75 жасқа толғанда Саяси Бюроның сыйлаған жапон теледидарын үйіне алып кетпей, кабинетінде су жаңа күйінде сақтаған ҚОНАЕВ!...
Шетелдерге шыққанда өзіне ұсынылған сыйлықтарды Орталық мұражайдың "Қонаевқа сыйға тартылған заттар" бөліміне тарту етіп отырған ҚОНАЕВ!...
Қазақ КСР Ғылым Академиясынан ай сайын 750 сомнан ақша алып, осы өзіне тиесілі ақшаның бір тиынын жаратпай, 20 жыл бойы Алматыдағы 3-ші балалар үйіне беріп отырған ҚОНАЕВ!...
Осыншама АДАЛДЫҚты бір бойына сіңірген ҚОНАЕВ адам емес, құдды бір періште дерсің!
ОЛ осы адалдығымен КСРО Бас прокуратурасының аса маңызды қылмыстық істер жөніндегі тергеушісі Калиниченконың тергеуінен құлан таза шығып қана қоймай, оның таңдайын да қақтырды.
Тарих беттерінде аты алтын əріптермен жазылған осы ҚОНАЕВ халықтың жүрегінде сақталып қалды.
Алайда, ҚОНАЕВтың АДАЛДЫҒЫН бүгінгі ұрпақ жүрегіне сіңіре АЛМАДЫ. Сондықтан біз "Жемқор Қазақстанға" айналдық!
Негізі ҚОНАЕВтай АСЫЛ тұлғаға айналу үшін ТАҚқа отыруға ЕМЕС, АДАЛ болуға ұмтылу КЕРЕК! Əйтпесе, биік таудың басына ҚЫРАНдай қалықтап ЕМЕС, ЖЫЛАНдай өрмелеп шығатын боламыз