ШЫҰ Си Цзиньпинге қажеті пе?

ШЫҰ Си Цзиньпинге қажеті пе?

ШЫҰ: әзірше өмір сүре берсін, бәлкім әлдеқалай керек болып қалар. Оның үстіне тағы бір нюанс алдымыздан атойлап шығады: ол – ШЫҰ-ны Бейжің бастапқыда тек экономикалық міндеттерді шешуге бағытталған ұйым ретінде қарастырғандығы дер едік. Онда ешқандайда саяси күн тәртібі қарастырылмаған болатын. Ашығын айтсақ, саясаттың Қытайға беш тиынға да қажеті жоқ еді. Ресей Қытайдың жылы қабағын өз мүддесіне оңтайлы пайдаланып, ұйымды өз қолайына орай саясиландырып, ШЫҰ-ның батысқа қарсы бағыты туралы бәду-бәлдігін енгізгеннен кейін-ақ, бұл ұйымға басқа қатысушылар тарапынан қызығушылық тіптен азая бастады.

Оған қоса айтарымыз, Ресей саясатты тықпалап жүрген шақта Қытай ШЫҰ-дан өзіне қажетті нәрсенің бәрін ала алды: осы алаңда өзіне қажетті байланыстарды орнатып, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің элиталарымен тиімді екіжақты келісімдер жасасты және қандай да бір жобаларды іске асыру үшін олармен өзара іс-қимыл тетіктерін пысықтай алды. Шын мәнінде, аталған ұйымның экономикалық мүмкіндіктерін түбіне дейін сарқып тастады. Әрі ҚХР тарапынан саяси мүмкіндіктер туралы әңгіме бастапқыда болған да жоқ. Оның кейбір мүше мемлекеттердің басында болғаны дүмбілездік олардың өз проблемасы, ал Қытайға оның еш қажеті болмай тұр.

Қытай ШЫҰ-дан өзіне қажет нәрсенің бәрінің сөлін сығып ала алды.

ШЫҰ Қытайдың халықаралық аренада саясат жүргізу тәжірибесі әлі аз кезде, Бейжің салыстырмалы түрде балалық дәуірінде, өз мүдделерін алға жылжыту тәжірибесін жинақтамаған кезде пайда болған еді. Қазір ол «солшылдықтың балалық ауруларынан» құтылып, дербес әрекет еткенде ғана өз дегеніне жететінін бек жақсы біледі. Сондықтан оған ендігі жерде тоқсан тоғыз тобырдан тұратын ШЫҰ еш қажет емес. Ол одан әйтеуір бір керегіме жарап қалады-ау деп бас тартпаса да, ШЫҰ-ның өміршеңдігін қолдауға бұрынғыдай күш жұмсамайды. Тек әлдекімдерге керек кезінде көз қылып жанынан табыла салады.

 Абилсерик АЛИАКБАР

06.07.2025

Ұқсас жаңалықтар

АСТАНА КҮНІНЕ ОРАЙ  ДЕМАЛЫС БЕРІЛЕДІ
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 04.07.2025 39

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 15115
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 15020
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 30154
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28772
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 32341