ТӨЛЕБИЛІК ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІНІҢ БҰЙЫМДАРЫНА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

ТӨЛЕБИЛІК ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІНІҢ БҰЙЫМДАРЫНА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ
Төлеби ауданы Кемеқалған ауылдық округінің тұрғыны Сабыр Есқараев ағаштан ою ойып, түйін түйіп, ата кәсібімізді кәсіпкерлікпен үйлестіріп келе жатқан шебер. Ол 22 жылдан бері ағаш өнімдерінен тұрмысқа қажетті бұйымдар жасайды. Бүгінде шебердің қолынан шыққан ыдыстар, астау, күбі, асхана бұйымдары халық арасында үлкен сұранысқа ие. Шебердің қолынан шыққан дүниелерге Қазақстан аумағы бойынша арнайы тапсырыс береді.
Сүйікті ісін кәсіп көзіне айналдырып, шәкірт тәрбиелеп, шеберлігін шыңдаудан жалықпаған кәсіпкер ұлттық қол өнерді жаңғыртуға кіріскен. Көнеден келе жатқан кәсіпті дамыту үшін ұлдарын тәжірибе алмасуға өзге облыстарға арнайы жіберген. Ағаштан бұйым жасауды ең алдымен домбыра жасаудан бастаған шебердің жасаған бұйымдары көздің жауын алады. Сабыр Есқараевтың шеберханасында ағаштан жасалған бұйымдардың түр-түрі бар. Сондай-ақ жылына 20 дана эпоксидті шайыр дайындайды.
Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев округ аумағына іссапары барысында шебердің қолынан шыққан бұйымдарды көріп, кәсібімен танысты. Он саусағынан өнері тамған шебермен тілдесіп, кәсіпкерлікті дамыту мақсатында мемлекеттен берілетін жеңілдетілген несиелер, субсидиялар жөнінде айтты.
Túrkistan oblysynyń ákimdigi
25.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5253
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5413
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20376
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19012
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22476