ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Әлеуметтік нысан халықтың алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз ететін инфрақұрылымның бірден-бір бөлігі. Түркістан өңірі еліміздегі тұрғыны ең көп аймақ болғандықтан, бұл нысандардың жетіспеушілігін алдын алу мақсатында бірқатар жұмыстар қолға алынған. Бүгін осы бағытта Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен жиын өтті. Жауапты басқарма басшылары өз салалары бойынша баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары да мәжіліске қатысып, өзекті мәселелерді ортаға салды.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды әлеуметтік саланы ілгерілету бағытындағы жұмыстарын қолдап келеді. Денсаулық сақтау нысандарының жай-күйін баяндаған басқарма басшысы бүгінгі таңда 49 жобаның 48-не сараптаманың оң қорытындысы алынғанын атап өтті. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету обьектілерінің біразында құрылыс басталып кеткен. Оның ішінде 2 нысанға биыл ҚР Ұлттық қор есебінен, 25-нің құрылысына ҚР Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен қаржы қаралған. Ал 3 нысан «Ауыл – Ел бесігі» ұлттық жобасына ұсынылып отыр. 18-не биыл қаржы қарастыру үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде. 1 нысанның құрылысы жеке инвестор қаражаты есебінен қолға алынған. Қазіргі таңда 30 нысанның құрылысы жүргізілуде. 3-еуінде былтыр басталған. Жер учаскесі бойынша қиындықтар туындап, шешілді. Түзету жұмыстарына қарамастан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ шілде айының соңында 13 нысанның мемлекеттік сатып алу процесі арқылы мердігерлері белгілі болғанымен, техникалық қадағалаушы мекемелер анықталуда. 5 нысан бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Аталған барлық нысанды инжинерлік желілермен қамтамасыз ету жоспарланған.
Өңірде мемлекеттік 265 балабақша, 910 мектеп және 25 колледж бар. Мектептердің 753-і типтік, 157-і ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. Сондай-ақ 4 апатты білім ошағы тіркеліп, құрылысы басталған. Жыл соңына дейін 3 мектеп пайдалануға беріледі. 5 үш ауысымды мектепке қажетті қосымша ғимараттардың құрылысы жүргізіліп жатыр. Биыл сондай-ақ 321 білім мекемесінде жөндеу жұмыстары жүруде. Оның ішінде 106-сында жылу жүйесі табиғи газға ауыстырады. Құрылыстар «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде және облыстық бюджет есебінен жүзеге асырылып жатыр. Басым көпшілігінде жеңімпаздары ашық конкурс негізінде анықталып, өндірістік кестеге сәйкес тиісті жұмыстары жүргізілуде.
Жиын барысында әлеуметтік қызмет көрсету мекемелеріне қатысты да сауалдар талқыланып, алдағы міндеттер пысықталды. Бейсенбай Дәулетұлы ағымдағы, күрделі жөндеу жұмыстары мен жылу жүйесін табиғи газға ауыстыру жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес жүргізуді және құрылыс сапасын бақылауды тапсырды.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
08.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 244
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 240
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 742
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 865
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 778

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8935
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8329
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11557
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9314
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10541