ТШО жергілікті өндірушімен тығыз байланыста

ТШО жергілікті өндірушімен  тығыз байланыста

Ел ішіндегі құндылықты дамыту және ірі мұнай-газ жобаларындағы жергілікті қамту үлесін арттыру мақсатында Астанада «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) мен отандық кәсіпорындар арасында бірқатар коммерциялық келісімдерге қол қою рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы (ҚР) Энергетика министрлігінің, «Мұнай-газ машина жасауды дамытудың халықаралық орталығы» қауымдастығының (ХМБО) өкілдері, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары қатысты.

ТШО Теңіз кен орнында өзіне қажетті жергілікті өнімдер мен қызметтердің кең спектрін қамтитын 13 жергілікті өндірушілермен және қызмет көрсетушілермен келісімшарттарға қол қойды. Келісімшарттардағы кейбір назар аударарлық позицияларға «Emerson Kazakhstan» жергілікті өндірілген қысым бергіштері, «Novus Sealing» тығыздағыштары, «Honeywell Kazakhstan»  компаниясының қазандыққа арналған бақылау жабдықтары, «Атырау НефтеМаштың» күкіртті балқытуға арналған резервуары және құбырлар, фланецтер мен фитингтерге арналған материалдары, «IPSS Caspian» бұрылмалы бітеуіштері, «Asia Filters» технологиялық сүзгілері, «Newtech Systems Group» дәнекерлеу жабындары, «Studbolt Manufacturing» шпилькалары мен сомындары, «Alageum» ЖШС қосалқы станциялары, «Centech» кабельдік науалары, «PSI Group» қашықтағы бақылау блоктары, сондай-ақ «Gradex» компаниясы орындаған азаматтық құрылыс/инфрақұрылымдық жұмыстары мен электр монтаждау жұмыстары / БӨА бойынша жұмыстары, «UnixStroy» компаниясы іске асыратын азаматтық құрылыс/инфрақұрылымдық жұмыстары жатады. 

«Теңіз – күрделі кен орны және өндірісті қауіпсіз басқаруды қамтамасыз ету үшін біз өзімізге де, жеткізушілерімізге де жоғары талаптар қоямыз», – деді «Теңізшевройл» ЖШС бас директорының орынбасары Көңілқош Сүйесінов. «ТШО сатып алатын тауарлар мен қызметтердегі қазақстандық қамтудың жалпы деңгейін 1993 жылғы 11%-бен салыстырғанда, 2023 жылы 71%-ға дейін жеткізуге септігін тигізген бұл ынтымақтастықты әрі қарай да жалғастыратынымыз сөзсіз».

Жоғары халықаралық стандарттарға сай келетін қазақстандық тауарлар нарығының тұрақты дамуы Теңізшевройлдың (ТШО) даму стратегиясының негізі болып табылады және Қазақстан экономикасына айтарлықтай пайда әкеледі. Кәсіпорында болашақта тауарларды сатып алу барысында қазақстандық қамтуды алдын ала жоспарлауды, жаңа жеткізушілердің өндірісті жергіліктендіру міндеттемелерін, қызметкерлер құрамын оқытуын, отандық тауарларды сатып алуды жүйелі бақылауды қамтитын өндірісті жергіліктендіруді ынталандыру жүйесі бар. Осындай шаралар арқасында 2023 жылдың өзінде ТШО қазақстандық кәсіпорындардан 4 миллиард АҚШ долларға тауар, жұмыстар және қызметтер сатып алды. Тауарлардың ішінде басым көпшілігі құрылыс материалдарды, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған тауарлар, дизельдік отын, химикаттар, контейнерлер мен орау материалдарын және т.б. сатып алуға жұмсалды. Жалпы алғанда, 1993 жылдан бері ТШО қазақстандық жеткізушілерден 48 миллиард АҚШ доллардан астам сомаға тауарлар мен қызметтерді сатып алды.

 

 

Раушан НАЙЗАБАЕВА
22.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 132
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 15
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 67
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 61
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 46
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 464
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 432
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 456
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 448
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 446
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 463
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 452
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 646

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9688
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9067
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12301
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10072
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11281