Бұл сауалғаэЭкономист Мұрат Темірханов: «Қор бүгінгі таңда өзінің бастапқы миссиясын жоғалтып алды. Қорды таратып жіберіп, оның портфелді компанияларын профильді министрліктерге бағындыра салса, мемлекет бір жылда кем дегенде 17 миллиард теңге үнемдейтін болады. Қордың 2021 жылдың 9 айына қарасты аралық қаржылық есебін қарасақ, корпоративті орталықтың жалпы және әкімшілік шығындары 16,8 миллиард теңгеге жетіпті. Бұл тек орталық кеңседе отыратын басқарушы аппараттың шығыны ғана. Сонда бір айда қордың орталық кеңсесін ұстауға 1,8 миллиард теңге жұмсалып отыр. Мұндай шығындардан халыққа қандай пайда бар? Мемлекеттік компаниялардың тиімді жұмыс істеуіне қол жеткізу үшін «Самұрық-Қазынаны» өзінің бастапқы бағытына – мемлекеттік компанияларды бақылау және басқаруға қайтару қажет. Қордан мемлекеттің бақылау пакеті жоқ бірлескен компанияларды шығарып тастау керек. Мұндай мемлекеттік инвестициялардың барлығын Ұлттық қордың басқаруына берген дұрыс», – деп жазады .» Мұрат Темірхановтың пікірінше, Қазір басқарушы холдингке орасан көп қаржы жұмсалады. Сол себепті, «Самұрық-Қазына» қорын мемлекеттік коммерциялық активтерді басқару жөніндегі үкімет жанындағы шағын мемлекеттік агенттікпен алмастыруға болады», – десе, қаржы сарапшысы Андрей Чеботарев: «Кезінде трансформациядан өту үшін трансформация департаментін құрған Қордың тым ауыр, ебедейсіз алпауытқа айналып кеткені байқалады. Трансформация үшін «Самұрық-Қазына» бүкіл компаниялар тобына арналған халықаралық кеңесшілерді орталықтандырылған түрде жалдады. Егер біз әл-ауқат қорын тарататын болсақ, онда әр ұлттық компания бас-басына халықаралық кеңесші жалдауға мәжбүр болады. Бұл – қымбат. Сондықтан, біз портфельді компаниялардың өсуіне көмектесетін біртұтас «корпоративтік ми» идеясына қайта оралуымыз керек. Жалпы «Самұрық-Қазынаның» кәсіби деңгейі алда жоспарланып отырған жекешелендіру барысында байқалмақ. Жекешелендіруді дұрыс ұйымдастыра ала ма? Осыған көп нәрсе байланысты. Қазір ең алдымен «Самұрық-Қазынаның» ортақ мемлекеттік сатып алулар тәртібіне бағынбайтын дербес статусын жою маңызды. Бірінші қадам ретінде, «Самұрық-Қазынаға» қатысты мемлекеттік аудит барысындағы банк құпиясы алынып тасталды. Демек, жақын арада Есеп комитеті «Самұрық-Қазынаны» қайтадан тексеретін болады. Және бұл жолы мүлде басқа картина шықпақ. Банк құпиясы бойынша норма көптеген көлеңкелі тұстарды жасырып тұрған болатын. Енді «Самұрық-Қазынада» ондай тығылатын тесік қалмады», – дейді.