«Qazaqstan dauiri» газеті Тәуелсіздіктің төл құрдасы

«Qazaqstan  dauiri»  газеті   Тәуелсіздіктің  төл  құрдасы

Қазір қоғам арасында беделі артып, зиялы қауымның сүйіп оқитын басылымының біріне айналған «Qazaqstan dauiri» (Қазақстан – Zaman) газеті Қазақстан Тәуелсіздігінің төл құрдасы саналады. Өйткені ол Қазақстан Тәуелсіз­дік алғаннан кейін 1992 жылы 17 қаңтарда ашылған-ды. Аталған газет сол тұста  Қазақстанда ашылған тұңғыш шетелдік еларалық еркін басылым болды. Содан бергі уақыт кеңістігінде біздің басылым түркі руханиятын көтеруге және осы елдің байырғы халқы – қа­зақ ұлтының сөзін сөйлеп, қазақ мүддесіне қызмет ету жолынан айныған емес. Қазақстан мен Түркияның арасындағы екiжақты ресми байланыстың орнағанына да биыл 30 жыл толды.  

1996 жылғы газетте негізінен  саяси-экономикалық, тіл, тарих, әлеуметтік, әдебиет мәселелері көбірек қамтылған. Олардың қатарында сараптамалық материал «Қазіргі қазақ қандайсың?», «Бүгінгі қазақтың рухы қандай?» (Секен Дорженов), «Ұлт мәдениетінің типологиясы» (Тұрсын Ғабитов), «Рухани террорға тосқауыл қоймай, ұлт болып қалыптасу мүмкін емес» (Аманхан Әлімов), «Арал мәселесі қалай шешілуде?» атты тақырып бойынша Кәкімбек Салықовпен сұхбат (Жеңіс Қашқынов), «Бізде баспасөз бостандығы бар ма?» (Оңғар Өмірбеков), «Әліпбиді ауыстыру – заман талабы» (Мұрат Алтай), «Азаттық жолы  – ауыр жол» тақырыбында Сәбетқазы Ақатаймен сұхбат (К.Нақыпова), «Ат басын сын аулына бұрайық» (Ұзақбай Доспанбет), «Тарихқа қиянат жүрмейді «(Талғат Ешенұлы), «Ұлт-азаттық көтерілістері туралы» (маман тарихшылар пікірталасы), «Кеден кеден болды, кедергі неден болды?» (Әлімғазы Дәулетхан), «Соғыс және бейбітшілік» (Дидар Амантай), «Қазақ Ордасы: шығуы және тегі» (С.Ақатай, Ж.Бабалық), т.б. материалдар бар. Үздік мақала – «Языковой политике требуется благоразумие, а не шумиха» ((М.Тогусов).

1997 жылғы газетте негізінен саясат пен экономика, әлеуметтік, тарих, демография мәселелері көбірек қаузалған. Осы жылдың басты жаңалығы Қазақстанның бас қаласы Алматыдан Ақмолаға көшті. Солардың ішіндегі сүбелі материалдар: «Баспасөз кімнің қолында?» (Рая Ескендірова), «Шәміл тарихы және Чешен төңірегіндегі саясат шытырманы» (Серікбай Алпысұлы), «Влияние исламской цивилизаций на Европу» (Рене Бенон), «Мұстафаны оқығанда» (Б.Орынбекұлы), «Бүгінгі сот жүйесі қандай?» (Шаймерден Төлегенұлы), «Кредитные опеки с пшиковым результатом» (Мадат Аккозин), «Қазақ және «қазақтандыру» (Есенғазы Қуандықов), «ҚапШанхайдағы қайқы шатырлар» (Ж.Борантаев), «Парламент не бітіріп отыр?» (Рая Ескендірова), М.Жолдасбековпен сұхбат «Қазақстан – ZAMAN » мың жылдық сағыныштан туған газет» (Толымбек Әбдірайымұлы), «Бес мыңнан бес жүз мың» (бизнес туралы сараптама, Ж.Жанділдин), «Орыстандық деп даурықпау, «қытай қаптайды» деп қорықпау керек» (экономикалық реформа туралы, Ж.Жанділдин), «Болашақ американдықтардікі ме, әлде түркі халықтарынікі ме?» (Мехмет Гундем), «Өткеннен жеткен тарихи сабақ...» (тәуелсіздік ұстанымдарына ұсыныс, Адам Мекебаев), «Рух» айдарымен «Осы біз қандаймыз?» (Бейбіт Қойшыбаев), «Өркениет – ортақ мұрат» (Әлмұхан Исақ), «Қазақтың Отан соғысы тарихы» (Молдияр Серікбаев), Асқар Сүлейменовпен сұхбат «Шындық – көп, ақиқат – жалқы» (Әлия Бөпежанова), Д.Қонаев жайлы «Анықтауышқа бағынбайтын тұлға» (Күлпара Жұмағали), т.б. айдарлармен бірқатар материалдар жарық көрді. Бұдан басқа ҚР Баспасөз агенттігі мен еларалық «Zaman – Қазақстан» газетінің бәйгесіне деген айдармен Мұхтар Әуезовке байланысты бірнеше материалдар топтамасы, «Әуезов және әлем» (Бекен Ыбрайымов), «Қазақ зиялылары туралы», т.б.  жарияланса,  осы жылдың басты жарияланымы мәртебесіне «Қазақстан-2030» айдарымен берілген мақалаларды жатқызуға болады. Үздік материал – «Көші-қон Қазақстанға құт па, жұт па?» (Бабақұмар Қинаятұлы, Қайрат Бодауханұлы).

 

Бұрынғы редакторлардың пікірі

 

Марат Тоқашбаев: ҚАЗАҚ журналистикасы – ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТ құрудың қолдаушысы  | Qazaquni.kz | Қазақстан жаңалықтары | Қазақ үні сайтыМарат Тоқашбаев: 

Саяси-қоғамдық басылым етуге күш салдым

 

Мен келгенге дейін  газет  зиялы қауымға арналған басылым болатын. Қарап отырсам, «ұлт зиялыларына» дегенмен, белгілі бір ұстанымы, бағыт бағдары «еларалық» деп көрсетілген әрі-сәрі күйдегі жағдайда екен. Бұл басылым Қазақстандағы экономикалық, саяси, әлеуметтік мәселелерді қозғайтын болғандықтан, бұл «халықаралық саяси-қоғамдық басылым» болғаны дұрыс деп шештім. Негізгі ұстаным, бағытын айқындап едім, сол бағыт әлі күнге дейін жалғасып келеді. Содан кейін біздің ұстанған мақсатымыз газетті шынайы биігіне жеткізу болды. Мен өзім табиғатымнан газет-журнал журналисті болғаннан кейін, әлбетте сол газеттің бет-бейнесінің  айқындалуына, материалдардың қызықты болуына, тартымды болуына көп көңіл бөлдім. Көптеген жастарды тартып, соларға тапсырма бердік. Қазақ баспасөзінде, электронды бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет етіп жүрген бірқатар танымал, мысалы Ринат Ертаев сияқты журналистер сол біздің тәрбиелеуімізден өтті. Студент кезінен  сарыауыз балапандар да біздің тәрбиемізден өтіп, бүгінде жап-жақсы журналистер болып жүргендер жетерлік. 

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, жазушы: - Қазақ баспасөзінен гөрі қазақ оқырманы мені  көбірек толғандырады - "Дидар"газетіЖұмабай Шаштайұлы: 

Қалың жұртшылықтың сүйіктісіне айналды 

 

1996 жылдың 16 қаңтарынан бастап  2002 жылға дейін қызмет атқардым. Газет сол кездерде халықтың іздеп жүріп оқитын басылымына айналған екен. Біз оппозициялық тұрғыдағы мақалалар көптеп жазылатын. Ол уақытта Алтынбек Сәрсенбайұлы оппозицияда емес еді. Әркез билікке қарсы мақалаларды көп жариялай берме деп ұрсып та қоятын. Алайда халықтың мұң-мұқтажын айнытпай жеткізетін, халықтың көңіліндегі нәрсесін дөп басып жазғандықтан болар бұл газет қалың жұртшылықтың сүйікті басылымына айналды. Егер дәл сол қарқынмен кете бергенде, кезіндегі «Время» газеті секілді газетке айналар ма еді деп ойлаймын.  

Ермек САХАРИЕВ, Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
24.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 87
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 97
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 192
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 192
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 330
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 333
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 559
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 502

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9207
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8604
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11831
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9601
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10814