Шын және жасанды тәуелсіздік

Шын және жасанды тәуелсіздік

Бұрын  «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» еліміздің бас мерекесі болатын. Биылдан бастап мемлекеттік бас мереке – 25 қазан, Республика күніне ауыстырылды да, ол қатардағы мерекелік датаға айналып шыға келді. Дегенмен, қазақ халқы үшін бұл күннің орны бөлек, маңызы ерекше. Кезінде Советтер Одағы тәрізді алып империяның құлағанына сенбей, Тәуелсіздік туралы заң қабылдауды кейінге ысырып келіп, ақыры одақтас республикалардың  ішінде ең соңынан (тіпті Ресей Федерациясынан да кейін) бекіткен жалғыз ел Қазақстан  болды. Соның салдарынан бұл мереке қазақ халқының жүрегіндегі ауыр мұң – 1986 жылғы Желтоқсан жарақатымен тұспа-тұс келді. Сөйтіп қалың көпшілік бұл күнді не қуанып қарсы  аларын, не қайғырып көңіл танытарын білмей дағдарған кезі аз емес. Қазақ елі Тәуелсіздігін жарияласа да, коммунистік партияның бұрынғы көсемдігін  президент орынтағына ауыстырған мемлекет басшысы дербес саясат жүргізудің орнына  СССР-дің заңды мұрагері – Ресей Федерациясына қарай жалтақтап отырудан жаңылған жоқ.  «Аға ұлттың» қолтығында жүрудің ұнағаны сондай, алғашында ТМД – «Тәуелсіз мемлекеттер достастығы» ұйымына бірікті. Ақыры оның тиімсіздігі байқалған соң, «Еуроазиялық экономикалық одақ» құрылды. Бұдан соң «Кедендік одақ» деген экономикалық шідер тағы пайда болды. Ресей бизнесінің үнемі көлеңкесінде қалып, өз өнімдерін өткізе алмай дал болған қазақ кәсіпкерлерінің жан айқайы да осы кезде шықты. 

Алайда, Қазақстанның саяси билігі мұның бәрін ескерусіз қалдыруға тырысты. Жалпы, ресейшіл бағыт Қазақстанның саяси билігінің әр қадамынан байқалып келеді. Қазақ елі ата-бабасынан бері бірыңғай ұлт, біртұтас халық мекендейтін унитарлы мемлекет болса да, республика «көп ұлтты мемлекет» деп жарияланып, жасанды ұйым – «Қазақстан халықтарының ассамблеясы» құрылды. Тіпті айдалада «қазақ» деген сөзден үркіп, мемлекетіміздің атауын «Қазақстан Республикасы» деп алдық. Қазіргі уақытта ресми тілде қазақ халқы деген жоқ, «Қазақстан халқы» бар, баяғы СССР сияқты. Тәуелсіздіктің осындай жартыкеш шаралары салдарынан отыз бір жылдан бері қазақ тілі қоғамдық өмірдегі лайықты орнына көтеріле алмай келеді. Өйткені мемлекеттік қызметтегі шенеуніктердің түгелге жуығы орысша сөйлеуге бейім. Сондықтан олар қазақ тілін ресми ортаға енгізуге мүлде құлықсыз. Мұның бәрі білім беру саласын реформалауға да кері әсерін тигізуде. Бір кезде қазақтарды қырып-жойып, өз жерінде азшылыққа ұшыратып, жаппай орысша оқыту өз нәтижесін бере бастаған. Қазақ тілін дамытуға қарсы шығып отырғандар бүгінде – ұлт нигилистерінің өздері. Соның салдарынан білім реформасының бағыты ендігі жерде тек орыс тілі ғана емес, ағылшын тілін де дамыту делініп отыр. Олардың мақсаты – әйтеуір қазақ тілінің бағын ашпау. Тіпті шет тілін жас бүлдіршіндерге балабақшадан бастап енгізу керек деушілер де бар. Жоғары сыныптарда жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде өткізу үшін мұғалімдердің басын қатырып, ағылшынша үйретуді қолға ала бастағаны тіпті күлкілі. Міне, «реформа-сымақтың» түрі осы. Сонда елдің, халықтың пікірі, ой-арманы, өтініш-тілегі қайда қалды?

«Елім, саған айтамын, Елбасы, сен де тыңда!» Осыдан ширек ғасыр бұрын жарық көрген, он баспа табаққа жетер-жетпес шағын кітапқа тағы да көз жүгірттім. Шолып өттім дегенім бекер болар, әр сөзіне мән беріп, жүрегім ауыра отырып, қайта оқып шықтым. Әр сөзі мірдің оғындай шіркін Шер-ағаң-ай! Телегей теңіз білімдар, баладай ақкөңіл қайран Камал ағамыз-ай! «Егемен Қазақстан» газетінің бетінде бір жарым жылдай хат жазысып, бүкіл қазақ қоғамының жанына батқан ішкі-сыртқы дерттерін жайып салған ерліктерінің өзі неге тұрады! Онда да басыбайлы бодандық қамытын киіп, Советтер Одағы деген қалың құрсауда отырсаң бір сәрі ғой. Жо-жоқ, Қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі былықтары ғой жазғандары. «Камал! Мен қазір «егеменбіз, тәуелсізбіз» деген шырын сөздерге бұрынғыдай масаттанбайтын болып барамын. Ол – ол ма, азаттық алғанымызға да сенім азайды. Алматыда жүрсем де, шет елде, бөтен жерде жүрген сияқтымын. Қала толы жарнама. Бұрын орысшасы көпте ептеп түсінуші едім, енді не жазу екенін мүлде түсінбеймін», – дейді Шер-ағаң. 

Соның бір дәлеліндей, біздің үйдің жанынан да жуырда керемет, зәулім ғимарат бой көтерді. Маңдайшасындағы «Willagua restoraun» деген сөздерді әзер оқып шықтым, бірақ не мағына беретінін біз де түсінбедік, әйтеуір дәмхана, тойхана шығар деп ұқтық.  Немесе, күні кешегі Ресейдің Қазақстандағы елшісі А.Бородавкиннің сөзін айтсаңызшы! «Қазақстанда теріс бағыт ұстанған ұлттық ағым байқалады. Осындай әртүрлі экстремистік, ұлтшылдық бой көрсетулерді ауыздықтау үшін қатаң шаралар керек деп ойлаймын. Бұл үшін бізге өтініш жасаса, біз көмектесеміз», – дейді ол. «Елдестірмек – елшіден, жауластырмақ – жаушыдан» дейді халық. Мынау бір тырнағын ішіне бүккен нағыз «жаушының» сөзі ғой. Көршілес ел өкілінің әлі күнге әбден билеп-төстеп, қалай жүріп-тұратыныңа дейін кесіп-пішуге үйреніп қалған өктемдігін ұмыта алмағаны ма? Елшінің бұл сөзі көптеген қарапайым қазақстандықтардың ашу-ызасын туғызуда. Олар елшіні елден кетіру үшін қол жинауда. 

Ал, біздің үкіметіміз, оның ішінде Сыртқы істер министрлігі, ешнәрсе естімегендей тым-тырыс. Осындай кезде «біз осы тәуелсіз елміз бе?» деп, шынымен ойланып қалады екенсің...

Суханберді ОРАЗАЛЫҰЛЫ, Қазақстанның Құрметті журналисі
23.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 21
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 35
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 12
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 17
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 22
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 19
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 38
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 35
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 253
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 249
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 872

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8946
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8339
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11566
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9324
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10550