Тоғжановтың ескертуі – тоңды жібіте ала ма?

Тоғжановтың ескертуі – тоңды жібіте ала ма?

Астана қаласында 3 мамыр күні «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарына арналған кеңес отырысы өтті. Бұл жиынға үкімет басшысының орынбасары Тоғжанов мырза қатысты. Жиын әдеттегідей ресми тілде басталып, ресми тілде аяқталды. Сөз алған шешендердің басым бөлігі ресми тілде жорғадай тайпалды. 

Жиынның соңғы сөзін сөйлеген «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Серік Саудабаев вице-премьер сынына ілікті. Ол Серік Саудабаевқа ескерту жасай отырып, брифинг қатысушыларының бәріне  ескерту жасады: «Бағанадан тыңдап отырмын, орыс тілінде керемет сөйлеп жатырсыздар. Қазақ тілінде де сөйлеу керектігін еске салғым келеді. Естеріңізде болсын. Бүкіл елде, халықтың арасында мұны әр уақытта есте сақтауымыз қажет. Мына жерде отырған азаматтардың бәрі – осы елдің азаматтары. Сондықтан жүрген-тұрған жерімізде осыны үнемі ескеруміз керек. Айналамызда болып жатқан жағдайды көріп отырсыздар. Сондықтан сіздерге де тікелей қатысы бар. Бұл әр саламызға қатысты. Осыны бәріміз ескеруге тиіспіз, – деді Үкімет басшысының орынбасары.  Дегенмен бұған қуануға әлі ерте.

Себебі бізде ескертуді жүре тыңдайтын, болмаса күле тыңдайтын басшылар көп. Заң қауқарлы болса,  мұның бірі болмас еді-ау... 

Бұдан қандай нәтиже шығарын алда көре жатармыз. Әйтеуір жақсылық болғай!

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
05.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

ТАУ БАУРАЙЫНДАҒЫ АЩЫСАЙ АУЫЛЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 23.04.2024 27
БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
Мақсат Қазанғапов Талас аудандық білім бөлімінің басшысы - 23.04.2024 13
ОТЫРАРДА «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНДА ИГІ ІСТЕР АТҚАРЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 23.04.2024 22

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 974
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7026
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10869
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7092
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7232