Қош бол, Аралдың өнерпаз перзенті!

Қош бол, Аралдың өнерпаз перзенті!

Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері және ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қызылорда облысы Арал ауданының Құрметті азаматы, күйші-сазгер, ақын, жырау, біртуар орындаушы, біздің газетіміздің жанашыры Мұрат Сыдықов биыл 85 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Бұл кісі алыстағы Аралда тұрып-ақ халқымыздың мәдениет және өнер саласында ұшан теңіз еңбек сіңірген өте талантты жан. 1956 жылдан бері осы күнге дейін тынбай еңбек етіп, өнердің шырқау шыңына жеткен. Мысалға өзі басқарған ұлт аспаптар оркестрінің, әуесқой театрдың Халықтық атауын алуына еңбек сіңірген жетекшілерінің бірі. Арал қаласында бірнеше ән-би ансамбльдерін және эстрадалық ансамблін, ойын-сауық       отауын     ұйымдастырған   «Сыдықовтар отбасылық ансамблі» «Халықтық» атақ алған. (Бұлардың бәрі өмірбаянында жазылған). Мұрат Сыдықов өзінің Арал теңізін құтқаруда рухани және қаржылай жағынан бірден-бір көмектескен жомарт жан. «Арал шақырады», «Жырлайды Арал» атты Арал перзенті авторлық кештер өткізді. Оның әндерін Роза Бағланова, Нұрғали Нүсіпжанов, Мәдина Ералиева және басқалар орындады. Шығармашылық кештерінен түскен қаламақыларын да «Аралды құтқару» қорына аударды. Отбасы атынан 1987 жылы бес жүз сом, облысты аралағаннан түскен үш мың сом қаржыны осы қорға жіберді.

«Арал проблемалары», «Жоқтау», «Арал шақырады» деректі термелері және «Аралмен  мұңдасу» атты жыл толғауы өте құнды дүниелер. Арал-Қазалы өңірінде өмір сүрген дүлдүл жыраулардың Ән мақамдарын жинақтап, «Жыр мәйегі – мақам» атты кітап етіп шығарған Мұрат Сыдықовтың және отбасының шығармашылығы, өнері туралы Франция, Англия, Испания, Португалия, Германия, Жапония, Ресей, Швеция, Дания тағы басқа мемлекеттер деректі фильмдер түсірген. Швейцарияның Женева қаласынан арнайы келіп «Теңіз және жыршы» атты телефильм түсірген. «Сүйінші, Теңіз-анам келе жатыр!» жыр толғауының орны ерекше.  Қазақтың Жанқожа, Ақтан батырға арналған, сондай-ақ басқа да күй толғаулары халық арасында кеңінен орындалады.

Сыдықов туралы атақты өнер, әдебиет майталмандары тамаша пікірлерін айтқан. Асқар Тоқпанов, Шерхан Мұртаза, Роза Бағаланова, Шара Жиенқұлова, Кеңес Дүйсекеев тағы басқа. Оның отбасы түгелдей өнер майталмандары.

Мұрат Сыдықовтың бай мұрасын халыққа таныту, насихаттау үшін, сондай-ақ өнердегі жинақтаған сан алуан тәжірибесін кейінгі ұрпаққа үйрету үшін Мұраттың мектебі, ән-күйдің қара шаңырағы қажет. Мәдениет үйінде үйірме ашылған, оның аты бар, заты жоқ. Мұрат мектебі ашылып жатса, оның ішінде мұражай да ашқан дұрыс болады деп санаймыз. 

Марқұм Мұрат Сыдықов ағамыздың жатқан жері жайлы, иманы саламат, жаны жаннатта болғай!

«Qazaqstan dauiri» газеті мен 

«Мөлдір бұлақ»  журналы ұжымы

 

16.01.2025

Ұқсас жаңалықтар

Негізгі миссия - Заң және тәртіп
Бас прокуратураның баспасөз қызметі - 24.02.2025 214
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САЛЫНАТЫН ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ СӘУЛЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.02.2025 156
ТӨЛЕБИДЕ ЭКОТУРИЗМ ДАМИДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.02.2025 82
ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.02.2025 165
БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖОЛДАРДЫ ҚАРДАН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.02.2025 79

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 14427
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 13217
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 16496
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 15382
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 20438