Шолпан Рахматуллина: Қуатты өңірге білікті мамандар жеткізеді

 Шолпан  Рахматуллина: Қуатты өңірге білікті  мамандар жеткізеді

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасында халықты әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыспен қамту, азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құру, шеттен келген қандастарға жайлы жағдай жасау жайлы басым бағыттар міндеттелген. Аталған басым бағыт Ақмола облысында қалай жүзеге асырылып жатыр? Сол жайында  облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Шолпан  Рахматуллинамен сұхбаттасқан болатынбыз. 

Шолпан Салыққызы Рахматуллина 1971 жылы Ақмола облысы Біржан сал ауданында дүниеге келген. Көкшетау университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1989 жылы Омбы қаласының Октябрь аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің маманы болып бастаған.

Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі еңбек өтілі  – 30 жыл. 

2013 жылдан  Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған. 2022 жылдың 14 қарашасынан бастап аталмыш басқарманың басшысы.

  

10 жоба аясында 17 мың жұмыс орны

«Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметтік міндеті:  Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, жұмыспен қамту, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға уәкілетті атқарушы орган.  

–  Шолпан Салыққызы, елімізді өркендету, халықтың әл-ауқатын көтеру мақсатында біршама ұлттық жобалар бекітіліп, іске асырылып жатыр. Соның бірі –  «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы. Жоба  Ақмола облысында қалай іске асырылуда? 

– «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» және «Кәсіпқойлық даму» сияқты ұлттық жобалар аясында өткен жылдары  халықты жұмыспен қамту мен жұмыссыздық деңгейін төмендету, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру мақсатында өңірде барлық жағдайлар қарастырылды. 2022 жылы 31611 жаңа жұмыс орны құрылды.  Әр бағыттағы  10 жоба аясында барлығы 17 мың жұмыс орны ашылды. Оның 10 мыңы – тұрақты. Сол 16 мыңнан астам жұмыс орнының 4 мыңнан астамы Ұлттық жобалар аясында іске асты. Облыстың 3,5 мыңнан астам тұрғыны белсенді жұмыспен қамту шараларымен қамтылып,  8 378 адам бос жұмыс орындарына орналастырылды. Өткен жылы оқуға 555 адам жолдама алып,  511-і мамандық алды. Оның 492 немесе 96,3 пайызы жұмысқа орналастырылды. Бұл мақсатқа бюджеттен 105 млн теңге бөлінді. Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша 179 аспаз, 60 ауылшаруашылығы өндірісінің машинистері, 30 тігінші, 28 қазандық операторлары, 27 электр газ дәнекерлеуші және 21 мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиешілері оқытудан өтті. 2022 жылы қысқа мерзімді оқытудың бір адамға құны білім беру ұйымы үшін, жұмыс берушінің жұмыс орнында  білім алса, айына 46 мың теңгеге дейін, кәсіпорындарда және дербес оқу орталықтарында  білім алушыға қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың бағасы 53 мың теңге болды. Биылғы жылы  бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 153 млн теңге бағытталды. Ағымдағы жылы еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша 544 адамды оқыту жоспарлануда. Сондай-ақ, қысқа мерзімді кәсіптің құны өңірлік комиссияның шешімі бойынша білім беру ұйымы үшін және жұмыс берушінің жұмыс орнында бір білім алушыға айына 64 мың теңге, кәсіпорындарда және дербес оқу орталықтарында бір білім алушыға айына 65 мың теңгені құрады.

Ұлттық жобалар шеңберінде жұмыс орындарын құру жұмыссыздық мәселесін шешуде жақсы шешім болды. Мәселен «Еңбек» бағдарламасы бойынша 83 ақмолалық жұмыспен қамтылып қана қоймай, өздерінің жеке кәсіптерін ашқан. Өзге де жобалар өңірдің мыңдаған тұрғынын жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді.

«Сапалы білім» және «Білімді ұлт» жобалары бойынша 176 жұмыс орны ашылды. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында өңірдің 358 тұрғыны жұмыспен қамтылды. «Жасыл Қазақстан» жобасы арқылы 1096 жұмыс орны құрылса, «Агроөнеркәсіптік кешен» жобасы бойынша 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы аясында  63 адамды жұмыспен қамтамасыз еттік. «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу» ұлттық жобасының «Индустриялық-инновациялық даму» бағыты бойынша облыстың 256 тұрғыны жұмысқа орналасты.  Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды оқыту өңір тұрғындарын жұмысқа орналастырудың жеке бір бағытына айналды.

Жұмыспен қамту орталықтарында сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқыту мүмкіндігі нәтижелі болды.  Мысалы, белгілі бір адам 6 ай бойы оқу оқып, осы уақытта осы оқығаны үшін оған ақы төленеді. Оған қоса, 2 АЕК сомасына медициналық тексерістен өтеді, 4 АЕК мөлшерінде жол жүру мен тұру ақысы да төленді. Кейін ол 100 пайыз жұмыспен қамтылды. 

Бұған қоса, облыстың 3 мың 275 тұрғыны субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылды. Оның ішінде жастар тәжірибесі бойынша жоғары оқу орындары мен колледждердің 537 түлегі жұмысқа орналасса, қоғамдық жұмыстарға 2 мыңнан астам ақмолалық тартылған. Қалған бөлігі «Алғашқы жұмыс орны», «Күміс жас», «Ұрпақтар келісімшарты» сияқты басқа жобалар бойынша жұмыспен қамтамасыз етілді.

 

Жұмыспен қамту электронды жүйемен жүргізіледі

– Ел экономикасы дамумен қатар баға өсіп, жұмыссыздық та етек алып барады. Үстіміздегі жылы қанша жұмыс орнын ашу жоспарда бар?

– Жыл басында облыс бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайыз, ал жастардың  жұмыссыздық деңгейі  2,5 пайызды  құрады. Біз осы көрсеткішті азайту мақсатында бағдарлама жасап, іс-шара атқарып жатырмыз. 2023 жылы 31 531 жаңа жұмыс орны ашылса, оның 25538-і  тұрақты санатында. Осы жоспарларды орындау мақсатында көптеген іс-шаралар ұйымдастырудамыз. Ол үшін. Қысқа мерзімді оқыту бойынша «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған» ұлттық жобасын жариялау жөніндегі жұмысты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, фейсбук, инстаграм беттерінде, жұмыспен қамту орталықтарымен, ауылдық елді мекендердің әкімдіктерімен тұрақты қатынас орнатып,  халықты хабардар етіп отырмыз. Бұл жоспарға жаңа өндіріс, жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту, сондай-ақ, өндірістегі бос жұмыс орындары енгізілген. Он бағыттағы  ұлттық жоба аясында аймақтық  жұмыспен қамту картасында жұмыс орындары  пайда болды. Аталмыш іс-шаралар аясында 5 767 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Аталмыш жоба аясында өндірістерде жұмыс орындарын құру қажет.  Осы бағытты іске асыру үшін әлеуметтік бағдарламаларды жұмыспен қамтуды үйлестіру  басқармасының мамандары жұмыс берушілердің, ауылдық округтер әкімдерінің, сондай-ақ, әкімдік, аудан, қаладағы бағдарламалары әкімшілерінің және  мамандардың қатысуымен алты ауданға сапарлар өткіздік.  Барлық жұмыс орындарды  әр қызметкерде электрондық еңбек шарты, сондай-ақ, міндетті зейнетақы жарналары мен электрондық еңбек биржасындағы  тіркеуі арқылы анықтап, жұмыс жүргізіп жатырмыз.  

Бүгінгі таңда қысқа мерзімді кәсіптік оқыту шеңберінде ауылшаруашылығы өндірісінің тракторшы машинисі, аспаздар, маникюр шеберлері, газ-электр дәнекерлеушілер және тағы басқа мамандықтар бойынша 84 адам білім алуда. Жұмыспен қамтудың барлық шаралары еңбек биржасы электрондық жүйе арқылы өтуде. Сонымен қатар, ағымдағы жылдан бастап «Күміс жас», яғни 50 жастан асқандарға жұмыс беру жобасының тәсілдері өзгертілді. Бұл жобаның басты мақсаты – зейнеткерлікке дейінгі жастағы адамдарға жұмыс беру. Жоба мерзімі  36 айдан аспайды. Төлем мөлшері бірінші жыл жалақы мөлшерінен 70, екінші жыл 65 және үшінші жыл 60 пайызды құрайды. 

Ағымдағы жылы Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі мен Зеренді ауданындағы Шағалалы ауылының жоғары агротехникалық колледжіне тиесілі 2-ші мобильді жылжымалы оқу орталықтары арқылы шалғай елді мекендерде тұратын 166 жұмыссыз азаматты оқыту жоспарлануда.  Жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселесі басым болып келеді. Сондай-ақ, алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектер, 35 жасқа дейінгі жастар қатарындағы жұмыссыз адамдарға бірінші жұмыс орнының ұзақтығы 12 айдан 18 айға дейін ұлғайтылды. Халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы 170 азаматты қамтитын мемлекеттік гранттар беру бойынша жұмыс жалғасуда.

Мүгедектігі бар адамдар, асыраушысынан айырылғандар, көпбалалы отбасылар, мүгедек балаға күтім жасайтындар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, оралмандар және қоныс аударушылар үшін мемлекеттік гранттар беріледі. Жастар кәсіпкерлік бастамаларын дамыту мақсатында ағымдағы жылы жастар үшін 2,5 пайыз жеңілдікпен 171 кредит беру жоспарланған. Биыл қысқа мерзімді кәсіптік оқыту шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша 544 адам даярланады. Бұл іс-шараларды жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен 153 млн теңге бөлінді.  

 

1 тоқсанда 4159 адамға көмек берілді

– Өңір халқын әлеуметтік жағынан қалай қамтамасыз етіп жатырсыздар? 

– 2023 жылы Атаулы Әлеуметтік Көмек/ АӘК/  төлеуге 991 млн теңге бөлініп, игерілу үстінде.

Қазіргі уақытта ақмолалықтар халықты жұмыспен қамту орталығына, тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкіміне немесе электрондық үкімет порталы арқылы АӘК тағайындауға өтініш бере алады.

1 тоқсанның қорытындысы бойынша атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 1,6 мың отбасына тағайындалды, онда табысы кедейлік шегінен төмен 7,2 мың адамға, оның ішінде 512 көпбалалы отбасына 188 млн теңге төленді.

АӘК жан басына шаққандағы орташа табысы отбасының әрбір мүшесіне Өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінен 70%-дан төмен азаматтарға тағайындалады (2023 жылғы 1 тоқсандағы күнкөріс деңгейі – 45 620 теңге, кедейлік шегі – 31 934 теңге, 2 тоқсандағы күнкөріс деңгейі – 45 641 теңге, кедейлік шегі – 31 949 теңге.) Ағымдағы жылы АӘК алушылардың  өтініштерін ескере отырып, ақшалай форматқа 1 жастан 6 жасқа дейінгі аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қоса алғанда әрбір балаға 1,5 АЕК (2023 жылы – 5 175 теңге) мөлшерінде берілетін заттай пакет аударылды, ай сайынғы қосымша төлемді қамтамасыз етуге 102 млн теңге сомасындағы қаражат бөлінді. Ағымдағы жылдың І тоқсанында 26 млн теңге сомасында 2148 балаға жәрдемақы төленді. Мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың әлеуметтік бөлігін техникалық құрал және қызметтермен қамтамасыз ету жағына оралсам, облыста 29 143 мүгедек адам тұрады, оның ішінде: 1 топ – 3 044 адам, 2 топ – 10 617 адам, 3 топ – 12 214 адам, мүгедектігі бар балалар – 3 268.

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша 4 159 адам көмекпен қамтамасыз етілді, оның ішінде: протездік-ортопедиялық – 273 адам, судологиялық – 115 адам, тифлотехникалық құралдармен – 248 адам, кресло-арбалармен – 179 адам, санаторлық-курорттық емдеумен – 170 адам, жеке көмекшінің қызметімен – 85 адам, жестау тілі маманының қызметімен – 219 адам, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету – 2 870 адам.

2023 жылғы 10 сәуірде «Бірлік» Ақмола облысының мүгедектер одағы мүгедектігі бар адамдар мәселелері бойынша «Ашық есік күні» өткізілді. Іс-шараға облыстың өңірлері мен қалалары әкімдерінің орынбасарлары, мүгедектігі бар адамдар мәселелері бойынша әкімдердің кеңесшілері, дәрігерлер, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары, жұмыспен қамту орталықтарының директорлары қатысты.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қолдау шаралары үшін жұмыс режимінде отбасының цифрлық картасы (бұдан әрі – ОКЖ) іске қосылды.

Жергілікті атқарушы органдар картаның деректерін өзектендіру, отбасылардың мәртебесін нақтылау және мұқтаж отбасыларға мемлекеттік қолдау көрсету бойынша жедел шаралар қабылдау бойынша жұмысты бастады».

Қолда бар деректер негізінде экономикалық, әлеуметтік және тұрғын үй жағдайлары, денсаулық және білім бойынша отбасының әл-ауқат деңгейін бағалауға және қадағалауға мүмкіндік беретін талдау жүргізіледі, ал әлеуметтік тәуекел туындаған жағдайда ОКЖ жәрдемақы немесе әлеуметтік төлемді белсенді түрде алуға мүмкіндік береді. I тоқсанда азаматтарға әлеуметтік төлемдердің қандай да бір түрін алу құқығы туралы 634-тен астам SMS-хабарлама жіберілді, 104 алушыға проактивті форматта тағайындалды.

 

40 мың бауырымыз атажұртқа оралды

– Шеттен келген қандастарды жайлы қоныстандыру бойынша іс-шаралар барысы қалай? Тоқырауда тұрған көштің жандануы мүмкін бе?

– Біздің басқарманың көші-қон саласындағы міндетін қысқаша айтып өтейін. Басқарма халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру, қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін тиісті аумақтарды өңірлерге жатқызу жөнінде ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен отбасын біріктіру мақсатында шетелде тұратын этникалық қазақтар қатарындағы туыстарын Қазақстан Республикасына қоныстандыру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының шақыруларын қарап, шешім қабылдануына ұсыныс жасап, куәландырады. Ақмола облысына тәуелсіздік жылдары 9 мыңнан астам отбасы немесе  40 мыңнан астам адам  келді. Отандастардың негізгі бөлігі Моңғолиядан 21,8 мың, Өзбекстаннан 11,8 мың, Қытайдан 3,4 мың адам. Этникалық қазақтар облыстың барлық өңірлеріне қоныстанды.  Көп бөлігі Бұланды (6,5 мың адам), Ерейментау (5,6 мың адам), Целиноград (5,1 мың адам), Шортанды (4,8 мың адам) аудандарында орналасқан. Қандастардың басым бөлігі қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады, түрлі қызмет салаларында еңбек етеді. 

2022 жылы Ақмола облысында қандас мәртебесін 247 отбасы, яғни 454 адам алды. Олардың 87-159-ы Моңғолия, 70-95-ы Ресей, 46-75-і Өзбекстан, 19-54-і Түрікменстан, 17-33-і Қытай, 5-35-і Ауғанстан, 3-3-і Қырғызстанға тиесілі. Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілгендерге мемлекеттік қолдау шаралары өткен жылы толық көрсетілді. Оған  36,4 млн теңге сомасында көшуге субсидия,  тұрғын үй жалдау және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша 34,4 млн  теңге өтелді. Биыл қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы шеңберінде 270  этникалық қазақ отбасын қабылдау жоспарлануда. 

Биылғы жылдың басынан бастап қандас мәртебесін 84 отбасы, яғни 143 адам алса, оның 60-ы  өңірлік квотаға енгізілді. Ағымдағы жылы тұрғын үй мәселесін шешу үшін қандастарға 4 млн теңге мөлшерінде экономикалық ұтқырлық сертификаттарын ұсыну көзделуде. Біз тек шеттен келген қандастарды тізімдеп, құжаттарын қабылдап, қандас мәртебесін және өңірлік квотаға кіргізіп, тиісті бір реткі жәрдемақысын тағайындап  береміз. Қандас мәртебесін алғаннан кейін Көші-қон полициясы қандастардың жеке басын заң шеңберінде сараптап, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына құжаттар дайындап,  шешім қабылдайтын жоғарғы орындарға тапсырады. Шеттен келетін қандастарға еш кедергі шектеу жоқ. Келеміз деген қандастарға Ақмола облысының қай ұйым, мекемесі болмасын есігі ашық. Құшақ жая қарсы аламыз.

– Шолпан Салыққызы, сіздің осы ақ жүректен шыққан жылы сөздеріңізбен сұхбатымызды аяқтайық. Мол мәліметтеріңіз үшін алғысымыз шексіз!                  

Сұхбаттасқан – ДАХАН ШӨКШИР, Ақмола облысы
28.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 40
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 116
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 34
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 49
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 41
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 111
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 116
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 308
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 302
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 925

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8998
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8393
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11618
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9376
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10602