Қазаннан қақпақ кеткен соң...

Қазаннан қақпақ кеткен соң...

      «Қаңтар оқиғасына» дейін «Jusan bankкe» («АТФ Банкті» өзіне қосып алған бұрынғы «Цеснабанк») биліктің шешімімен мемлекет есебінен қолдау көрсетіліп, бюджеттің орасан зор қаржысы құйылған. Енді билік ауысып кетті де, «Jusan bank» қожайындары банктен айрылып қаламыз ба деп уайымдап отыр. «Jusan bank» саяси қыспаққа алына бастады. «Ешкім тиісе алмайтын банк» деген бейресми статусынан айрылғандықтан, мемлекетке қарасты «Кcell» акцияларының 24 пайызын сатып алуының қаншалықты заңды түрде жүзеге асқаны ҚНРДА тарапынан тексерілетін болады. Қазақстан қор биржасындағы біртүрлі манипуляциядан кейін «Қазақтелекомға» тиесілі «Kcell» акциялары биржада шамамен екі есеге арзандап кеткені есте. Дәл сол кезде оны «Назарбаев Фонд» бақылайтын «Jusan bank» сатып алған. Бұл жерде мемлекеттің ұтылып, «Назарбаев Фондтың» екі жеп биге шыққаны анық.   Қаржыгерлер мен сарапшылардың назарын аударып отырған үлкен мәселе бар. «Jusan bank» 2020 жылғы қаржылық есебін әлі күнге дейін жарияламады. Бірақ, сол жылдың қортындысы бойынша акционерлеріне орта есеппен 115 миллиард теңге дивиденд төлеп жіберген. Банкте екі акционер бар, олар – «First Heartland Securities» АҚ («Назарбаев Фонд») мен Ғалымжан Есенов. Басқа банк болса, ҚНРДА мен биржа талаптары бойынша жауапқа тартылар еді. Бірақ, «Қаңтар оқиғасына» дейін, банкке қадағалаушы органдардың тісі батпай келді. Танымал қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов: «Меніңше, әңгіме үлкен көлемдегі мемлекеттік көмек туралы болуы мүмкін. «Jusan bank» ол туралы хабарлауға ұялып отыр. «Қаңтар оқиғасынан» кейін, банк акционерлері демін ішке тартқан сыңайлы. Банктің өз жағдайы жаман емес. Тек қаржылық есебін көрсетпей отырғаны қызық. Меніңше, мемлекет тарапынан орасан зор қаржылай қолдау көрсетілгендіктен, «Jusan bank» акционерлері «мемлекет банкті тартып алады» деп алаңдап отыр»,— десе,  сарапшы Андрей Чеботарев: «Бұл жағдайда, мәселе уақытқа келіп тіреледі. «Jusan bank» сайтында АТФ-пен бірігудің 2021 жылдың 6 қыркүйегінде аяқталғаны туралы ақпарат берілген. Бүгін 2022 жылдың 21 ақпаны. Неге бұлай кешіккені мүлде түсініксіз. Банк өткен жылы дивидендтер төледі. Демек, есептің өзі бар, бірақ ол жарияланбай отыр. Бір қызығы, кейбіреулерге тіпті есептілік жарияламауға да болады. Ал басқаларына бірігер алдында әрбір қадамын аудиттеу міндеттелер еді. Біздегі қадағалаушы орган таңдап қана бақылап отыр. Ал заң бәріне бірдей болуы керек. Банктің аудиттелген есебі тұрмақ, 2021 жылдың екінші жарты жылдығына қатысты тоқсандық қадағалаушыға арналған есептері сайтынан жоғалып кеткен. Сонда, ашық деректерден «Jusan bankтің» тек 2021 жылдың бірінші жарты жылдығындағы ахуалын бажайлауға болады. Ол кезде банк капиталы 268 миллиард теңге, активтері 1,6 триллион теңге, міндеттемелері 1,3 триллион теңге болып тұрған. Болашақта мұндай ірі банк үшін талас басталатыны анық. Аудиттелген қаржылық есепте акционерлерге қатысты жағымсыз ақпараттың қылаң беруін және оны қарсы топтың пайдаланып кету мүмкіндігін жоққа шығармаймыз. Аудиторлар шығарған есептің де жарық көруге асықпайтыны осы үреймен байланысты сияқты»,— деген пікірде

Ермек Сахариев
23.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 147
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 59
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 183
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 180
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 147
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 294
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 292
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 508
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 465

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9165
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8563
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11791
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9559
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10771