Референдум саяси теңдікке жетудің ең биік сатысы

Референдум саяси теңдікке  жетудің ең биік сатысы

Бүкіл қазақстандықтарды дүрліктірген Қаңтар оқиғасы  еліміздің әлеуметтік  саласында  ғана емес саяси жүйесіңде  де олқылықтар орын алып отырғанын көрсетті. 

Мемлекет Басшысы  Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев телеарналарға сұхбаттарберіп, Үндеу де жасады. Халықтың алдына барлық мәселені жайып салды, елден ұсыныстар күтті. Халықпен кері  байланыс орнатудың нақты қадамдарына барды. Барлық ұсыныстар мен пікірлерді електен өткізіп барып, Жолдауын жариялады. 

Бұл Жолдаудың бағыты-  барлық салада қоғамның бүкіл санаттарының тепе-теңдігін сақтай отырып,   саяси, құқықтық жүйеде әділетті реформа  жасау. Халықтың ойынан шығатын  заңнамалық құрылымдық жүйені  жетілдіру арқылы ғана Әділетті  саяси  құқықтық реформа туылатыны түсінікті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жаңа Қазақстан: Жаңару мен Жаңғыру жолы" Жолдауына талдау жасағанымда   ең көп кездесетін сөздер мемлекет   67 рет,  қоғам 55 рет,  еліміз 45 рет,    заң 44 рет,   сайлау 40  рет, Қазақстан, адам, саяси  сөздері 39 реттен, жүйе 35 рет қайталанады.  Бұл сөздер- негізгі нысананы анықтайтын  құлып ашар сөздер. Мемлекет басшысының айтқысы келгені мемлекет пен қоғамның  арасындағы  байланысты   жақсарту,  қоғамның  үнін билікке  жеткізіп,елімізде заңның үстемдігін  қамтамасыз ету  арқылы сайлау жүйесіне өзгеріс ендіру.  Демек, Қазақстанда  адам құқықтарын қорғау мақсатында саяси  жүйе де жаңғыратын болады деген тұжырымды елгежеткізгені. Осы уақытқа дейін  1995 жылғы Ата заңымыз бүкілхалықтық референдум  арқылы дүниеге келсе, содан  бері уақыт талабына сәйкес, Ата заңымыздың 64  бабына қатысты, 1998,2007,2011,2017,2019 жылдарда бес рет өзгерістер мен толықтырулар енгізіліпті.Бұл заңдылық.Заман өзгереді , заң өзгереді деген аталы сөздің түйіні, жауабы.Оның үстіне  біздің мемлекетіміз басқа батыс,шығыс елдерімен салыстырғанда анағұрлым жас мемлекет.

Қолданыстағы Конституциямыздың  33 бабына өзгеріс енгізілуі туралы мәселе  өте ауқымды  болғанын ескере отырып,  Мемлекет Басшысы  Республикалық  Референдум туралы заңның  18  бабына сәйкес, референдум тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Республикалық референдум туралы заң  IV-тараудан,37 баптан тұрады. Конституциялық реформалар  стратегиялық болғандықтан халықтың қолдауы аса қажет. Референдум дауыс берудің  ең демократиялық  түрі әрі тікелей халықтың еркін білдіреді,ел пікірімен санасудың ең жоғарғы сатысы. Референдум арқылы ұсынылып отырған  Конституциямыздың  нұсқасында ешқандай бір тармақта, не бапта  Президенттің өкілеттігіне артықшылық көрсетілмеген,қайта Суперпрезиденттік  басқарудан біртіндеп көшіп ықпалды Парламент мәртебесін көтеру, және Президенттің жақын туыстарына  саяси лауазым иеленуге тыйым салыну жөнінде әділдік сипат бар. 

Сайлау жұйесінде аралас жүйенің ұсынылуы  ел арасында қызықшылық тудыруда.Ұсынылып отырған нұсқада «Кеңес» сөзі «Сот» сөзімен   ауыстырылған.Ал, VIIбөлімде Конституциялық сот   құрылымы туралы  толықтыру бар. Конституциялық сотқа жүгіну құқына Бас Прокурор және Адам құқығы  жөніндегі уәкіл ие болады.Сондай-ақ, 83 бапта  Адам құқығы жөніндегі уәкілдің мәртебесі  конституциялық заңмен айқындалады. 

Жұртшылықты қызықтыратын бір  мәселе-Жер мәселесі. Қолданыстағы Конституцияның 6-шы бабы 3–тармағында «жер мен оның қойнауы,су көздері,өсімдіктер мен жануарлар дүниесі,басқа табиғи ресурстар мемлекет меншігінде» болса , ұсынылатын нұсқада  «жер мен оның қойнауы,су көздері,өсімдіктер мен жануарлар дүниесі,басқа табиғи ресурстар халыққа тиесілі.Мемлекет  халық  атынан  меншік иелігін жүргізуге құқылы.Жер сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде,шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін» деп көрсетілген.  Мемлекет басшысы  өзі ой елегінен өткізген,  елдің пікірін ұстын етіп, қарқынды дамуымызға арналған   барлық саланы қамтитын саяси өзгерістерге тола Ата заңымыздың жаңа нұсқасын референдум  арқылы қабылдауға ұсынды.

Елдің бірлігі үшін,тыныш тірлігі үшін  саяси жұйедегі өзгеістерді таразылап жеті рет өлшеп бір рет кескен   демекші  референдум арқылы қоғамның барлық санаттарымен санасу,пікір алмасу демократияны көрсетеді.Референдум ашықтықтың,демократияның,  саяси теңдікке жетудің ең биік сатысы.

31.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 71
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 108
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 109
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 71
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 217
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 222
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 436
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 399

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9093
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8491
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11719
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9485
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10700