Теңге – тәуелсіздік белгісі

Теңге – тәуелсіздік белгісі

 Биыл Қазақстан төл теңгесінің айналымға енгеніне – 30 жыл. Теңгенің шығуы шынайы тәуелсіздіктің көрінісі еді.

1993 жылдың 15 қарашасы айналымға енген қазақтың ұлттық төл валютасы – теңге – қазақ тарихындағы тұңғыш қағаз ақша. Отыз жыл бұрынғы сол уақыт тарих қазір. Әрбір дербес мемлекеттің атрибуттары: жалауы, елтаңбасы, әнұраны болуы шарт.

Теңгеміз жеті банкноттан тұрды. «Жеті» – қазақ халқы үшін киелі сан. Басқа дамыған мемлекеттердің валюталарымен салыстырғанда, банкнот көп. Сөйтіп, алғашқы кездері бірі білсе, бірі білмес, 10 теңгеге Шоқанның, 20 теңгеге Абайдың, 50 теңгеге Әбілхайырдың, 100 теңгеге Абылай ханның суретін салдық. Сонымен, осы 7 банкнот теңгеміздің негізі болды. Оған қоса, инфляциялық ақша ретінде 200 теңге шығару жоспарланған болатын. Кейін біздің қаржыгерлердің әлсіздігінен инфляцияға ұшырап, 500, 1000, 2000, 5000, 10 000, 20 000 теңгелік қағаз ақшалар шығып кетті. Теңгеміздің алғашқы нұсқасында ежелгі дәуірдегі құрылыстар, табиғат көріністері, «Қызыл кітапқа» енген аң-құстар болған. Сол  кездегі вице-президент Ерік Асанбаев, Сауық Тәкежанов, Серікболсын Әбділдин сияқты тұлғалардан тұрған комиссия мүшелері портреттік нұсқаға тоқтап, сол жеті тұлғаны анықтап берді. Алғашқы атауы «Сом» болатын, кейін «Теңге» дегенге тоқталды. «Теңге» ежелгі түрік сөзі: тең, тепе-тең дегенді білдіреді. Орыстың «деньгиі» де біздің тілден шыққаны айтылып жүр қазір.

Ал шындығына келгенде, біздің төл валютамыз айналымға енген 30 жылдан астам уақытта тек құлдыраумен ғана келе жатыр. Мәселен, 1993 жылы бір долларға шаққандағы бағамы 4 теңге 75 тиын болған теңгеміз қазір 460 теңгеден асып отыр. Ал ертеңнен не күтеміз?! Ұлттық валютамыз қашанғы теперіш көреді?! Теңгесінде тұрақ жоқ елдің жайы не болмақ?!

 

09.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕТІСАЙДА ШЕКАРАШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 05.05.2024 14
ТАРАЗДА ФУТЗАЛДАН ЖАРЫС БАСТАЛДЫ
Сарысу ауданы әкімдігі - 05.05.2024 10
Экологиялық акция жалғасып келеді
«Aq jol» газетінің тілшілер тобы - 05.05.2024 10
ТҮРКІСТАН: МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 121

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1255
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7304
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11168
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7362
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7510