Жайылым тапшылығын шешу мүмкін бе?

Жайылым тапшылығын шешу мүмкін бе?

Өткен жылы Мәжілістің жалпы отырысында ауыл маңындағы жайылым тапшылығы мәселесі қалай шешілетінін айтқан  ҚР Ауылшаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров: «Заң жобасына енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтырулар мынадай: қазақстандықтарға және қазақстандық заңды тұлғаларға ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді 49 жылға дейінгі мерзімге жалға беру; жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау функцияларын әкімдіктерден Жер ресурстарын басқару комитетіне қайтару; ауылшаруашылығы жерлерінің нысаналы мақсатын «бағбандық» және «саяжай құрылысына» әкімдіктерден өзгертуге тыйым салу; халықтың мұқтажын қанағаттандыру мақсатында, жергілікті жағдайларды ескере отырып, жайылымдарды басқару жөніндегі жоспарларда, қажетті жайылым алқабының шекарасын айқындау;  ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді жекеменшікке беруге мораторийдің қолданылу мерзімін 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту.

Қазіргі заң  бойынша ауылдың маңындағы жайылым жерлер ауылдың малын бағу үшін бөлінетін болады. Бірақ малдың санына байланысты шекарасы белгіленеді. Егер ол жер бұрын біреуге жекеменшікке берілсе, онда оны бағалау жүргізіледі. Содан қайта сатып алынады. Сондай-ақ бұл жер жалда болса, онда дәл осындай алқаптағы жер басқа егістіктен беріледі. Инфрақұрылымдық шығындар тіркелсе (құдық немесе басқа нысандар), мұның барлығы бағаланып, шығыны қайтарылады. Менің ойымша, бұл  – жақсы шешім. Себебі, бүгінде мал бағатын жер телімі өзекті мәселе деңгейіне көтеріліп, қазіргі күні күн тәртібінде алғашқылардың бірі болып шешілуі тиіс проблема болып отыр», – деген еді. Министрлік өкілінің айтқандары қазіргі күні де күн тәртібінен түспей тұрған ең өзекті мәселенің бірі. Соның салдарынан елдің әр өңірінде жерге қатысты дау-дамай жиі орын алады. Жер үшін жаға жыртысып, тіпті ауыр қылмысқа барғандар да баршылық. Жауаптылардың жерді заң талаптарын бұза отырып кезексіз, тиісті құжаттарсыз бөлуі, мақсатын өзгертуі, сауда-саттықсыз беруі – жиі кездесетін жағдай. Заңсыздыққа жол бергенімен, жауапқа тартылмаған әкімдер де баршылық. Заңға сәйкес,  жайылымдық жерлерге қатысты талап-арыздар сотпен қанағаттандырылған жағдайда, жайылымдық жерлерге құжаттарды заңсыз қабылдаған мемлекеттік органдар лауазым иелерінің жауапкершілігі міндетті түрде қаралады. Бірақ, жуықта ғана мемлекет басшысы атап өткендей, келісімдерді рулық деңгейде шешу тәжірибесі әлі де тоқтамай келеді. 

Соның салдарынан  бүгіндері әлгіндей  заңсыз әрекеттердің зардабын тартып, әділдік іздеп жүрген шаруа аз емес. Малдарын қорада ұстауға мәжбүр болып отырған ауыл көп. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында жайылым мәселесіне қатысты айтқан сын ескертпелері мен нақты тапсырмалары ауыл тұрғындарының үмітін оятты. 

Жайылым мәселесі негізінен мал шаруашылығымен айналысатын өңірлерде жиі көтеріліп тұрады. Қайсыбір сарапшылар: «Ауыл маңындағы жайылым жерлерді баршаға ортақ жайылым ретінде ауыл әкімдігіне бекітіп берсе, ол өз құзыреті шеңберінде заңсыздыққа жол бермейді. Ауыл әкімі ортақ жайылым картасын сызып,  оны ауыл биі, белсенділермен бекітеді.  Ал, қазіргі Жер инспекциясы заңсыз берілген немесе мақсатсыз пайдаланылған жерлерді анықтап қайтару мақсатында өздігінше тексеру жүргізе алмайды. Ол үшін жер инспекциясына аудандық жер қатынастары бөлімінен, ауыл әкімшілігі немесе азаматтардан арыз хат түсуі тиіс. Мұның бәрі ұзақ уақыт алатын, нақты шешім қабылдануы дүдамалдау шаруа», – дейді. Бәлкім, бәрін өзімбілемдікпен іске асыратын жоғары лауазымды шенділер білікті мамандар мен сарапшылардың, қарапайым халықтың ескертпелері мен ұсыныстарына құлақ асып, дауға қатысы барлардың бәрінің талаптарын орындауға мұрындық болатын дұрыс шешім қабылдар. Қарапайым халықтың да, олардың мұң-мұқтажын жоғарыға жеткізуші БАҚ өкілдерінің де зарыға күткені осы. Президент салған түрткіден кейін өзекті мәселені шешу өлі нүктеден жылжып, өзінің шешімін табар деген ойдамыз. 

 

Ермек Сахариев
03.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 53
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 41
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 162
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 162
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 306
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 306
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 526
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 478

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9181
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8580
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11808
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9577
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10788