Судың да сұрауы бар

Судың да сұрауы бар

Шілде айының орта шенінде Бішкекте Қырғызстан мен Қазақстанның су мәселесі бойынша өкілдерінің кездесуі өткен еді. Жиында қазақ тарап Талас дариясының бассейнінде су жетіспеушілігін, Жамбыл облысында егінді алқапты суғару қиын болып жатқанын айтып, Киров су қоймасынан суды көбірек беруді сұраған. Қазақстан 18-31 шілде аралығында Киров су қоймасынан бұрын келіскендей секундына 40 текше метр емес, 45 текше метр су беруді сұрады. Қырғызстан өздерінде де егінді алқап қурап жатқанын айтып, судың ағысын көбейте алмайтынын білдірді. Сонымен бірге егер суды секундына 45 текше метр берсе, 3,54 млн текше метр лимит 4 тамызда аяқталатынын ескертті. Соған қарамастан, қазақ тарабы өтінішінен бас тартқан жоқ. Нәтижесінде екі жақ Қазақстанға тамыздың ортасынан бастап су берілмейтінін анықтайтын қаулыға қол қойды. Ауыл шаруашылығы министрлігі Таласта бүгінгі күні де су жетіспейтінін, Киров су қоймасына секундына 1,3 текше метрден ғана су келіп жатқанын мәлімдеді. Былтыр осы уақытта су қоймасына келген су секундына 13,7 текше метрге жеткен. Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қырғызстан Қазақстанға 4 тамыздан бастап Киров су қоймасынан су беруді тоқтатқанын мәлімдеген.

«Қазіргі таңда Қазақстанның су саласында қалыптасқан жағдай негізінде күрделі. Өйткені біз суы аз циклға ендік. Қазіргі таңда біздің елге су аз түсіп жатыр», – дейді ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова.

Биыл оңтүстік өңірлерде қалыптасқан жағдайларға тоқталған министр шілдеде өткен Үкімет отырысында су жағдайы қарастырылғанын еске алды. Сол кезде министр Қырғызгидрометтің наурыз-сәуір айында берген ақпараты расталмағанын айтқан.

«Негізінен олардың берген болжамы – нормаға сәйкес немесе нормадан жоғары болатын. Өкінішке қарай, нормадан едәуір төмен болды. Соған байланысты қырғыз тарапымен бірнеше ай бойы кесте жасап, судың келуін, шығындалуын пысықтаған болатынбыз. Осы айдан бастап Киров су қоймасында қазіргі таңда су өте тапшы. Су шілденің өзінде секундына 1,5 текше метр келіп жатты. 2022 жылдың шілдесінде секундына 65 текше метр келсе, биыл 1,5 текше метр келді. Соған байланысты күрделі жағдай қалыптасты. Бас прокуратура жиналыс өткізіп, осы мәселені қарастыруда», – дейді министр.

Зүлфия Сүлейменова сонымен қатар Тасөткел каналының өзінде 200-ден астам заңсыз насос анықталғанын айтады. Бас прокуратураға тиісті хабарлама берілген. «Қырғыз тарапы ешқандай заңды бұзбай, суды кесте бойынша жіберіп отыр ма?» деген сұраққа жауап берген Зүлфия Сүлейменова: 

«Қырғыз тарапымен өте тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Бішкекке бардым. Вице-министріміз Қордай, Байзақ, Талас ауданына да барды. Бір рет емес, бірнеше мәрте барып жүр. Жыл басында кестеге қол қойдық. Кесте шеңберінде мүмкіндігінше жұмыс істеп жатырмыз. Қазіргі таңда жағдай күрделі», – деді.

 

17.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 96
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 616
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 734
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 646
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 655

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8790
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8190
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11418
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9172
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10403