Азық-түлік инфляциясы 24 пайыздан асты. Тұрғындардың ақшалай табысының өсу қарқыны соңғы 5 жылдағы ең төмен деңгейде тұр. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
Азық-түлік қауіпсіздігі бүкіл әлем бойынша басты мәселеге айналды. Биыл біздің елде астық мол шықты. Бірақ егіннің орташа шығымы әлі де төмен. Бұл салада заманауи технологияны қолдану өте маңызды. Шаруаларды осыған ынталандыру керек...
Халықтың әл-ауқатын жақсарту керек. Негізгі тағам өнімдерінің қымбаттауы инфляцияның өсуіне себеп болып жатыр. Азық-түлік инфляциясы 24 пайыздан асты. Тұрғындардың ақшалай табысының өсу қарқыны соңғы 5 жылдағы ең төмен деңгейде тұр.
Биыл азық-түліктің бағасы 24,1%-ға дейін өсті.
Осы орайда ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматовқа жүгінейік.
«Қазақстандағы инфляция геосаяси күйзелістің жүзеге асуына байланысты үдей түсті. Биылғы қарашада жылдық инфляция 19,6 пайызға жетті. Ең үлкен үлес бұрынғысынша азық-түлік бағасының өсуі болып табылады, ол 24,1%-ға дейін өсті. Азық-түлікке жатпайтын инфляция 18,6%-ға, ақылы қызметтерге бағаның өсуі 14,1%-ға жетті. Инфляцияның республикалық деңгейден жоғары өсуі Маңғыстау облысында, Астана қаласында, Ақмола, Ұлытау және Қарағанды облыстарында тіркелген. «Жыл соңына дейін инфляция 20-21%-ға дейін өседі деп күтілуде. Инфляцияны тұрақтандыру мақсатында Ұлттық Банк инфляциялық ақша-несие саясатын жүргізуді жалғастыруда», – дейді ол.
Соңғы жасалған рейтингте Қазақстан халқы табысының 53%-ын азық-түлікке жұмсайтыны айтылыпты. Соғыс болып жатқан Украина (40%) мен Ресей халқы (32%) бізден аз жұмсайды екен. Рейтингтің басында тұрған Люксембург халқы табысының 8,4%-ын ғана азық-түлікке жұмсайтыны шындық.