Ынтымақтастықты нығайтудың жыл сайынғы дәстүрі: Түркі мәдениеті және мұрасы қоры Кеңесінің III отырысы Бішкекте өтті

Ынтымақтастықты нығайтудың жыл сайынғы дәстүрі: Түркі мәдениеті және мұрасы қоры Кеңесінің III отырысы Бішкекте өтті

2026 жылғы 27 ақпанда Қырғыз Республикасының төрағалығымен Бішкек қаласындағы «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында Түркі мәдениеті және мұрасы қоры Кеңесінің ІІІ отырысы өтті.

Отырысқа Түркі мәдениеті және мұрасы қорының Президенті Ақтоты Райымқұлова, Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрі Мирбек Мамбеталиев, Өзбекстан Республикасының Мәдениет министрі Озодбек Назарбеков, Әзербайжан Республикасының Мәдениет министрінің орынбасары Саадат Юсифова, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов, Түркия Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мекин Мустафа Кемал Өкем, Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев, сондай-ақ түркі елдерінің өзге де мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.

Отырыста Кеңес мүшелері Қордың 2025 жылғы қызметі туралы есепті тыңдап, қолданыстағы жобалар мен бастамалардың іске асырылу барысын талқылады, сондай-ақ 2026–2027 жылдарға арналған жұмыс бағыттарының басымдықтарын айқындады.

Отырыс қорытындысы бойынша Кеңес мүшелері жоспарланған жобаларды жүйелі түрде жүзеге асыруға берік ұстанымын білдірді және алдағы кезеңге арналған негізгі басымдықтарды бекітті. Бұл бағыттар түркі елдері арасындағы мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, бірлескен халықаралық бастамаларды кеңейтуге, мәдени мұраны сақтау және жаһандық деңгейде ілгерілету саласындағы өзара іс-әрекетті күшейтуге, сондай-ақ түркі әлемінің біртұтас гуманитарлық кеңістігін нығайтуға бағытталған.

Айта кетейік, Қор кеңесінің алғашқы отырысы 2024 жылы Әзербайжан Республикасында, екінші отырысы 2025 жылы Қазақстан Республикасында өткен болатын. Үшінші отырыс Қырғыз Республикасында ұйымдастырылып, жыл сайынғы кездесу дәстүрін жалғастырды.

02.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23680
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23331
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 39983
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36805
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 40992