Суицид – бұл қоғамда денсаулық сақтауға байланысты болып жатқан әлемдік мәселе. Жылда 700 000-нан астам адам осы өзіне қол салудың құрбаны болады. Мұндай өлім-жітімнің біразы (77%) табысы төмен немесе өмір сүруі орташа елдерде кездеседі екен. Қарап отырсақ, суицидтің қоғамға, сондай-ақ өз-өзіне қол салатын адамдардың әлеуметтік ортасына, достары, туған-туыстарына кері әсері бар. Өз-өзіне қол жұмсау кезінде қайтыс болғандардың шамамен 20-дан астамы суицид жасағандар екен. Аймаққа, жынысқа, жасына және өзін-өзі өлтіру тәсіліне байланысты олар неше қилы болады. Суицидтің алдын алу үшін не істеуіміз керек? Яғни психологиялық қолдауды уақытымен іздеу, суицидтік ойларды жеңу үшін қажет уақыт ішінде өлімге әкелетін суицид құралдарын жою қажет. Суицидтің алдын алу үшін бірқатар тиімді алдын алу шаралары қолдалынады.
ДДҰ-ның LIVE LIFE тұжырымдамасы бойынша тиімділігі дәлелденген 4 негізгі амалдар бар:
- суицид құралдарына қолжетімділікті шектеу (мысалы, улы пестицидтер мен атыс қаруы);
- суицид мәселесін жауапкершілікпен жариялауды қамтамасыз ету үшін бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс;
- жасөспірімдерде әлеуметтік және эмоционалдық өмірлік дағдыларды дамыту;
- суицидтік мінез-құлықтан зардап шегетін барлық адамдарды уақытылы анықтау, тексеру, жүргізу және кейіннен дұрыс өмір сүру үшін қолдау.
- суицидтің алдын алу жөніндегі іс-шаралардың негізгі компоненттері жағдайды талдау, ведомствоаралық ынтымақтастық, проблема туралы хабардарлықты арттыру, ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдау көрсету, қаржыландыру, қадағалау, мониторингілеу, бағалау.
Ықтимал суицидті ашық талқылау адамға өмірлік мәселелерді шешіп және қабылданған шешімді өзгертуге көмектеседі, өстіп суицидтің алдын алуға болады. Зерттеулерге сәйкес, суицид туралы ойлайтын адамдардың өмір мен өлімге қатысты екіұшты сезімдерін сезінеді екен. Адам осындай әрекетті сол сәттің әсерінен жасай алады, бірақ бірнеше күннен кейін өмір сүргісі келеді. Алайда өзіне қол жұмсап қойған кезде кеш болады. Адамға психологиялық қолдау көрсету арқылы да суицидтің алдын алуға болады. Өз-өзіне қол жұмсамақ болып, кейін аман қалған адамдарды тексеру барысында олардың көбісі кейіннен өлімнен құтылғанына қуанышты екендігі анықталды.
Суицидке бейімділігі бар көпшілік жандар психикалық аурумен ауырмайды. Керісінше психикалық ауытқулармен өмір сүретін адамдардың өмірмен қоштасқысы келмейді екен. Суицидтік мінез-құлықтың қарапайым түсіндірмесі жоқ. Бұл ешуақытта жалғыз факторға немесе оқиғаға байланысты болмайды. Адамды өз-өзіне қол жұмсауға апаратын факторлар көп және күрделі болады. Суицидтік мінез-құлықтың себеп-салдарын анықтауға тырысқанда физикалық және психикалық денсаулық жағдайын, өмірдегі стрестік оқиғаларды, сондай-ақ әлеуметтік және мәдени факторларды зерттеген жөн.
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ