Түлектерге қолдау көрсетейік!

Түлектерге қолдау көрсетейік!

Мемлекеттік емтихан тапсырып, ата-ананың үмітін ақтап, жақсы оқу орнына түсу жайлы ойлар көп оқушыға үлкен салмақ салады. Елімізде емтиханнан құлап, өз-өзіне қол жұмсаған жасөспірімдер жетерлік. Мысалы 2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында мектеп түлегі ҰБТ-да 73 балл жинаған. Ал келесі күні оның асылып тұрған денесін жақындары тауып алған. 

 

– Бұл қыз байсалды, көңілді, жақсы отбасынан шыққан қыз еді. Тестілеуден соң  Гүлдана  сыртқа жақсы көңіл-күймен шықты. Қыздар бір-бірін құттықтап жатты. Оның жүзінде қорқыныштың да, уайымның да ізі болған жоқ. Неге бұндай қадамға барғанын білмеймін, – деді ОҚО Ордабасы ауданы «Жусансай» мектебінің психологы Динара Оразова. Бұл қайғылы оқиғаны тengrinews.kz  хабарлаған болатын. Күліп-ойнап жүрген балаларымыздың өміріне балта шауып жатқанын көру өте ауыр. Міне қыста болатын емтихан аяқталды. Тағы бір емтихан уақыты келе жатыр. Осыған орай оқушыға жан-жақты қолдау мен көмектің қажет екенін айта отырып, назарларыңызға психолог мамандардың кеңесін ұсынамыз.

Емтихан кезінде балаға қалай көмектесуге болады?

1. Емтихан барысында балаңыздың алатын бағасына көп алаңдамаңыз  және де сынақтан кейін балаңызға сөге қарамаңыз, сынамаңыз. Балаңызды емтихан кезінде алған бағасы оның бойындағы  қабілетінің өлшемі емес екендігіне сендіріңіз.

2. Емтихан тапсырар алдында балаңызды алаңдатпаңыз, бұл емтихан нәтижесіне теріс әсер етуі мүмкін. Балаңызды қолдап отырыңыз, әр жақсы жетістіктері үшін мақтап отырыңыз.

3. Балаңыздың өзіне деген сенімділігін жоғарылатыңыз. Себебі бала сәтсіздіктерден көбірек қорыққан сайын, қателерді көбірек жіберу мүмкіндігі соғұрлым артады. Балаңыздың көңіл-күйін қадағалаңыз, тек сіз ғана оның күйінің нашарлағанын жақсы сезіп, қалжыраудың алдын ала аласыз. Балаңыздың дайындалу тәртібін бақылаңыз, оның дайындалуы мен демалуы үйлесіп отыруы тиіс.

4. Балаңыздың емтиханға дайындалуына үйден қолайлы орын беріңіз, әсіресе, үйде ешкімнің бөгет болмауын қадағалаңыз. Дұрыс тамақтануына да назар аударыңыз: қарқынды ақыл-ой еңбегінде дәрумені көп тамақтың септігі мол.

Дидар ҚАЙРАТ
03.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 113
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 126
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 217
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 217
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 354
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 354
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 585
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 528

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9234
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8630
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11856
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9627
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10839