге қашаннан бері үндеп келеді. 

Сол  жайтты өзім жақсы білетіндіктен,  алдыңғы жылы Павлодар облысы әкімдігі ғимаратының алдына Абайдың мүсінін орнатуға қарсы  болып едім. Сөзімді   «Хәкім Абай саяси қайраткер емес, сондықтан оның ескерткіші  саяси-әкімшілік ғимаратының алдында орнатылмауы керек, өйткені күні ертең ол жерге саяси көзқарастары биліктікімен мүлде сәйкеспейтін  түрлі топтардың жиналуы ықтимал» - деп дәлелдеуге тырыстым. Бірақ ақ жағалы ұлықтардың тым болмаса біреуі:  «Сіздің ұсынысыңыз   орынды екен, рухани көсемнің  мүсінін   рухани таза жерге орнатуды мен де қолдаймын» демеді ғой...  

Ақыры не болды? Түнеукүні қалың топ Абай мүсінінің айналасына айғайлап жиналды! Көбі жастар, ұлы ақынның  ескерткіші тұғырының түбінде тұрып темекі шегіп, тұқылын сол жерге тастады, ауыздары көпіріп сөйлегендер қақырынып түкірінді...  Өкініштісі осы. Тек көңілге медет болатын бір жай бар.  Президент Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы жаңа премьер-министрді тағайындап, үкіметтің жаңа құрамын бекітті. Мықты көсем құрған үкімет осал емес!  Демек, Керекудегі ұлы ақын ескерткішінің айналасы  күні ертең Мәскеудегідей «Оккупай Абай»  атанып кетпейді...

Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бауырымыз бүтін болсын!

Арман ҚАНИ, Павлодар қаласы.
11.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 66
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 66
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 173
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 173
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 315
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 316
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 537
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 486

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9190
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8588
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11816
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9585
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10799