Түркі мәдениеті және мұрасы қоры тарапынан басып шығарған кітаптар Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасына табысталды

Түркі мәдениеті және мұрасы қоры тарапынан басып шығарған кітаптар Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасына табысталды

Қазақстан Республикасына ресми сапар аясында Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова ханым Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасына барып, ұйым шығарған кітаптарды сыйға тартты.

Сапар барысында Қор президенті, профессор Ақтоты Райымқұлова Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Күміс Сейітова ханыммен кездесті. Кездесу барысында кітапханалардың түркі әлемінің ортақ құндылықтарын сақтауда және оларды келер ұрпаққа жеткізуде айрықша рөл атқаратыны атап өтілді.

Ұлттық академиялық кітапхананың директоры Қор сыйға тартқан кітаптардың ғылыми қауымдастық пен оқырмандар үшін құнды рухани мұра екенін ерекше атап өтті.

Кездесу соңында тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға ниетті екендерін білдірді.

04.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23713
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23368
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 40104
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36835
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41034