«ҚазАвтоЖолдың» халыққа беймәлім тоқыраулары мен құпиялары

«ҚазАвтоЖолдың»  халыққа беймәлім  тоқыраулары мен құпиялары

Бүгінде елді елең еткізіп тұрған мәселелердің бірі – Қазақстан автожол саласының басшылығындағы қайта жүйелеу мәселелері. Бұл арада мамандар талқысына түсіп отырған сауал: Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 9 желтоқсанындағы №1266 Қаулысымен құрылған «Қазавтожол» республикалық мемлекеттік қазыналық мекемесі («Қазавтожол» РММ)  мен  Қазақстан Республикасының «ҚазАвтоЖол» автомобиль жолдары ұлттық операторының акциялары 2015 жылдың 29 қаңтарында «ҚТЖ» Ұлттық компаниясына» сатып алу құқығынсыз берілді. Міне, осы мерзімнен бастап Қазақстан автожол саласында жаңа жол басшылығы – «ҚазАвтоЖол»   Ұлттық компаниясы» («ҚазАвтоЖол» ҰК») құрылды. Оның негізгі функциясы: жалпы пайдаланымдық республикалық және халықаралық маңыздылықтағы жолдарының  жаңа құрылысын, қайта қалыптастыруы мен жобалау  істерінің жобасын ұйымдастыру; республикалық және халықаралық маңыздылықтағы жолдардың тыңғылықты, орта және күнделікті жұмыстарының орындалуын ұйымдастыру; жалпы пайдаланымдық республикалық және халықаралық маңыздылықтағы жолдардың күтілімі мен пайдаланымы; жалпы пайдаланымдық республикалық және халықаралық маңыздылықтағы жолдарда немесе оның жекеленген телімдеріндегі ақылы жүйені басқару т. т.

«Қазавтожол» РММ ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 23 маусымдағы №393  Жарғысымен  жеке басшылық қолына өтті және «Қазавтожол» жауапкершілігі шектеулі мекеме болып аталды. Бұл орайда жеке басшылықтың барлық іс-әрекеті мемлекеттің жүз пайыздық жарғылық капиталына енді. Демек, жолдың пайдаланымдық әрбір іс-шарасы мемлекет қадағалауында болды.

Егер автожол саласының соңғы 50-60 жылына қарайтын болсақ, бүгінгі автожол басшылығынан Кеңес дәуіріндегі жол басқарылымының елеулі  өзгерістерін байқар едік. Бастысы автожол саласы  «Автомобиль жолдар министрлігі» деп айқын айшықтанды. Ондағы атқарылар шаруалар да, жобалар мен тапсырмалар да тікелей автомобиль жолдарының  дамуы мен күтіміне бағытталды. Ол кезде республикалық және жергілікті жолдарда әрбір 5 жылда диагностикалық зерттеулер жүргізіліп, атқарылар істер 5 жылға  жоспарланды. Тапсырушы – министрлік, ал орындаушы арнайы жабдықталған, мамандандырылған мердігерлік мекемелер болды. Бұл ескі жүйе, әрине, қазіргі нарық заңы мен жүйесіне сәйкес келмейді. Дегенмен, министрлік бір ғана іске жауап береді, ол – автомобиль жолдарының құрылысы мен күтімі және мамандардың сапасы мен техникалық жабдықталуы. 

Қазір ше? Соңғы 30 жылда автожол саласы 3 министрлік құрамында өзінің даму жолын жалғады. «Автомобиль жолдары министрлігі» 1994 жылдың маусым айынан бастап екі министрліктің бірігуі салдарынан ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі болып 1999 жылға дейін өз функциясын орындады  және 2004 жылдың 24 қарашасында қайтадан осы атаумен бекітілді. 2014 жылдың 6 тамыз айынан бастап Қазақстанның автожол саласының басшылығы ҚР  Ақпарат  және  қоғамдық  даму  министрлігіне  өтті. Осы 30 жыл көлемінде Қазақстанның автожол саласы қай министрліктің құрамында болса да, кәсіби министрдің басшылығында болған жоқ. Демек жол бағытындағы ішкі саясат кәсіби маманның басшылығымен орындалмағанын да атап өткім келеді. 

Бізде Қазақстанның автожол саласындағы тұңғыш Автомобиль жолдары (ертеректе, М.Тынышбаевтың кезінде «топырақ жолдар», кейіннен «тас жолдар», «қатынас жолдары» деп те аталды). Қалай аталса да бірінші басшы – жол («қатынас жолдары») маманы болды. Міне, Қазақстан 1954 жылдан 1970 жылға дейінгі аралықта еліміздің территориясына 96500 шақырым жолды салып, жол желісін құрды. Жол күтімі бірінші орында болды. Сол себептен де жол пайдалану мекемелері әрбір облыста бекітілді. Оның техникалық жабдықталуы мен кәсіби жетілдіруі автожол саласының бірінші кезекті тапсырмасы болып саналды. Міне, жоғарыда аталған диагностикалық зерттеулердің қажеттігі автожол саласының бірден-бір ісі болды. Өйткені әрбір 5 жыл ішінде жүргізілген диагностикалық зерттеу нәтижелері автожол саласының техникалық төлқұжаты дерлік орын алды және қатаң қадағаланды. Мұндай зерттеулер қыс кезінде де орасан зор қарқынмен орындалды. Осы бағытта ғылыми зерттеулер жүргізіп отырғандықтан айтарым, бұл іс біздің елде 30-35 жыл көлемінде тоқырауға ұшырады. Нәтижесінде жол күту мекемелерін бақылау жүйесі де мүлдем тоқтап қалды. Зерттеу, жүйелеу жоқ жерде екі ведомства түгілі бүкіл автожол саласын сараптай қарасақ та, жолдың пайдаланымдық сапасы артпайды. Бұл ақиқат.

Сайып келгенде, жоғарыда баяндалған деректерді түйіндер болсақ, аталған екі мекемені біріктіруден нәтижелі жүйе болады дегенге сену қиын. Қазіргі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде Тапсырушы және Басқарушы екі ведомстваны (Автомобиль жолдары комитеті мен «ҚазАвтоЖол» ҰК») ұстау қаншалықты қажет? Бұл екі ведомства бірін-бірі қайталап отырған жоқ па?  Қазақстанның автожол саласының даму тарихында қай министрлікте болмасын басшылық жүйе Автомобиль жолдары комитетінің құзырында болды және оның облыстық басшылықтары қазіргі «ҚазАвтоЖол» АҚ басқару жүйесін аса жоғары деңгейде орындады емес пе? Сондықтан қай жағынан қарасақ та, аталған мекеме жолдың жалпы басшылығы мен күтілім (мердігерлік жұмыс) істерін қатар жүргізуі айталықтай нәтиже береді деу өте қиын мәселе. Бұл арада бір қолымен тапсырушы болып, екінші жағынан мердігерлік істерді орындауы көкейге қонарлық шешім емес. 

«Қазавтожол» Республикалық мемлекеттік мекеменің жүйесіне келсек, бұл мекеме де өзіндік даму жүйесін 24 жыл көлемінде қалыптастырды. Олардың жүйелік дағдарысын, меніңше, басшылықтың  жүйелі ауыспауынан деп санаймын. Ондағы инженерлер мен басшылар жол күтілімінің нағыз шеберлері еді. Қазір олардың да жүйелік қимылдары шектеліп, нәтижесінде ведомства дағдарысқа түсті. Бұл арада бір-ақ кілтипан тұр, ол – басқару жүйесінің белгіленген шарттық мерзіммен ауыспауы. Мұны тәртіпке келтірудің еш қиындығы жоқ. Қиыншылық – жолды күтіп-баптаумен айналысатын әккі мамандарды қайта жинақтау, жол күтіміне қажетті техникалар мен материалдар дайындайтын және сақтайтын базалар, құрал-жабдықтар даярлау керек.  

 

Әбді Қиялбайұлы ҚИЯЛБАЕВ, техника ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық көлік академиясының академигі
25.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 31
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 28
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 20
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 55
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 158
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 162
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 373
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 346
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 961

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9039
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8436
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11663
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9423
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10643