Қуаты тасып кетпеседе, құлап жатқан ауыл жоқ екен.

Қуаты тасып кетпеседе, құлап жатқан ауыл жоқ екен.

 

Өңірлік коммуникациялар қызметіне аудан әкімдерінің журналистермен биылғы жылғы   кезекті кездесуіне  Біржан сал ауданының әкімі Д. Есжанов алғашқы болып келді. Әкім өз ауданның 2023 жылдың бірінші тоқсандағы  экономикалық-әлеументік жағдайы жайлы баяндады.

 Баяндамашы Достанбек Берікұлы: 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-экономикалық даму саласы бойынша нақты мақсаттар белгілеу жөнінде берген тапсырмасын орындау мақсатында бір қатар іргелі жұмыстарды атқарып жатырмыз.  

Экономика дамуының белсенді көзі  өнеркәсіп. Өнеркәсіп саласы өнім өндірумен қатар, аудан тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтуда бізге тұрақты көмектесіп келеді. Мысалы: Аудан тұрғындарынан  Семізбай-U өндірісі 108,   Өркен-Атансор 165,  Көкше-Цемент 149 адамды жұмыспен тұрақты қамтып келеді. Описание: Фото

Бірінші тоқсанда бұл кәсіпорындар және орта, шағын кәсіп орындарды қосқанда 9,8 млрд тенгенің өнімін өндірді.

         Экономикалық дамудың қозғаушы күштерінің бірі - aуыл шаруашылық саласы. Ауыл шаруашылығы саласыныңның өндірілген өнім көлемі 5,8 млрд. тенгені құрады.

Ағымдағы жылы  ет өңдейтін 3, сүт өңдейтін 1 ферма ашып, пайдаға беру жоспарланған. 2022 жылы ауданда қара мал бордақылайтын 5 ет фермасы өнім өндірді.

Биылғы жылы екі жүз мың гектар алқапқа жаздық дақылдарды себеміз.  Оның  168,1 мыңы  дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар168,1 мыңы   майлы дақылдар, 24,2 мыңы   жемшөп дақылдары.

Пайдаланбаған жер телімдерін қайтару мақсатында  30 мың гектарға жуық жер телімін  ерікті түрде қайтару алғы шарты жасалуда. Жер ресурстарын басқару департаменті 200 мың гектар пайдаланбаған ауылшаруашылық жерлері тексерістен өткізуде Бүгінгі күні барлығы  89 мың га құрайтын 38 жер телімдері қайтарылды.

Ауыл шаруашылық саласында ауыл халқының табысын арттыру үшін «Ауыл аманаты» жобасы іске асырылуда. Жоба аясында үстеме ақы мөлшерлемесі жылдық 2,5  пайыздан аспайтын шағын несие берілуде. Бүгінгі таңда бұл  бағдарламаның 24 әлеуетті қатысушысы айқындалды.  

Ауданымызда 1009 шағын орта бизнес субъектілері тіркелген, былтырғы жылғымен салыстырғанда 28 субъектіге артты. 2022 жылы - 981, оның  929  тұрақты жұмыс істеп тұрды.  Бүгінгі күні  401- шаруа қожалықтары, 378 - жеке кәсіпкер, 148 - кіші және 2 -орта кәсіпкерлік ұйымы жұмыс істеп тұр.

Кәсіпкерлік салада жұмысшылар саны  үш мың бес жүз елу алты адамды құрады.

        Туристік саланы дамыту мақсатында биыл Жөкей көлінде екі демалыс аймағы ашылады.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі  1,3 млрд. тенгеге жетті.

Оның  – 560,0 млн. тенгесі  кәсіпорындардың жеке қаражаттары, 740,0 млн. тенгесі  бюджеттік  салымдардан қарастырылды.  

Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында айтулы нәтижеге жеттік. Құрылыс саласы бойынша 487,0 тенгенің жұмыс атқарылды. Ал, былтырғы жылы бұл көрсеткішосы мерзімде  232 ,0 млн. тенге болған.

Тұрғындарды ауыз сумен қамту жұмысыда қарқынды жүрілді деуге негіз бар. Сапалы су бағдарламасы аясында жоғарыдан 1,0 млрд,тенге қаржы бөлінді.

Ол қаржы ауылға су құбырын тарту, құбырларға жөндеу жасау, су сорғыш тіректерін жөндеуге жұмсалады. Олардың қатарында Мақпал,Заозерное, Бірсуат,Қоғам,Мамай,Баймырза,Ақбулақ, Жаңалық,Қарағай,Қаратал,Карловка,Трамбовка сияқты ауылдар бар.  

Көлік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында ауданда екі жыл ішінде жалпы сомасы 1,8 млрд. тенеге шақ,  ұзындығы 22 км жол жөнделді.

Биылғы жыл ауданы бойынша  43 км жол желісін жақсартуға 3 млрд. тенге  көлемінде қаражат бөлінді.

  Бұл қаржымен  Щучинск-Степняк тас жолы 16 шақырым  күрделі жөндеу жұмыстары жалғасады. «Құдықағаш-Макинка» аралық автомобиль жолына орташа, Степняк қаласы, Бірсуат, Кенащи, Макинка, Баймырза ауылы ішіндегі жолдарға орташа, Степняк-Кеңащы жол учаскесіне ағымдағы жөндеу жүргізіледі

 Сондай ақ, Астана - Көкшетау тас жолынан Баймырза ауылына дейін, Степняк-Щучинск тас жолынан Қызылұйым ауылына дейін, Үлгі-Жаңалық тас жолынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін жолдарға орташа жөндеу жүргізу жобасы және Мақпал-Макинка жолының учаскесін жөндеуді жобалау -сметалық құжаттама әзірлену үстінде.

Денсаулық сақтау саласына тоқталатын болсақ осы саладағы қуанышты хабарымыз бар. Биыл көптен бері күткен 45 төсектік тәулік бойы жұмыс істейтін стационары және  ауысымына 200 келушіге арналған емханасы бар аурухананың құрылыс жұмыстары басталды. Ағымдағы жылы облыс бюджетінен 500 млн. ттенге  қаражы  бөлінді.  Жоба бойынша  құрылыс кезеңі       2023-2024 жылдарды қамтиды.

2024 жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жоба аясында Андықожа батыр ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салу жоспарымызда бар.

Өзекті мәселелерге тоқталатын болсақ, маман тапшылығы.  Олар реаниматолог, анестезиолог, окулист, лор, кардиолог, невропатолог. Бұл мәселені шешу мақсатында бүгінгі күні аудан гранты бойынша жоғары және орта арнаулы оқу орындарында 12 студент білім алуда. 2024-2025 жылдарда студенттердің оқулары аяқталып,  жұмысқа  келеді.

Ағымдағы жылы  Қарағанды және Астана қалаларында өткен бос орындар жәрменкелеріне қатысып, болашақ дәрігерлермен және қызмет жасап жүрген дәрігерлермен кездесіп, ауданымызға жұмыс жасауға  шақырдым. Биылғы жылы 6 дәрігер ауданға келуі жоспарда бар.

Білім беру саласында 2022-2023 оқу жылының басында жоғары біліммен 6 жас маман келді. Білім беру ұйымдарын ұстауға облыстық бюджеттен 4,5 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді.

Аудандағы елді мекендерге және олардың құрамдас бөліктеріне тарихи атауларын қайта беру жөнінде жұмыстар атқарылуда.

Бүгінгі күні 2 елді –мекендердің атауы (Краснофлот –«Бұлақты Шілік», Карловка –«Арал төбе»), Үлгі ауылының идеологиялық тұрғыдан ескірген 8 көшені қайта атау бойынша қажетті жұмыстар жүргізілу үстінде. («Пушкин» көшесіне «Асқар Забикулин», «1-ая Комбинатовская» көшесіне «Шәмші Қалдаяқов», «2-ая Комбинатовская» көшесіне «Баян Батыр», Кирова» көшесіне «Роза Әшірбекова», «Лесная» көшесіне «Биттігүл Мусанов», «Больничная» көшесіне «Балуан Шолақ», «Новостройка» көшесіне «Абай Құнанбаев», «Октябрьская» көшесіне «Ақан сері») атауы берілмекші.

         Жыл басынан әлеуметтік көмек шараларымен 7 млн. теңге сомасына 95 адам қамтылды.

Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша 79 адам жұмысқа орналастырылды. Кезең соңындағы жұмыссыздар саны 111 адамды құрайды.

2023 жылдың басынан бастап  жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек, 20 отбасына тағайындалды.   Онда 81 адамға  2 млн 300 мың. теңге төленді;

- жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек 108 адамға көрсетіліп, 7 млн 200 мың теңге төленді, деп әкім сөзін аяқтай бергенде, жүргізуші баяндама уақыты аяқталғанын хабарлады. Баяндама қысқарып, сұрақ жауап басталып, кездесу  бір сағатқа созылды.

Бүгінгі брифинг бұрынғыдан өзгеше болды. Өзгешелігі ұзақтығы бір сағаттан асты. Журналистер  жарты сағатқа жетпейтін брифинг бүгін созылып кетті деп, таңданысты. Баяндама 20 мин болғанда, сұрақ көп, сұрақ жауаптың өзі 50 минутқа созылды.  Достанбек әкім мемлекеттік тілге шорқақ болсада, мемлекеттік тілде қойылған сауалға сыр білдірмей, ресми тілді араластыра жауап беріп, бұл жолы оңай құтылғандай болды. Бізден қойылған сұрақтың негізгісіне тоқталсам, ол тоқ етері:-Мектебі тарап, құлағалы тұрған ауыл барма деген сұрағымызға. Қуаты тым тасып кетпеседе, ауылдарымыз орта денгейде тіршілік кешіп жатыр. Құлағалы, тарағалы тұрған ауыл жоқ. «Қуатты өңір- ел өркеннің іргетасы» бағдарламасында алға қойылған жұмыстарды біртіндеп атқарып жатырмыз деп, қысқа қайырды. Мақалаға әкімнің «Қуатты өңір- ел өркеннің іргетасы» жобасына қатысты атқарылған жұмыстарын қысқаша негізге алдық.

Дахан Шөкшир
20.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

Тәуекел картасы –  әділдіктің айнасы
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 31.10.2024 174
Ұлт ұясы – Ұлытау, жаңарған Жаңаарқа
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ - 31.10.2024 166
Орман  шаруашылығын оңалтуда оң нәтиже бар
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 27.10.2024 440
Тігінмен  тірлігін түзеген
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы - 27.10.2024 490
ЕСІРТКІ ТҮБІ – ТҮРМЕ
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 27.10.2024 451

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 7381
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 6812
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 10028
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 7795
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 9012