Үлескерлер мәселесін жаңа әкім біржола шешпекші

Үлескерлер мәселесін жаңа әкім біржола шешпекші

Астанадағы құрылысы ұзаққа созылған ТҮК мәселесі бас қаланың бас ауруына айналғалы жылдар өткені белгілі. Бұл турлы талай сот отырыстарына қатысып, үлескерден күрескерге айналған талай адамның жанайқайын газет бетінде көтеріп келдік. Заңсыздықтар мен өзге де былықтардың батпағына батып, жемқорлықтың ескерткішіндей болып тұрған құрылыстарда қоныс тойлары тойланбайынша, біздің де сынаудан тоқтамасымыз анық.

Елорданы Нұр-Сұлтан кезінде басқарып, содан соң Астана дегізіп барып орнынан кеткен Алтай Сейдірұлы Көлгіновтың үш жыл ішінде үлескерлер мәселесін жақсы шешіп кеткендігі туралы өткендегі бір жазбамызда айтып едік. 2019 жылы бас қалаға әкім болып тағайындалғаннан кейінгі уақытта баса назар аударған жұмыстарының бірі осы үлескерлер мәселесі болып еді. Осылайша дау қуалап жүрген 16 000 үлескердің саны 2000-ға түсіп еді. Бұл, әрине, құрылысы тоқтап тұрған немесе түрлі себептерге байланысты үлескерлерге пәтерлерін уағында бере алмай жүрген құрылыс компанияларымен қоян-қолтық жұмыс істеудің нәтижесі болатын. Одан бөлек Үкімет тарапынан да заң талаптары күшейіп, бұрынғыдай бетімен кетудің жолы тиылғалы бері іс едәуір алға басқаны белгілі.

Алтай Көлгіновтың сол дәстүрін жаңа әкім Жеңіс Қасымбек те жалғастыратын түрі бар. Өйткені пәтерлеріне қолдары жетпей жүрген 2000-нан астам адамның тілегі орындалуы керек. Бұл қарапайым есеппен қарастырсақ та кем дегенде 6000 адам баспанасын зарыға күтіп отыр деген сөз. Оған қоса былтырдан бері жалдамалы пәтерлердің бағасының шарықтап кеткендігін еске алыңыз. Сондықтан тұрғын үй кешендерінің жұмысын жіті назарда ұстау ең басты мәселелердің бірі дер едік.

Жеңіс Қасымбек жақында ғана өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында осындай жұмыстар туралы айта кетіпті. «Тұрғындармен, оның ішінде үлескерлермен тұрақты түрде кездесіп тұрамын. Құрылысы ұзаққа созылған бірқатар ғимаратқа бардым. Өздеріңізге мәлім, әр нысанның өткен тарихы әртүрлі, олардың құрылысы бірнеше жылдан бері бітпей келеді. Мәселен «Ақерке-2» тұрғын үй кешенінің тіпті іргетасы да болмаған еді, ал «Пана» тұрғын үй кешенінің құрылысы 8 жыл бұрын басталған. Осыған дейін әкімдік құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау бойынша үлкен жүйелі жұмыс жүргізген болатын. Дегенмен қалған нысандарды аяқтау міндеті де мойнымызда тұр. Бұл 30-дан астам тұрғын үй кешені, онда мыңдаған отбасы жылдар бойы баспанасын күтіп жүр. Құрылысы ұзаққа созылған әрбір нысанды аяқтау бойынша өзіндік жоспары бар. Биыл осы нысандарды аяқтауды тапсырдым. Қаланы аралау барысында донор-нысандардың құрылысымен таныстым. Олар ұзаққа созылған нысандардың құрылысын аяқтау үшін салынған қаражаттың қайтарымдылығын қамтамасыз етеді. Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың аяқталуы Мемлекет басшысының бақылауында», – деп жазды қала әкімі.

Алдағы уақытта жоғарыда сөз болған 30-дан астам тұрғын үй кешенінің жұмыстары толығымен аяқталады деп сенеміз. Егер құрылыс саласындағы алаяқтық пен жемқорлықтың тамырына балта шабылса, еліміздің өзге аймақтарына да бұл үлгі болары сөзсіз.

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
12.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 101
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 101
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 619
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 737
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 649
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 658

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8793
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8194
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11421
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9175
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10407