Сел қаупі сейілмей тұр

Сел қаупі сейілмей тұр

15 мамырдан бастап Шығыс Қазақстанда сел қауіпті кезең басталды. Өңірде Катонқарағай және Зайсан аудандарында, Риддер қаласында және Алтай ауданында орналасқан барлығы 13 сел қауіпті ошақтар бар. Жоғарыда аталған аудандардағы таулардың  басында 13 елді мекенге қауіп төндіретін 144 мореналық көл қалыптасады.   Мамандар жыл сайын қауіпсіздік мақсатында көлдер мұздан әлі ашылмаған сәттен бастап және сел қаупі бар жағдайды бақылау үшін олардың мұздан толық ашылуына дейін тексеру жүргізеді.

Облыста сырғыма қаупі бар 9 учаске бар. Бұлар негізінен автожолдардағы, өзен бассейндеріндегі таулардың жағалық беткейлері мен құлдилары: Риддер қаласы – Громотуха, Уба; Алтай ауданы  – Бұқтырма, Хамир, Черновая; Катонқарағай ауданы – Бұқтырма; Зайсан ауданы – Кендірлік.

Сел және сырғыма қаупі бар кезеңнің қауіпсіз өтуіне әзірлік мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті «Қазселденқорғау» ММ-нің Шығыс Қазақстан аумақтық пайдалану басқармасы филиалымен бірлесіп, сел және сырғыма қаупі бар учаскелерде облыс халқы  мен инфрақұрылымының қауіпсіздігі қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын дайындады. Өзен арналары және сел, сырғыма қауіпті  учаскелері бойынша жоспарлы жерүсті және аэровизуалды зерттеу кестесі әзірленді. Мореналық көлдерде батиметриялық жұмыстар жоспарланған. Сел қаупі бар учаскелерде 20 ескерту және тыйым салу қалқандары және сырғыма қауіпті учаскелерде 18 қалқан орнатылды, көшкін сел және сырғыма қаупі бар аудандардың жергілікті атқарушы органдарына, объектілері мен құрылыстары ықтимал сел қаупі бар учаскелерде орналасқан кәсіпорын басшыларына, жеке үй иелеріне хабарламалар-ұсынымдар берілді.

Сел, сырғыма  жағдайына мониторинг жүргізу үшін 9 маусымдық гидропост және 1 жыл бойғы гидропост жұмыс істейді.

ШҚО ТЖД және ШҚ «Қазселденқорғау» филиалы сел тасқынынан қатерден құтылу  арқылы ғана құтылуға болатынын еске салады. Қауіпсіздік мақсатында сел қаупі бар кезеңде тауларға барудан бас тартқан жөн.

Тұрғындарға  аймағыңыздағы сырғыма  қаупі ықтимал орындары мен олардың шамамен шекараларын білуі керек.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарласу қажет.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
18.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 45
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 149
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 41
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 49
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 46
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 144
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 149
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 335
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 328
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 952

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9027
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8423
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11651
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9407
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10633