Сенатта" Бұқаралық ақпарат өұралдары мен әлеуметтік желілердің мемлекеттік идиологияны қалыптастырудағы орны" дөңгелек үстел өтті

Сенатта" Бұқаралық ақпарат өұралдары мен әлеуметтік желілердің мемлекеттік идиологияны қалыптастырудағы орны" дөңгелек үстел өтті

Қазіргі таңда қоғамдық сана мен азаматтық ортаны қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердің орны ерекше. Ақпарат секунд сайын еселеп көбейіп жатқан әлемдегі жалғыз өнім деуге болады. Мұндай үлкен көлемдегі өнімдерді тұтыну барысында ақпараттық гигиена мен ақпараттық иммунитет қалыптасқан жөн. Себебі, мұнда психологияны бұзатын да, әлеуметтік ортаны да өзгертіп, тіпті ұлттық, мемлекетке де қауіп тудыратын контенттер болатыны айтылып жүр.

Гибридтік соғыстар заманында мемлек­етті жаулап алғысы келсе, оған қарсы қар­улы қақтығыстардан гөрі ақпараттық идеол­огиялық саясат арқылы өз құндылықтарын насихаттап, жаулап ал­у қиын емес.

‼️Француз қолбасшысы Наполеон: «Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газетің болсын» деген сөзі­нің өзі ақпараттық құралдардың сол заман­нан бері рөлі орасан зор екеніне көз жет­кізуге болады.

Бүгін Сенатта «Бұқар­алық ақпарат құралда­ры мен әлеуметтік же­лілердің мемлекеттік идеологияны қалыпта­стырудағы орны» тақы­рыбы бойынша дөңгелек үстел өтті.

Ел Пр­езиденті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Ақпа­раттық доктринасын бекіту» туралы жарлық­қа қол қойған болаты­н. Доктрина халқымыз бен еліміздің идеол­огиялық дамуын қамта­масыз етуді,​ елді ұйыстыруға және заман ағымына бейімдел­ген ақпараттық саяса­тты құруды көздейді.

Бұл бағыттағы жұмыст­арды жүйелі түрде жү­ргізу үшін барлық БАҚ өкілдері мен тиісті органдар бірлесе тізе қосып жұмыс істе­п жатқандығын ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Darhan Qydyráli толыққанды баяндады. 

Дегенмен, бұл бағыттағы жұмыс кешенді жүргізіліп, бүкіл қоғам жұмылдырылуы керек деп ойлаймын. 

Халқымыздың саны арғысын айтпағанда, көрші алпауыт мемлекеттердің бір қаласының тұрғынындай болып отыр. Қазіргідей технологиялар дамыған заманда бар-жоғы 19 млнның санасын улап, небір теріс пиғылды тықпалай салу қиын болмасы анық. Смартфонмен туған ұрпақтың миын басқару тіпті оңай. 

Қазіргі таңда  жанымызға қанша батса да дәстүрлі медианы әлеуметтік желілер  тықсырып бара жатқанын мойындауға тиіспіз. Қазір дәстүрлі медиаға деген балалардың қызығушылығы қала тұрмақ, ауылдарда да төмендеп барады. Бұл әлемдік тенденция.  Әлеуметтік медиа буыны қатпаған балалардың санасын жаулап алған.  

Олар тіпті бұрынғы кездегідей ғарышкер, ғалым, журналист, әртіс болуды армандап, идеал тұтпай, керісінше, A4, ГЛЕНТ, Lesha Maisak, Компот

Дима Масленников сияқты атақты жаңа медианың өкілдерін кумир тұтады. Бұл аса қауіпті.

Яғни тек дәстүрлі , бұқаралық ақпарат құралдарына ғана емес, жаңа медиаға барынша назар аударатын уақыт жетті. Көрші елдер өз әлеуметтік желілерін дамытып жатыр. Қазақстанда бар желілерде мемлекеттік тілдегі сапалы контент мардымсыз.

Біз балалардың, әсіресе жасөспірімдер қызығушылығы мен сұранысын зерделеу арқылы ұлттық құндылықтарымыз мен мемлекеттік мүддеге сай контент фабрикасын жасау уақыт күттірмейтін міндет. 

‼️Елімізде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуіміз үшін бұл салаға бөлінетін қаражат мөлшерін қайта қарап, көбейтуді ойластыруымыз керек. Ауруды емдеуден гөрі, алдын алған тиімді екені ақиқат.

Аса маңызды тағы бір мәселе - БАҚ пен жаңа медиадағы құмар ойындар, энергетикалық сусындар, электронды шылым тб халыққа аса зиянды өнімдерді жарнамалауға шектеуді заң жүзінде реттеу қажет. 

Әрине, жарнама табысы БАҚ - ды асырап отырғаны анық. Алайда, ұлт денсаулығы мен санасына кері әсер беретін өнім мемлекет үшін қауіпті. 

Бұл бағытта арнайы заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді де қарастыратын боламыз.

Бибігүл Жексенбайдың фб парақшасынан
20.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 35
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 81
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 35
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 40
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 35
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 75
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 81
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 275
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 271
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 892

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8969
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8363
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11589
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9347
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10573