САРЫАҒАШТА АК-74 АВТОМАТЫН БӨЛШЕКТЕП ЖИНАҚТАУДАН ОБЛЫС БОЙЫНША РЕКОРДТЫҚ КӨРСЕТКІШ ОРНАТҚАН МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ МАРАПАТТАЛДЫ

САРЫАҒАШТА АК-74 АВТОМАТЫН БӨЛШЕКТЕП ЖИНАҚТАУДАН ОБЛЫС БОЙЫНША РЕКОРДТЫҚ КӨРСЕТКІШ ОРНАТҚАН МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Бүгін 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні республика көлемінде мерекеленуде. Айтулы шара Сарыағаш ауданында да кең көлемде тойланды. Салтанатты шарада патриоттық рухта тәрбиеленіп келе жатқан жас буын өнерін ортаға салды.
Солардың бірі – Сарыағаш аудандық білім бөліміне қарасты №70 С. Байғозиев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Әсел Барат. АК-74 автоматын 11 секунд ішінде бөлшектеп, 24 секунд ішінде жинақтап көпшілікті таң-тамаша етті. Аудан әкімі арнайы алғыс хатын ұсынып, өңірде патриот жастардың өсіп келе жатқанын мақтан етті.
Айта кетейік, Әсел Барат халық қаһарманы С.Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына орай өткізілген «Айбын – 2024» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының облыстық кезеңіне қатысып, қыздар арасында АК-74 қаруын бөлшектеп жинақтаудан Түркістан облысы бойынша рекордтық көрсеткіш орнатқан еді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
04.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 533
Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 534
Әлеуеті артып  келе жатқан аймақ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.11.2025 461

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20854
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20636
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35769
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34290
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38168