Жетісай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесі орай ұйымдастырылған мерекелік шараға аудан әкімі Серік Мамытов қатысып, жаны нәзік болса да ерлермен иық тіресе саналы ғұмырын өңіріміздің өркендеуіне, тазалық жұмыстарының сақталуына арнаған жұмысшы мамандық иелерін мерекемен құттықтап, сый-сияпат жасады. Бір-бір әулеттің берекесі мен ұйытқысына айналып отырған аяулы жандарға ыстық лебізін білдірген аудан басшысы мерекелік гүл шоқтарын табыс етті.

