Тамаша отбасы құрғың келе ме, курсқа кел!

Тамаша отбасы құрғың  келе ме, курсқа кел!

Қазақта «он үш жас – отау иесі» дейді. Қыз бала он сегізге толысымен үйіндегі ата-анасы тұрмыс құру керектігін айта бастайды. Ер балаға бұл тақырыпты жиырма бес жасқа толғаннан кейін бастайды. Алайда балалар отбасын құруға дайын ба? Әке-шешеміз тек отбасы құрып, ұрпақ жалғастыру керектігін, аяулы жар, ардақты әке болу керек екендігін  ғана айтады. Ал, одан кейінгі өмірге не психологиялық тұрғыда, не моральдік тұрғыда дайындамайды. Тек ісіне адал, ұқыпты болу керектігін айтады. Сөйтіп, тұрмыстағы жағдайды ғана үйретеді. Солай отбасы құрылады. Қазір көп отбасы ажырасып жатқандығының бірден-бір себебі де осы болар. Яғни білімнің, біліктіліктің  жеткіліксіздігі. Тіпті, бала мектеп бітірген соң белгілі бір мамандықтың кәсіби маманы атану үшін 4 жыл теориялық-практикалық  білім алады. Отбасын құруда да осы мәселені талап ету керек. Америкада кәсіби «отбасы психологы» деген арнайы мамандық бар. Жеке бір ғана тұлғаның жай-күйін зерттейтін психологтан бөлек, отбасы психологы. Аталмыш мамандық та елімізге енді еніп келеді.  

Қазақстанға мамандықты ең алғаш алып келген – Ержан Мырзабаев мырза. Ол Қазақстанда Готтман Институтының (АҚШ) сертификаттарына ие жалғыз отбасылық психолог. Отбасылық өмірге қатысты сұрақтар мен ондағы құндылықтарды нығайту мақсатында «Otbasy academy» академиясын құрды. Оның айтуынша, Қазақстанға 1000 сапалы отбасы психологы қажет. Әрбір қазақтың ауылында отбасы қарым-қатынасын реттей алатын қазақы психолог керек. Сол кезде ғана бізде ажырасу статистикасы төмендейді, отбасы қарым-қатынас институты жақсарады. 

2021 жылдың 5 наурызында АХАЖ қызметі 100 жылдық мерейтойын атап өтеді.Ол әлеуметтік тәжірбие ретінде Астана қаласының Алматы аудандық АХАЖ бөлімімен некесін тіркегісі келген жұптарға арналған «Сүйікті жар болу өнері» деген онлайн курстарды тегін өту мүмкіндігін  қарастырды. Онда сапалы қарым-қатынас пен саналы ата-ана болуды үйретеді. Видео сабақтардың тақырыптары: әйел психологиясы мен еркек психологиясы арасындағы айырмашылық; сапалы жыныстық қарым-қатынастың сырлары; жүктілік кезеңіндегі ерлі-зайыптылардың арасындағы қарым-қатынас, көмектесу; келін мен ене арасындағы мәселе;  отбасылық қаржы; конфликт қалай шешіледі; қарым-қатынасты жақсарту үшін қандай принциптерді ұстану керек. Жаңадан отбасын құрған жастарға бағдаршам іспеттес. Әр сабақтан соң тапсырма беріліп, кері байланыс орнатылады. Курсты сәтті аяқтаған қатысушыларға сертификат беріледі. 7 жылда 5000-нан астам қатысушы семинар-тренинг пен онлайн курсқа қатысқан.  Ержан мырзаның мақсаты –  осы курсты заң жүзінде айналдырып, курстан өтпеген жастарға отбасын құруға әзірге курсты әбден меңгермейінше рұқсат бермеу. Бұл отбасыдағы зорлық-зомбылықты    болдырмауға, баланың толыққанды отбасында тәрбиеленуін, ажырасып қоғамға проблема туғызбауын, дұрыс қарым-қатынас жасаудың алдын алу процесі. Барлық мәселенің түбі надандықтан, білімсіздіктен, қараңғылықтан. Оның шешімі оқу-ағарту, білім алу дейді. 

Америкада жастарды отбасын құрмас бұрын 2-3 ай бойы арнайы курстардан өткізеді. Өмірде кездесетін қақтығыстарға алдын ала дайындайды. Алматы аудандық АХАЖ бөліміне айына некесін тіркеуге 2000-ға  жуық жұп арыз береді. Алайда некесін заңдастыратын 500-600-і ғана. Бұл жастардың әлі де болса отбасын құруға дайын еместігін көрсетпей ме?

 

БАЛЖАН АЛЖАНОВА
02.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 40
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 116
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 33
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 49
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 41
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 111
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 116
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 308
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 302
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 925

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8998
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8393
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11618
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9376
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10602