Қызметке адал, халқына әділ болып, Көкшені көркейткен әкім

Қызметке адал, халқына әділ болып, Көкшені көркейткен әкім

 

Қазақ ағаш көркі –жапырақ, адам көркі жүберек десе, өркениет заманында қала көркі құрылыс болары даусыз.  Міне, осы ұстанымды мақсат тұтқан облыс әкім Е.Маржықпаев Көкшетау қаласын көрікті етуге қала әкімі кезінен құлшынғанына ел қанық.  Сол құлшыныстың нәтижесі,  туған өлкесін өркендету, көркейтуге деген патриоттық сезім, білім біліктігінің жұмылдырып еңбектенуінің  арқасында соңғы жылдары Көкшетауда құрылыс, әсіресе тұрғын үй салу өте қарқын алып, қала көркейіп, келбеті айтарлықтай өзгерді. Ермек Боранбайұлы еңбек жолын қарапайым ұстаздықтан бастап, кәсіпкерлікпен айналысып, нәтижеге жеткен. Ол облыстық мәслихаттың депутаты, екі ауданда әкім, облыс әкімінің орынбасары,  Президентi Әкiмшiлiгi Мемлекеттiк бақылау және аумақтық-ұйымдастыру бөлiмiнде  мемлекеттiк инспектор, Көкшетау қаласының әкімі және  2019 жылдан бастап Ақмола облысының әкімі қызметін абройлы атқаруда. Олай дейтініміз Ермек әкім қарапайым ұстаздық етіп    халықтың жанын  ұқты,  кәсіппен шұғылданып  бизнестің  қыр сырын менгеріп нәтижеге жетті, аудан әкімі, облыс әкімінің орныбасары болып,  ел басқаруды, президент аппаратында шыңдалып   облыстарды аралап  әр өңірдің   айырмашылығын  саралап, денгейіне қортынды жасай білді. Қоғамдық жұмысқа араласып,, облыстық мәслихат депутаты, кәсіпте нәтижеге жетіп 2 рет  «Ақмола облысының ең үздік кәсіпкері» және  «Қазақстан Республикасының ең үздік жыл кәсіпкері»  атағына ие болды.  

 

 Осылай қызметтің барлық сатысынан өткен Ермек Боранбайұлы облыс басқаруда алдыңғы іс тәжірибелерін, білім білктілігін ұштастыруының арқасында  нәтиже жетіп жүр.

Ол облыс әкiмiнiң орынбасары қызметінде құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жауаптанып жүргенде халыққа тұрғын үйдің қажеттілігі және тұрмыс тәуқіметің баспанасыз адамдарға  қаншалықты ауыр болатынын сезінді. Осы қызметтен соң  2015 жылдың бастап Көкшетау қаласының әкiмiне тағайындалды. Қаланы көркейтуді қолға алды. Әсіресе халықты баспанамен қанымдауға ерекше  көңіл бөлді. Құрылыс саласының мамандарын, кәсіпкерлерді  ұйымдастырып Көкшетауда тұрғын үй салуды қарқындатты. Әрине, қарқындатты деп айту оңай. Ол қала әкім кезінде республикалық денгейдегі лауазым иелері,   облыс әкімі, кәсіпкерлермен тіл табысып, жоспарларын кезең кезеңмен жүзеге асырды. Облыс әкімі болғанда   атқаратын  қызметтің  ауқымы кеңейгенімен ұйымдастыру қабілеті кең тәжірибелі әкім,  өңірді басқаруды інәтижелі жалғастырып келеді. Ермек Боранбайұлы Ақмола өңірінің тумасы. Туған жер, өсіп өнген ортасында еліне қызмет ету, әр адамның құлшынысын артырып, жігер беретіні табиғи құблыс. Өйткені, оны туған туысы, дос жарандары қолдап, қоршап, нәтиже күтіп отыр. Оны сезінген адам алға ұмтылары хақ. Ол облыстың қауыр қызметтерін атқара жүріп,  өңірдің тума талантары өнер иелері, белгілі тұлғаларды, ел алдында ардақтауға аса мән берді. Өйтсек, сөзіміздің басын сол ардақтылардан бастайық.

 

        Ел ардақтыларына   ескерткіш қойылды

Көкше өңірі  хандар орда қондырған, билер билік айтқан,  өнер иелері өнерін шыңдаған,  сал, сері ән салған, ақындары жыр төккен, атан түйе көтеріп, атан өгізді ұрып жығатын, алып күш иелері туып өскен құтты мекен.  Осы ардақтыларды ел біліп танып жүрсін деген  халықтың ықыласы, әкімдердің қолдауымен   Көкшетаумен Астана күре жолы  бойына Ұлы да­ланың ұлы тұлғаларының бірегей­ле­рі Кенесары хан, Біржан сал, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай мен Ақан сері ескерткіштерін  қойылды. Игі шара «Көкше жерінің-Ұлы тұлғалары» атты жоба аясында жүзеге асты.  Кенесары ханның ескерткіші Бурабайдан Астанаға шығар жолда, Біржан салды өз ат берілген «Біржан сал», «Балуан Шолақ» Бұланды , «Ақан сері»  Ақкөл, «Үкілі ыбырай» Шортанды ауданның аумағындағы табиғаты көз тартатын әсем жерлерде тұр.

Көрнекті мемлекет және партия қайраткері, Социалистік Еңбек Ері  Еркін Нұржанұлы Әуелбековке Көкшетаудың ортасында  Еркіннің өз аты берілген көшеге 2021 жылы  зәулім ескерткіш қойылды. Бұл ескерткіш тұрғызу С.Кулагин әкім болған 2015жылдан  басталып, Е.Маржықпаев әкімнің қолдауымен  іске асты. Ескерткіштің кешеуілдеуіне  С.Кулагин әкімнің жазығы жоқ. Кезінде бастамашы топтың ұсыныс, өтінішне сай, Мәдениет министрлігне өз атынан  хат жолдап қолдады. Бірақ, министрлік әр түрлі құжат сұрап бірнеше рет қайтарғаны есімде. Алғашқы жылдары марқұм Сансызбай Мұхитанов ағамыз айналысып , құжаттарды бірнеше рет дайындап, маған 3 рет поштаға салдырғаны есімде. Одан кейінде қаншама құжат дайындағанын білмедім.  Бастамашыл топтың қажырлы еңбегі, әкім Ермек Боранбайұлының тікелей араласуымен   ескерткіш кеште болса орнын тапты.Еркін Нұржанұлыда Көкшетауды көркейтуге үлес қосқан тұлға. Ол теміржол, авто бекет, қонақ үйлер, әкімшілік ғимраттары сияқты көптеген құрылыстарды н  заманға сай салдырған тұлға. Елім деген ерді ардақтағандарға ел қуанды.

 

 Жаңа  аудан  қосылып,  ғимраттар  бой көтерді

Өңірде , әсіресе облыс орталығы Көкшетауда зәулім  ғимараттар бірінен соң бірі бой көтеріп, тәуелсіздіктің еркіндіктің  нарқын елге паш етіп келеді. Облыс бойынша тәуелсіздік жылдары құрылыс саласына 235  млрдқа ж уық қаржы жұмсалыпты. Мол қаржының нәтижесінде осы жылдары  186 балабақша, 47 жалпы білім беретін мектеп және шағын мектептерге қосымша  5 оқу корпусы, 353 шағын орталық, ауруханалар мен тұрғын үйлер тұрғызылды. Облыс орталығында бір күнде 150 адам қабылдайтын 2,6 млрд теңге жұмсалған облыстық онкологиялық емхана, кещенді сауықтыру орталығы сияқты үлкенді кішілі 5 емдеу орны  аудан, ауылдарда 30 тарта емханалар, өндіріс ошақтары  салынды.Қопа көлінің жағасына жастарға арналған  14 мың шаршы метр аумақты қамтыған «Болашақ» сарайы, дәл қасынан келбеті жарасқан «Хан сарайы» мейрамханасы сияқты, ойын сауық ғимраттары қаланың өзге аумағында көптеп салынып, ел игілігіне қызмет етуде.  Жекешелендіру кезінде жекеге өтіп, елге пайда бермей тұрған  Абай көшесінің бойында орналасқан жеңіл атлетика манежін мемлекет меншігіне алып 400 млн тенге қаржы жұмсалып, ел игілігіне қайтарылды.  

Көкшетаудың солтүстік шығыс аумағында бүтіндей жаңа ғимраттармен  толыққан «Сарарқа» ықшам ауданы, «Абылай хан» «Жан сая» сияқты тұрғын үй кещендері бой көтерді.

 

30 жылда алпыс мың ақмолалық  баспаналы болды

Құрылыс саласының қарқындылығын айғақтайтын бірден бір көрсеткіш – тұрғын үй. Ел бойынша жүзеге асырылып жатқан «Нұрлы жер», «Бақытты отбасы», «Өз үйім», «7-20-25», «Баспана хит», «5-10-20», «Әскери өнім» сияқты бағдарламалар аясында  тәуелсіздік жылдары 3,7 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды. Соңғы бес жылда жыл сайын орташа есеппен  400 мың шаршы метр үй салынып, кейіннен бұл көрсеткіш 700 мың шаршыға жетті. Жалпы алғанда өңірде алпыс мынан  астам отбасы қоныс тойын тойлайды деген сөз. Тұрғын үйге  инвестиция тарту соңғы  3 жылда т 190,0 млрд теңгені құраған.  Сонымен қатар, 2020 жылдан бері 1,5 миллион шаршы метр тұрғын үй салынып,   12 мыңға жуық ақмолалық отбасы баспана мәселесін шешті.  Яғни , 286 көп балалы отбасы және халықтың әлеуметтік осал топ санатына жататын 812,  «Отбасы банкі» салымшылары және   жергілікті атқарушы органдардың кезектегі тізімдері бойынша 535  отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартқан. «Ауыл – ел бесігі» жобасы іске асырылғаннан бері тұрғын үй салу, басқада мақсаттарға 10,2 млрд теңге бөлініп, өңірдің 15 елді мекеніндегі ауыл тұрғындардың өмір сүру денгейін жақсартуға бағытталған 72 жоба іске асқан.  


Ақмола облысы соңғы атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша республикада алдыңғы орындардан көрініп жүр.
Биыл  облыс бойынша тұрғын үй құрылысына 12,5 млрд теңге қаржы бөлінсе, оның 10,1 млрд теңгесі республикалық, 2,4 млрды  облыстық бюджетке тиесілі.  Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды баспанамен қамтуға  республикалық бюджеттен 1,4 млрд теңге қаржы бөлінді. Оның  1,2 млрд теңгесі көпбалалы отбасыларға салынатын жалдамалы тұрғын үй құрылысы үшін, 220,4 млн теңгесі көпабалалы отбасыларға жалдамалы пәтерлер сатып алуға  бағытталған.  

Жалдамалы тұрғын үй   салу,  сатып алу бағыттары бойынша,  176 көпбалалы отбасын баспаналы болуға мүмкіндікке ие болды.  «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылған үш жыл ішінде 1,5 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй салынды. Осы жылдар ішінде 13 мыңнан астам ақмолалықтардың   пәтер мәселесі шешілді.  Құрылысқа қажет кірпіш, темір бетон, цемент, жылу сақтауға арналған материалдардың барлығ облыста өндірілдеді.   Кірпіш өндіретін ел Республикаға  белгілі өндіріс қуаты жоғары «Енки» кірпіш зауыты Көкшетауда орналасқан.

                   

Әкім Е.Маржықпаев «Енки» кірпіз зауытының өнімімен танысу сәті

 

 Тар жолдар кеңейіп, Қопа көлі  жағажайға айналды

Көкшетаудың  өзге қалалардан  басты ерекшелігі Бұқпа тауының етегінде орналасқан Қопа көлінің жағасына орын тебуі. Соңғы үш жылда  көл жағасы  жағажайға ұласып  келбеті заманауй үлгіде  өзгерді.  Жағажайда заман талабына сай демалыс алаңдары мен балалар ойын алаңдары, ашық театрлар және  суға шомылатын арнайы орындар пайда болды

Қылшақты өзеніне көпір салу, жолдарды  жөндеуге  қазынадан
1,2 млрд  теңге бөлініп,  Қопа көлінің жағасындағы жекеменшік үйлер сүріліп, орнына жаңа нысандар бой көтеріп жатыр.

Кептеліс болдырмау мақсатта  айналма жол құрылысы қолға алынып , қала іші жолдары, әсіресе  ені тар, екі көлік сығылысып өтетін М.Ғабдуллин сияқты ұзын көшелердің жолы стандарт талабына сай кеңейді.

Қаланы өркендету, көркейту, таза ұстау тұрғындардың ынта, ыждағаттылығына байланысты. Осы қаблетті арттыру, өзім тұрған қалам деген  сезімді ояту үшін «Бюджет – халық қатынасымен» – жобасы бойынша қала аумағын абаттандыру конкурсын жариялауы көпшіліктің ынтасын оятып, қаланың өркендеуіне оң әсерін  тигізуде. Қаламен дала көркейіп келеді. Әкімнің атқаратын қызметі тек құрылыс емесі белгілі.  Атқаратын қызметтің  басқа саласыда жетерлік, атқаратын іс шаш етектен екені баршаға мәлім.  Шаш етектен көп жұмыстың ең басында,  30 жыл айтылып  нәтиже шықпай жатқан Жылу электр станциясын салу, өңірге газ желісін тарту мәселесі тұр. Осы жылудың әсерінен өткен ғасырдың аяғында Көкшетау мұзға оранды. Биыл ЖЭС болсада, құбыры жайлы болмай Екібастұз мұздады.  Басқада қалаларда  келеңсіздік орын алып жатқаны естіледі. Сондықтан, Көкшетауға ЖЭС салуды жеделдетіп, тез бітірмесе,халық қиналып,  қарқындап жатқан құрылысқа көлеңке түсуі  бек мүмкін.

Түйін: Мақсат облыс әкімін мақтап, қолпаштап мақала жазу емес. Министрлермен, әкімдерді білім, тәжірибесін сараламай  оңды солды алмастырып келген ескі жүйені өзгертсе деген ой. Себебі, әр  облысқа елді, жерді білетін  өз өңірінің тумасын тағайындаса жоғарыда жазғандай нәтиже шығатынын   берісі көпшілікке, арысы билікке   қысқаша ғана дәлелдеу еді.  Осы облыстың бір екі аудан, ауылында өз тумаларынан тағайындалған әкімдер өңір үшін жанын салып қызмет атқарып жүргенін көріп жүрміз.  Әр кім өз денгейіне сай туған ауыл, аудан, облысына  әкім болсын. Таныс туысын жағаламай қызметіне адал , халқына әділ болып, елін жерін, отанын  өркендетіп көгертсін.

 

 

Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы
22.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 35
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 82
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 35
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 40
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 35
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 76
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 82
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 276
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 272
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 893

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8970
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8364
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11590
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9348
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10574