Темірдей тәртіп болмаса, болашағымыз бұлыңғыр

Темірдей  тәртіп болмаса, болашағымыз бұлыңғыр

Тәртіп туралы сөз қозғағанда Бауыржан Момышұлын айналып өтуге болмайды, қатаң тәртіп иесі, өзін де, өзгені де тәртіпті болуға шақырған Баукеңнен қалған мынандай мақал бар «Тәртіпке бас иген құл болмайды,  тәртіпсіз – ел болмайды». Осы бір ауыз сөзге көп нәрсені сыйдырып тұрған жоқ па!?

Ағылшын жазушысы Сэмюэль Смайлс  (1816-1906) «Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы» деген. Отбасын шағын мемлекет десек, тәртіп жоқ үйде Крыловтың мысалындағы бақа-шаяндар секілді әрқайсысы өз бетімен жан-жаққа тартып, бірін-бірі тыңдамай, ері бір жақ, әйелі бір жақ, оларды көрген балалары өз бетінше жетілсе, ол үйде береке болмайды. Билерімізден қалған мынандай сөз бар: «Әйелің қабағын түйіп керілсе, шай құйып беруге ерінсе, ұлың ұрысқа сай болса, келінің керіске сай болса, қызың сумақай болса, сол үйдің берекесі кетеді»

Отбасы туралы айтқанда бала тәрбиесін аттап кетуге болмайды. Қазақстан балалар тәрбиесі жағынан әлемдік рейтингте соңғы 73-орында екенбіз. Рейтинг нәтижесі оқушылардың сауаттылығының да төмендегенін көрсетеді. PISA-2018 барлық көрсеткіштер бойынша Қазақстан ТМД елдерінің соңында екенін жариялады. Шынында да, сыртта жүріп оқушы балаларға бір сәт сын көзбен қарасаң, рейтингтің дұрыс көрсеткеніне көзің жетеді, балалардың дені тәрбиесіз және сауатсыз екенін бірден байқайсың.

Тәртіп жайлы тереңнен қозғамай тұрып мынаны айтқым келеді. Таңертең көшеге шықсаң, сынған бөтелкелер, шылымның тұқылы, бос қағаз қорапшалар, целлофан пакеттерден аяқ алып жүре алмайсың. Жазда өзен-көлдердің маңынан небір қоқысты көресің. Табиғат аясында демалғаннан кейін артыңды жинап кетуге болады ғой. Біздің кішкентай балаларымыздың өзі ауланы қалай былықтырады: ағаштың жұлынған жапырақтары, ыдыс сынықтары, ескі ойыншықтар, тағы басқа толған қоқыстар.  Жастардың түнгі жорығының нәтижесін көргің келсе, көшеге шық. Тіпті темір шарбақтардың өзі жасөспірімдердің тепкісіне шыдамайтын көрінеді. Ал бағана басындағы жарық жастардың мал сияқты жайылып жүруіне кедергі екен. Ендеше, оның көзін құрту керек. Міне, бұзып, қиратудан басқаны білмейтін бұлар біздің «болашағымыз». Ал, жалпы алсақ, кісі өлтіру, ұйымдасқан қылмыс, тонау, коррупция, мафия, рэкет тағы тағылары аяқ алғызбайды. Неге бұлай? Оған бір-ақ жауап бар, жоғарыдағылар осымен өздерінің артын жабады. 

Жариялылықтың арқасында неше түрлі сұмдықтарды естіп жатамыз. Халық санын көбейтудің орнына кісі өлтіргендерді он-он бес жыл бюджеттің ақшасымен асырайтын болдық. Кімді, қандай жағдайда өлтірдің, онда құқық қорғаушы органдардың жұмысы жоқ, басынан сипап «аздап отыра тұр, мүмкін рақымшылыққа ілігерсің» дегендей шығарып салады. 

Тек Қазақстанды емес, бүкіл әлемді дүрліктірген мына оқиға ұмытыла қойған жоқ. ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 2014 жылғы қысқы Олимпиаданың қола жүлдегері Денис Теннің ащы өлімін естігенде мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Меган Дюамель (Канада): «Көліктің айнасы үшін қайтыс болғаны менің миыма кірмей тұр. Бұл қалай? Болмашы зат үшін адам өлтіретін адамдар әлемде әлі де бар ма?!» – дейді. «Иә, бар. Қазақстанда!» – деуден басқа амал жоқ...

Денис Тен сияқты белгілі адам болмаса, «жабулы қазан жабулы күйінде» қалар еді. Мұндай оқиғалардың жиі болып жататыны көпшілікке аян. Астана қаласында бес бала отқа күйіп кетпесе, көпбалалы отбасыларды да ұмытқан болар едік.

Кезінде орыс ақыны Владимир Маяковский «Менің милициям мені қорғайды» деп жазып еді. Қазіргі қазақстандық полициялар (басқа елдерде қалай екенін білмеймін) бізді емес, қағазды «қорғайды»...

Көпшілік шоғырланған жердің бірі – базар. Ал сол базарда тәртіпті бақылап жүрген полиция қызметкерін көргендерің бар ма?

Жоғарыдағы үлкен басшылардың біреуі келеді деген күні көшеге иығында жұлдызы барлар (офицерлер) қаптап кетеді. Сонда бұлар осы уақытқа дейін қайда «тығылып» отырған деп қайран қаласың. Ал, шынында, олар «тығылып» отырған жоқ, қағаз «кеміріп» отырды...

Бізде, Қазақстанда, бетін аулақ қылсын, қылмыскерлер бір отбасын түгелімен қырып салып жүре береді. Өйткені елде тәртіп жоқ. Заңдар бесіктегі баланың төбесіндей былқылдақ. Тәуелсіздік алғалы 25 жылда Ата Заңымызға 1100 түзету енгізіліпті. Ал АҚШ 1787 жылғы қабылдаған Конституциясына 27 ғана түзету енгізсе, Жапонияда 1947 жылы қабылданған Конституцияға бірде-бір түзету енгізілмеген. Ал біздің билікте отырғандар халықтың емес, тек өз бастарының қамын ойлайды. Заң өздерінің өрескел істеріне тиіспеуі керек. Осындай тәртіптен ада болған жерде ату жазасын алып тастады. Ол неғылған гуманизм? Өйткені жоғары жақтағылардың ішінде де атып тастайтындар бар. Адам сияқты өмір сүруге жетпей жатқан бюджеттің ақшасын кісі өлтіргендерді түрмеде жылдап ұстап неге далаға шашамыз?

Тілдің ұшына келіп қалған мына сөзді айтпай кетуге болмас. Өз қызын өзі зорлағандарды да естіп жатырмыз. Ол адам емес – мал. Ал, мал адам атын жамылып қатар жүруге тиіс емес, қоғамнан аластау керек, көзін жою керек...

Елімізде қатаң тәртіп орнамай, содырлар мен сойқандар осылай алшаң басып жүре береді, ұстала қалса бір-екі жылдан кейін бостандыққа шығып, үйренген кәсібімен айналысады. Байқайсыздар ма, ірі қылмысты негізінен бұрын осындай іспен сотталғандар жасайды.

Елдегі қауіпсіздік жүйесі дұрыс емес. Кейбіреулер әлеуметтік желіде жазады: «Тәртіпті Ішкі істер министрлігі, департаменттерден бастау  керек. Олар тәртіпсіздікке еттері үйренген, басшыларын ауыстырып, орын-орнына қою қажет» деп. Мүмкін дұрыс та шығар. Бірақ алдымен елде тәртіп бұзушыларға қарсы қатал заң жүйесін енгізу қажет. Үлкен қылмыс алдымен біз ұсақ-түйек санайтын жоғарыда айтқан асфальттың үстіне түкіру, шылым қалдығын аяқ астына тастау, шыны ыдыстарды сындыру, өсіп тұрған ағаштың бұтағын сындыру, түнде күнделікті өзің жүріп жүрген жолға дәрет сындыру, түнде жарық шамдарына тас лақтырудан т.б. басталады. Қазіргі электроника заманында бейнебақылау санын неге көбейтпеске? 

Жазушы және педагог Антон Макаренко (1888-1939) бұдан бір ғасырға жуық бұрын: «Біз отбасында да, жұмыста да жақсы, қатаң тәртіп болуын тілейміз. Басқаша болуы да мүмкін емес, тәртіп дегеніміз – нәтиже, біз болсақ, әрбір істен-ақ  нәтиже шығару үшін күресіп жүрген адамдармыз»  деген болатын. Бұл айтылған сөз әлі күнге маңыздылығын жойған жоқ. Тәртіп жоқ жерде оң нәтиже де жоқ.

Жыл сайынғы US News & World Report  басылымының 9 көрсеткіш бойынша жасаған рейтингінде Қазақстан Гватемала мен Гананың ортасында 66-шы орында келеді. 9 көрсеткіш бойынша! «Бізде бәрі тамаша» деп айтпас бұрын Қазақстанның әлемдік деңгейде қай көрсеткіштерден қандай орында келе жатқанын білген абзал. Мен осының бәрін елде тәртіптің жоқтығынан көрем. Ал коррупция жағынан әлемде алдыңғы қатардамыз. Бұл да елде тәртіптің жоқтығының бір көрінісі, «нәтижесі».

Тәртіптің жоқтығынан да жері кең және бай қазақтың несібесі қарапайым халыққа бұйырмай, миллиардтап шетел асып, қалғаны жемтігін тірідей жұтатын жемқорлардың жұтқыншағынан өтіп кекіртіп те, секіртіп те жатыр. Оған мысалдарды әлеуметтік желіден көзі ашық ағайын күнде оқып, көріп, естіп отыр...

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, тәртіптің жоқтығы – ең жоғарыдағы шенеуніктердің еркін жүруіне, түйені түгімен жұтуына ашылған даңғыл жол. «Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ» жерде ұрылардың күні туып, арамылардың арам ойы іске асатыны белгілі...

       Публицист, қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадам «Отечество в смертельной опасности!» («Общественная позиция» – «ДАТ», 13 тамыз 2020 жыл) десе, мемлекет және қоғам қайраткері, бірнеше мәрте мәжіліс депутаты болған Серік Әбдірахманов «Страну разворовывают чиновники самого высокого ранга» деп Президентке хат жолдайды, ал мен – кішкентай адам жеке басқа табынып, қос биліктен нәтиже көрмей осылай жүре берсек, жардың шетіне қалай келгенімізді де байқамай қалуымыз мүмкін екенін еске сала кеткім келеді. 

Совет Хамитұлы
13.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 44
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 141
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 40
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 46
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 45
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 136
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 141
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 328
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 321
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 944

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9017
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8413
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11640
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9396
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10623